- •«Дәрілер технологиясы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Алматы, 2011
- •Жалпы мағлұмат:
- •2.Бағдарлама
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстары (осөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары (сөж)
- •2.8. Оқу және оқыту әдістері
- •2.9 Студенттердің білім бақылауын жүргізу жүйесі
- •2.10 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
2.3 Пәннің міндеттері:
химия-фармацевттік өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптеріне білім беру;
дәрілік түрлер өндірісіне инновациялық технологияларды жасап ендіруге үйрету;
дәрілік түрлерді даярлаудың теориялық негіздерін игеру және кәсіптік дағдылар мен тәлімдерді үйрету;
өндірісте шығарылатын дәрілік түрлер мен препараттарды сатылы бақылау және стандарттау әдістерін үйрету;
өндірісте шығарылатын дәрілік түрлерді биофармацевттік бағалауды үйрету;
дайын дәрілік түрлері технологиясын жетілдіру жолдарын үйрету;
фармацевттік өндіріс үшін жаңа көмекші заттарды іздестіруді және өндіріске енгізуді үйрету;
дайын дәрілік түрлердің, дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай өнімдердің және басқа фармацевттік өнімдердің тұрақтылығын анықтау және сақтау мерзімдерін белгілеуді үйрету.
Білім берудің қорытынды нәтижелері
Студент білуі керек:
кәсіптік міндеттерді орындау үшін анықтама және ғылыми фармацевтикалық әдебиеттер номенклатурасын;
өнеркәсіптік өндірісте жасалынатын дайын дәрілік түрлер, препараттар мен жартылай өнімдердің номенклатурасын;
химия-фармацевттік кәсіпорындар мен ірі фармацевтік өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін;
негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, құрал-жабдықтарды іске қосу және қолдану ережелерін;
өндірісте сатылы бақылау жүргізу және дәрілік препараттарды, дәрілік құралдарды стандарттау әдістері мен тәсілдерін;
дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін;
дәрілік препараттар мен дәрілік түрлерге және медициналық мақсатта қолданылатын құралдарға арналған орауыштар түрлерін және орауыш материалдарының номенклатурасын, оларға қойылатын негізгі және арнайы талаптарды;
дәрілік препараттардың және дайын дәрілік түрлердің тұрақтылығына сақтау жағдайлары мен орауыш түрінің әсерін;
дәрілерді тұрақтандыру және олардың әсерін ұзарту тәсілдерін;
жаңа дәрілік препараттарды іздестіру және жасап шығару саласындағы жетістіктерді;
еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария және қауіпсіздік техникасы ережелерін.
Студент үйреніп алуы қажет:
кәсіптік міндеттерді орындау үшін анықтама және ғылыми фармацевттік әдебиеттерді қолдануды;
өнеркәсіп жағдайында (химия-фармацевтік кәсіпорындар мен шағын фарма-цевтік өндірістерде) дайын дәрілік түрлер, дәрілік препараттар дайындауды;
дайын дәрілік түрлер, препараттар, субстанциялар, жартылай өнімдер және басқа фармацевтік өнімдер өндірісінде технологиялық есептеулер жүргізуді;
дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін анықтауды және жұмыс барысында ескеруді;
өндірісте сатылы бақылау жүргізуді және дәрілік препараттарды, дәрілік құралдарды, жартылай өнімдерді стандарттауды;
дәрілік препараттар, субстанциялар мен дәрілік жартылай өнімдердің тұрақтылығына сақтау жағдайы мен орауыш түрінің әсерін анықтауды;
дәрілік түрлер мен олардың технологиясын жетілдіру және жаңа технологияларды жасау
бойынша зерттеулер жүргізуді;
дәрілік құралдар, препараттар өндірісінде технологиялық процесстің тиімділігін анықтауды;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауды.
Студент машықтануы қажет:
фармацевттік кәсіпорындардың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және талдауды;
кәсіптік қызмет саласындағы ақпаратты, соның ішінде компьютерлік ақпаратты да жинақтау, өңдеу және сақтауды;
өнеркәсіптік өндірісте дәрілік препараттарды дайындауды;
заманауи технологиялық процестер мен аппараттарды қолдану арқылы дәрілік құралдардың құрамдарын және технологиясын жетілдіруді;
дәрілік құралдардың сапасын сатылы бақылауды жүргізуді ұйымдастару;
медициналық, медицина-әлеуметтік және жедел көмек көрсетуді;
салауатты өмір сүруді насихаттау, аурудың алдын алу шараларын жүргізуді.
2.5 Пререквизиттер: физикалық және коллоидты химия, математика, физика, органикалық химия, микробиология, фармацевтикалық химия, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацияны басқару мен экономикасы
2.6 Постреквизиттер: фармакогнозия.
