Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zem_pr_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

1. Пәннің сипаттамасы

Жер Қазақстан Республикасының бірнеше құқық салаларының - конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасылық, қаржы, (салық), және аграрлық құқықтарының, тиісінше мемлекеттік шекара, мемлекет құрылымы, азаматтық мәміле жасау объектісі ретінде, ерлі-зайыптылардың жер учаскесіне меншігін бөлу, салық салудың және ауыл шаруашылық өндірістің және т.б. объектісі ретінде құқықтық реттеу пәнін құрайды.

Жердің біртұтастығы, оның атқаратын қызметінің көп салалығына қарамастан, жерге байланысты туындайтын барлық қатынастарды, жер-шаруашылық қатынастары ретінде қарастырлып, біртұтас және өзара байланысымды құқықтық реттеу қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар, жердің бір мезгілде табиғи ресурстардың: орманның, судың, өсімдіктердің және т.б. кеңістік базисін құрайтын ерекше қасиетіне байланысты, жер қатынастарын объектілердің орналасуының кеңістік базисінің аумағы ретінде құқықтық реттеу де жер құқығымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің жеке құқық саласы ретіндегі, жер құқығы деп-жерді табиғи ресурс және меншік және пайдалану құқығының объектісі ретінде пайдалану мен қорғау барысында, оны тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру мақсатында өндіріс және еңбек құралдарын қолдану және жердің құнарлығын арттыру кезінде, жер қатынастарының субъектілері өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында туындаған қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын атайды.

Курс

Се-

местр

Кредиттер

Аудиториялық сағаттар

Аудиторидан тыс сағ.

, са-

ғат

Бақылау түрі

ҚР

ECTS

ДС

ТС

ЗС

БОӨЖ

БӨЖ

2

4

2

3

15

15

-

30

6

54

60

90

емтихан

БАРЛЫҒЫ:

2

3

15

15

-

30

6

54

60

90

емтихан

Қысқартулар: ҚР – Қазақстан Республикасы; ECTS – Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі; ДС – дәрістік сабақтар; ТС – тәжірибелік (семинарлық) сабақтар; ЗС – зертханалық сабақтар; БОӨЖ – білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СБӨЖ – студенттің, МОӨЖ - магистранттың); БӨЖ - білім алушының өзіндік жұмысы.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты: Жер құқығы пәнін оқыту – ҚР-ғы заңдық білімнің маңызды құрамды бөлігі болып саналады. Конституциялық құқық шет елдердін негізгі конституциялық-құқықтық институттар туралы білім береді, студенттер жалпы кәсіби мәдениеті мен ой қабілетінің дамуына әсерін тигізеді, пәнді, оның ерекшелігін терең түсіндіру.

Студент «Жер құқығы» пәнін терең түсіну үшін мемлекеттік –құқықтық институттардың пайда болуы мен дамуы туралы жалпы сұрақтарды, саяси –құқықтық пікірлер мен жалпы теориялық бағыттарды білуі тиіс.

Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Жер құқығы пәнiнiң негiзгi теориялық жағдайларымен, ғылымымен студенттердi таныстыру;

2.Жер құқық нормалары мен жер құқық қатынастарын, жерді қорғау, пайдалану мәселелерін оқып үйрену;

3.Жерді пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтары, жер учаскелері жөніндегі сұрақтарды қарастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]