Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zem_pr_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

Пәнді оқытудың әдістемесі

Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі бұл оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап ететіндігі болып табылады.

Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді, әрі білікті тұлғасына тәуелді, өйткені бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан келесідей құзырлықтарды талап етеді:

- ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;

- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

- өзіндік пікір, идеялар, ұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

- социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;

- өмірге деген көзқарасын, ұсанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

- өздігінен үйрене білу, өз білімін әрқашанда дамытып отыру.

Егерде дәстүрлі білім беру өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігінен білім құрастыруды негізгі идея деп ұстанған инновациялық көзқарас үйренудің негізін тек пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интер-белсенді әдістер құрауы керек деп түсінеді. Ал интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы мағынаны береді: «inter» дегеніміз «өзара», «аct» дегеніміз «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер болып табылады.

Дәстүрлі оқытуда басты мақсат нәтиже болып, ұстаз өзінің барлық күшін үйретуге бағыттайды. Интербелсенді әдісті қолдануда оқытудың нәтижелілігі бірінші орынға қойылады және бұл ақпаратпен байланыстырылады. Үйрету процесі білім алушыға ақпарат беруге бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыз етумен шектеледі. Интербелсенді оқыту процесінде басты назарды білім алушылардың өздеріне қажеттіні қандай әдіспен және қалай алатындығын үйретуге аударады. Бұнда сабаққа білім алушылар алдын ала дайындықпен келеді. Сабақ барысында олар тақырыпқа қатысты өз пікірлері мен білімдерін келтіріп, одан әрі дәлелдеу жүйесін құрады, өзгеше пікірлерді тыңдап талдау жасайды.

Интербелсенді оқыту барысында білім алушылар өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарастарын дәлелдей білуге, пікірталас жүргізуге, өзгелерді тыңдай білуге үйренеді.

Интербелсенді оқытудың жоғары оқу орындарында келесі түрлерін қолдану тиімді болып табылады: бірлескен жұмыстар, жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары, рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар, ақпараттардың әртүрлі көздерімен, атап айтқанда: лекция, кітап, интернет, құжаттар, мұрағат материалдарымен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар, кейс-стади, презентациялар, компьютерлік оқыту бағдарламалары, тренингтер, интервью, сауалнамалар. Интербелсенді оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан бірлескен топтық жұмыстың маңыздылығын айтып өту керек. Бұл білім алушылардың өзін өзі тану және басқа адамдарды тану құралы болып табылады.

Жоғары оқу орындарында оқу әдістемесін зерттеуші ғалым С. Мирсейітова жоғары оқу орындарындағы сабақтың құрылымын негізгі келесідей бөліктерге бөледі: мотивация кезеңі, білімді құрастыру кезеңі және өзіндік түсінікті дамыту кезеңі. Мотивация кезеңінің негізгі мақсаттарын студент өміріне тікелей қатысы бар нақты проблеманы ұсынады, студенттердің аталмыш проблема бойынша алдыңғы білімдерін анықтау құрайды. Білімді құрастыру кезеңінің мақсаттарын оқу және зерттеу үшін қажетті құралдар мен тәсілдерді қолдану, топтық ізденісті ұйымдастыру, жоба әдісін қолдану, ізденіс әдісін қолдау, материалды зерттеу, бұрыннан таныс және жаңа білімді айқындау, сұрақтар қойып өзара байланыстарын анықтау, қарым-қатынасты қолдау, жұп пен топ ішінде әңгімелесу, диалогтық ізденіс, топ ішінде талқылау құрайды. Өзіндік түсінікті дамыту кезеңінің мақсаттарын нәтижелерді топтың жазбаша түрде баяндауын қолдау, топтық презентацияларды қолдау, жоба әдісінің қорытынды кезеңін қолдану, студенттерге өз білімдерін жаңа ситуацияларда қолдануға мүмкіншілік беру құрайды.

Заңгердің кәсіптік этикасы пәнін оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану тиімділігі жоғары. Интербелсенді әдістердің ішінде пәннің ерекшелігіне сәйкес өте тиімді нәтижелілікке қол жеткізеін бірнеше түрлерін жекелеп алуға болады. Атап айтқанда: бірлескен жұмыстар, рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар, ақпараттардың әртүрлі көздерімен, атап айтқанда: интернет, құжаттармен жұмыс жасау, презентациялар және интербелсенді лекция, соның ішінде, лекция-конференция.

Интербелсенді лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді. Интербелсенді лекция студенттердің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде өзіндік пікірлері мен көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім құрастырады.

Интербелсенді лекцияның бірнешелеген түрлері бар: проблемалық лекция, пікірталас лекция, конференция лекция, лекция консультация, лекция пресс-конференция, сұрақ-жауап-пікірталас лекция, сұрақ -жауап –талдау лекциясы, қатені түзету лекциясы, екі оқытушының лекциясы.

Заңгердің кәсіптік этикасы пәнін оқытуда лекция консультация әдісінің тиімділігі өте жоғары. Лекция консультацияда сабақ конференция түрінде ұйымдастырылады. Консультация талқылау, кеңесу, жәрдемдесу, кеңес беру деген ұғымдарды білдіретіндіктен лекция да осы бағытта жүргізіледі.

Лекция консультация студенттерге тек жаңа ақпарат пен проблема шешудің жолдарын ұсынып қана қоймай, сонымен қатар оларды игеруде туындаған мәселелер мен қиындықтар өңірегінде студенттердің жеке танымдық тәжірибесі тұрғысынан ұйымдастырылады. Лекция консультацияда басты назар теориялық және практикалық тұрғыдан күрделі мәселелерге аударылады.

