
- •«Дәрілер технологиясы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Алматы, 2011
- •Жалпы мағлұмат:
- •2.Бағдарлама
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстары (осөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары (сөж)
- •2.8. Оқу және оқыту әдістері
- •2.9 Студенттердің білім бақылауын жүргізу жүйесі
- •2.10 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ФҰЭ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ |
«БЕКІТЕМІН»
оқу және әдістемелік жұмыстар бойынша
проректор, проф. Есенжанова Г.М. _______
«_______» ___________ 2011 ж.
«Дәрілер технологиясы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Мамандық: 051103 – «Фармация»
Курс - 5 |
семестр – 9-10 |
Дәрістер |
30 сағат |
Зертханналық (семинарлық) сабақ |
90 сағат |
Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы |
120 сағат
|
Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) |
120 сағат
|
Бақылау формасы |
Мемлекеттік емтихан |
Барлығы |
360 сағат |
Алматы, 2011
Дәрілер технологиясы пәні бойынша жұмыс бағдарламасы профессорлар Дильбарханов Р.Д., Байзолданов Т., Кияшев Д.К., доцент Устенова Г.О., аға оқытушы Қожанова Қ.Қ., оқытушылар Капсалямова Э.Н. 051103 – «Фармация» мамандығы студенттері үшін құрастырылды, бағдарлама кафедра отырысында талқыланды және бекітілді, хаттама № «______» ________ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор Ділбархан-ұлы
Жұмыс бағдарламасы «Фармация» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша Комитеттің отырысында талқыланып, бекітілді хаттама № « __ » ________ 2011 ж.
БББК төрайымы, доцент Саякова Ғ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесінде бекітілді
«___»__________ 2011 ж.
Төрайым, профессор Есенжанова Г.М.
Жалпы мағлұмат:
ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Кафедра: Дәрілік қалыптар технологиясы және ФҰЭ
Мамандық: 051103 - «Фармация»
Оқу сатысының көлемі - 360 сағат
Курс және оқу семестрі - 5 курс, 9-10 семестр
2.Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Дәрілер технологиясы басқа фармацевтикалық пәндермен бірге фармацевт мамандығын қалыптастыруда және бітірушілердің арнайы технологиялық дайындығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Оқу бағдарламасында келешектегі фармацевтикалық ғылым мен іс-тәжірибенің негізгі конценпциялары көрсетілген, сонымен бірге теориялық білімдерді және дағдыларды қазіргі іс-тәжірибелік фармацияға жақындату қажеттілігі дәйектелген.
Бағдарламада бастапқы шикізаттың тазалығына, экология жағдайларына Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) талаптарын енгізіп, дәрілік препараттардың өндірісіне қазіргі заманғы талаптар берілген, сонымен бірге дәріханалық және өнеркәсіптік өндіріс өнімінің технологиясын және сапасын нормалайтын нұсқаулар мен бұйрықтарға көңіл аударылған.
ҚР Мемлекеттік Реестріндегі дайын дәрілік препараттар номенклатурасының мезгілімен жаңартылуына байланысты кафедраларға дәрілердің жеке технологиясына өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беріледі.
2.2 Пәннің мақсаты: студентерді дайын дәрілік құралдар өндірісі бойынша теориялық білімдер мен іс-тәжірибелік дағдыларға үйрету.