Дәріс тақырыптары
Апта № |
№ р/с |
Дәріс тақырыптарының атаулары |
Өткізу формасы
|
Дәрістің ұзақтығы |
|
|
Кредит № 1 |
|
|
1 |
1 |
Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер өндірісін мемлекеттік нормалау. Дәрілік түрлердің жіктелуі. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
2 |
2 |
Қатты дәрілік түрлерді дәріханада дайындау. Жұмсақ дәрілік түрлер. |
Дәріс-көрме |
1 |
3 |
3 |
Сұйық дәрілік түрлер. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Кредит №2 |
|
|
4 |
4 |
Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің дамуы негізгі тенденциялары. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
5 |
5 |
Қатты денелерді және құрылысы клеткалы материалдарды майдалау (ұнтақтау). Елеу. Араластыру. |
Дәріс-көрме |
1 |
6 |
6 |
Жылу процестері. Жылу алмастырғыш аппараттар. Фармацевтикалық өндірісте буландыру. Буландырғыш аппараттар мен қондырғылар. Фармацевтикалық өндірісте кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Кредит №3 |
|
|
7 |
7 |
Экстракциялық препараттар. Құрылысы клеткалы капиллярлы-саңлаулы шикізатты экстракциялаудың негізгі заңдылықтары. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
8 |
8 |
Биологиялық белсенді заттарды экстракциялау әдістері. Аппаратура. |
Дәріс-көрме |
1 |
9 |
9 |
Тұндырмалар. Экстракттар. Максималды тазартылған фитопрепараттар. Жіктелуі. Өндірістің технологиялық схемасы. Тазарту тәсілдері. Номенклатурасы. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Кредит №4 |
|
|
10 |
10 |
Таблеткалар. Жіктелуі. Таблеттеудің теориялық негіздері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар, олардың жіктелуі, қолдану мақсаттары. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
11 |
11 |
Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы. Түйіршіктеудің мәні және тәсілдері. Түйіршіктің сапасын бағалау. Түйіршіктеу тәсілінің таблеткадағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсері. |
Дәріс-көрме |
1 |
12 |
12 |
Престеу. Тікелей престеу. Таблеттеуші машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принципі. |
Дәріс-көрме |
1 |
13 |
13 |
Таблеткаларды қабықшалармен қаптау. Қабықшалармен қаптаудың мақсаты. Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың тәсілдері. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
14 |
14 |
Медициналық капсулалар. Желатинді капсулаларды алудың технология-лық процесі. Қосымша заттар. Капсулалардың сапасын бағалау. |
Дәріс-көрме |
1 |
15 |
15 |
Дәрілерді тұрақтандыру және әсерін ұзарту проблемалары. Препараттардың (субстанциялардың) және дәрілік түрлердің микробтық контаминацияға тұрақтылығын арттыру. Дәрілік құралдарда қолдануға рұқсат етілген консерванттар. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Кредит №5 |
|
|
16 |
16 |
Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын шаншуға арналған дәрілік түрлер. Өндіру жағдайлары. Бөлмелер тазалығының кластары. GMP талаптары. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
17 |
17 |
Ампулаларды, флакондарды және шприц-тюбиктерді өндіруге арналған шыны және полимерлі материалдар. Ампулаларды жасау және оларды толтыруға дайындау. |
Дәріс-көрме |
1 |
18 |
18 |
Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту. Өндірістік жағдайда қолданылатын фильтрлеуші қондырғылар. |
Дәріс-көрме |
1 |
19 |
19 |
Ампулаларды ерітіндімен толтыру және дәнекерлеу тәсілдері. Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу. Ерітінділерді газдармен және су буымен қорғау |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
20 |
20 |
Ампулалардағы ерітінділер сапасын бағалау. Инфузиялық ерітінділер. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Кредит №6 |
|
|
21 |
21 |
Фармацевтикалық өндірісте суспензияларды, эмульсияларды, жағар майларды дайындау ерекшеліктері және олардың технологиясын жетілдіру. Аталған дәрілік түрлерде дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін қамтамасыз етуші факторлар. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
22 |
22 |
Ректальды дәрілік түрлердің өндірісі. Көмекші заттар. Суппозиторий-лердің сапасын бағалау. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Пластырлерді өндіру. Қышалар. Аэрозольдер. Пропеленттер. Препараттардың сапасын бағалау. |
Дәріс-көрме |
1 |
23 |
23 |
Кредит №7 |
|
|
24 |
24 |
Биотехнология туралы негізгі түсініктер. Биотехнология әдістері. Генді инженерия негізі. Генді инженерия әдістері және дәрілік препараттардың продуценттері. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
25 |
25 |
Жаңа дәрілік түрлерді жасауда фармацевтік технологияның жетістіктері. Жасына байланысты қолданылатын дәрілік түрлер. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Кредит №8 |
|
1 |
26 |
26 |
Биофармация дәрілер технологиясының негізгі теориялық бағыттарының бірі ретінде. Биофармацевтикалық терминдер. Дәрілік препараттардың терапевтік адекватсыздығы. Фармацевтикалық факторлар және дәрілердің терапевтік эффективтілігіне әсері (дәрілік заттардың физикалық және химиялық күйі). |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
27 |
27 |
Қосымша заттар және олардың дәрілердің терапевтік эффективтілігіне әсері. |
Дәріс-көрме |
1 |
28 |
28 |
Дәрілік түрдің және оны ағзаға енгізу жолының дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері. Технологиялық факторлардың дәрілердің биологиялық тиімділігіне әсері. |
Дәріс-пресс-конференция |
1 |
29 |
29 |
Дәрілік түрлердің биологиялық тиімділігі және оны анықтау әдістері. |
Дәріс-көрме |
1 |
30 |
30 |
Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы туралы негізгі түсініктер. Дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы. |
Дәріс-көрме |
1 |
|
|
Барлығы |
|
30 |
