- •Аминоқышқылдардың жіктелуі
- •Пептидтер
- •Пептид немесе протеин молекуласындағы аминоқышқылдар арасындағы химиялық байланыстар түрлері.
- •І. Пептидтік байланыс
- •Ковалентсіз байланыстар
- •Іі. Пептидтердің аталуы және жіктелуі
- •Пептидтердің жалпы сипаттамасы.
- •Пептидтердің биологиялық ролі.
- •Ііі. Протеиндер құрылымының ұйымдасуы және қасиеттері.
- •Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы.
- •Протеиндегі құрылымдық ұйымдасулар Төртінші реттік құрылым.
- •Протеиндердің физика-химиялық қасиеттері. Протеиндердің суда ерігіштігі.
- •Ерітіндідегі протеинді тұрақтандырушы факторлар.
- •Протеиннің денатурлануын жүргізуші факторлар
- •Физикалық факторлар.
- •Химиялық факторлар.
- •Денатурацияның қайтымдылығы
- •Протеиндердің жіктелуі.
- •Күрделі протеиндер:
- •Протеиндердің қызметтері.
Іі. Пептидтердің аталуы және жіктелуі
Пептидтік тізбекте бір бағыт және екі соңдар: N-соңы (бірінші аминоқышқылдағы альфа-азоттық топ) және С-соңы (соңғы аминоқышқылдағы альфа-карбоксилдік топ) болады. Пептидтер мен протеиндердегі аминоқышқылдар қалдықтары тізбекте кезектесіп орналасады. Қандай да бір пептидті атау үшін, оның құрамына кіретін аминоқышқылдарды (N-соңынан бастап) үш әріптік немесе бір әріптік коды бойынша атап шығады. Мысалы, пептидтік гормон ангиотензин ІІ келесі түрде белгіленеді: Asp-Аrg-Vаl-Туr-Ile-His-Pro-Phe .
Пептидтерді атау үшін алдыңғы аминоқышқылдардың атауындағы –ин соңдарын –ил өзгертеді, ал соңғы аминоқышқыл атауы қалпында қалады. Мысалы, тетрапептид Сер-Гли-Про-Ала келесі түрде оқылады - серилглицилпролилаланин.
Тізбекте қайталанатын —NH—CH(R)—CO— топ пептидтік негіз деп аталады. Полипептидтік тізбек қандай ұзындықта болса да оның пептидтік негізінде абсолютті бірдей құрылыстағы топ – ұзынша стержень түрінде болады. Осы стерженнен аминоқышқыл радикалдары бүйір бұтақтар тәрізді шығарылады. Радикалдар мөлшері мен түрлері бойынша протеиндер бір бірінен ерекшелінеді. Пептидтер мен протеиндердің құрамындағы аминоқышқылдар мономерлерін аминоқышқылдар қалдығы деп атайды.
Пептидтердің жалпы сипаттамасы.
Пептидтер – екі немесе бірнеше бір-бірімен пептидтік байланыстармен байланысқан АҚ қалдықтарынан тұратын заттар. 10-нан төмен мөлшердегі АҚ-дан тұратын пептидтер олигопептидтер, ал 10-нан жоғары болса полипептидтер деп аталады. Протеиндер мен пептидтердің бір-бірінен айырмашылығы – олардың поликонденсация коэффициенті мен молекулалық массасы бойынша айқындалады. Протеиндер мен пептидтердің шартты түрдегі бөліну шекарасы, бұл 6000 Да-дан жоғарылардың протеиндер деп аталуының қабылдануымен байланысты.
Сүтқоректілердің полипептидтері протеиногендік АҚ-дың альфа-аминтобы мен альфа-карбоксилдік топтары арасында түзілетін пептидтік байланыспен құралған. Бірақ кейбір полипептидтердің құрамында басқа да АҚ немесе протеиногендік АҚ-дың туындылары кездеседі. А типтік пептидке N-соңындағы глутамат және цистеин альфа-пептидтік байланыспен байланыспаған трипептид глутатион (гамма-глутамилцистеинилглицин) жатқызылады.
Пептидтердің биологиялық ролі.
Адамның көптеген маңызды гормондары пептид, мысалы, глюкагон, окситоцин, вазопрессин.
Асқорыту үдерісін реттеуші пептидтер, мысалы, гастрнин, холецистокинин.
Тамырлар тонусы мен артериялық қысымды реттеуші пептидтер, мысалы, ангиотензин ІІ, брадикинин.
Тәбетті реттеуші пептидтер, мысалы, лептин, β-эндорфиндер.
Ауырсынуды басу әсеріне қабілетті пептидтер, мысалы, опиодтық пептидтер (энкефалиндер, эндорфиндер).
Жоғары жүйке әрекетін реттеуге, ұйқы, есте сақтау, оқып үйрену және т.б. биохимиялық үдерістеріне қатысатын пептидтер.
Трипептид глутатионжасушаларды бос радикалдардың тотықтыру үдерістерінен сақтайды.
Биомедициналық маңызы. Пептидтерді дәрілік препараттар ретінде қолданылады, мысалы, кейбір антибиотиктер мен қатерлі ісікке қарсы препараттар пептидтер болып табылады.
Эндогендік протеиндердің ыдырауы процесінде орташа молекулалы пептидтер (ОМП) түзіледі. ОМП-ның негізгі бөлігі молекулалық массасы 300-5000 Да болатын полипептидтерден тұрады. ОМП-лар әртүрлі биологиялық активтілік көрсетуге қабілетті. Физиологиялық жағдайда, орташа молекулалы пептидтердің 95%-ы негізінен гломерулярлы сүзілдіру жолы арқылы шығарылады.
Бүйректің экскреттік қызметінің жетіспеушілігі және толық өтпеген гидролиз қан плазмасында ОМП концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Науқастың қансырауындағы орташа молекулалардың концентрациясы қалыпты жағдайда 8-10 есе артық болуы мүмкін.
ОМП-ның жиналып қалуы микроайналымның бұзылуына, сонымен бірге, натрий және калий иондарының мембрана арқылы тасымалдануының бұзылуына, ағзаның иммундық жауабының бұзылуына, кейбір ферменттердің активтілігінің басылуына әкеледі. Клиникалық практикада ОМП уланушылықтың (интоксикацияның) критерийі ретінде анықталады.