Студент тарапынан қиын сұрақ туындағанда оқытушы жауап беруге асықпай оны шешуге басқа студенттерді қатыстырғаны жөн. Мәселе мұнда студентті ізденіске ынталандырып нәтижеге жететін бағытты меңзеп жол сілтеуде. Бұл әдіс студенттің өз бетінше ізденіске бағыттап, өзге де ақпарат көздерінен мәліметтер жинап ортақ талқылауға салуға, өзіндік жеке пікір қалыптастырып өз тұжырымын дәлелдей білуге үйретуде өте тиімді болып келеді.

Заңгердің кәсіптік этикасы пәнінің жекелеген тақырыптарына қатысты әдістерді қолданудың тиімділігіне қатысты мысал келтіріп көрелік.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы» тақырыбын аталған лекция консультация әдісі арқылы өткізіп көрсек. Сабақ конференция түрінде ұйымдастырылады. Алдын ала студенттерді негізгі үш топқа бөлеміз. Сабақ тақырыбы конференция тақырыбы ретінде бекітіледі. Бөлінген үш топ үш секция ретінде қарастырылады. Әр топ студенттері ішінен секцияның модераторы тағайындалады. Әр секцияға өз бағыттары бөлініп беріледі. Аталмыш тақырыпқа қатысты бірінші секция «Қазіргі әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын маңызы» тақырыбында, екінші секция «Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелері.», үшінші секция «Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі және көмекші органдары» тақырыптары бойынша дайындалады. Әр секцияның модераторы берілген тақырыпқа қатысты топ студенттерімен бірлесе отырып талқыланатын мәселелерді, яғни баяндамалар тақырыптарын анықтайды. Бұдан соң секцияның жұмыс жоспарын дайындайды, яғни жоспар буклет түрінде дайындалады.

Сабақ барысында оқытушы сабақты бастап, тақырып бойынша мақсатты айқындайды. Бұнда оқытушы конференцияның ашылуындағы негізгі баяндамашы ретінде танылады. Ары қарай сабақ секциялардың жұмысы ретінде жалғасады. Кезектері бойынша секциялар жұмыстарын бастайды. Секция жұмыстарын модераторлар жүргізеді. Әрбір баяндамашының уақыт регламентін сақтауын модераторлар қадағалап отырады. Осылайша сабақ үш секцияның жұмысы негізінде баяндамашылардың дайындап келген материалдарын ортақ талқылау, пікірталас, сұрақтар қою, өз тұжырымдарын дәлелдеу негізінде өткізіледі. Сабақ соңы оқытушының қорытындылауымен аяқталуға тиіс. Бұл әдісті қолдану студенттердің топтық жұмыс жасауын, өзіндік жеке ізденістерін дамытуын, өз тұжырымдарын жасау, сұрақ қоя білу, өз пікірлерін дәлелдей алу, уақыт тәртібіне бағыну, өзгелерді тыңдай білу және өзгенің пікірімен санаса білу, ең бастысы жауапкершілік ала білуге деген көзқарастарын қалыптастырып дамытуға үлкен ықпал етеді. Бұл сабақ барысында негізгі құрылымдық бөлшектер, яғни мотивация, білімді құрастыру және өзіндік түсінікті дамыту өз функцияларын толықтай атқарады.

Пәнді оқытудағы тағы бір өте тиімді әдіс рөлдік немесе іскерлік ойындар әдісі. «Еңбек тәртібі» тақырыбын талқылауда осы әдістерді қолдану арқылы студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру тиімділігі жоғарылайды. Тапсырма алдын ала беріледі. Бұл үшін студенттерді қажетінше бірнеше топқа бөлеміз. Әрбір топ белгілі бір ұжым мүшелері ретінде қарастырылады. Әр топ өз қалауларынша қандай да бір мекеме құрады. Осы мекенің құқықтық қызметін жүргізуге және ондағы ұжымның еңбектік құқықтық қатынастарын реттеуге қажетті барлық құжаттардың үлгісін, яғни макетін жасақтайды. Бұл құжаттар мекеменің жарғысы, ішкі еңбек тәртібі, лауазымдық нұсқаулықтар, штаттық кесте, еңбек шарты, ұжымдық шарт сияқты құжаттар жасалады. Бұл арқылы студенттер аталмыш құжаттардың құрылымы мен жасалу тәртібін, оларды практикада қолдану ерекшеліктерін ажыратып, кездестін кемшіліктер мен кедергілерге қатысты өз пікірлерін білдіре алуға машықтанады.

Топпен жұмыс жасау әдісін көбінесе жекелеген заңнамалармен тығыз байланысты тақырыптарды талқылауда қолдануға болады. Бұл әдістің негізгі мақсаты студенттің топпен бірге жұмыс жасай алуы. Сондықтан да осы мақсатты басшылыққа ала отырып, әдісті түрлендіріп топ студенттерінің деңгейіне қарай қолдануға болады. Мысалы, «Халықаралық ұйымдар», «Біріккен Ұлттар Ұйымы», «Мемлекеттің сыртқы органдары» бойынша топ студенттерін үш топқа бөлеміз. Топ студент тері арасынан бір студентті БҰҰ Бас Хатшы ретінде тағайындаймыз. Бір топ БҰҰ мүшелері, қалған екі топ халықаралық қауіпсіздік бойынша жұмыс тобы ретінде қарастырылады. Сабақ форум отырысы түрінде өтеді. Алдын ала дайындықпен келеген екі топ өздеріне берілген заңнамаларға қатысты тұжырымдарын дәлелдейді, яғни бұл заңнаманың қазіргі уақыттағы жүзеге асу деңгейі, кемшін тұстары мен жетіспеушіліктері және жаңадан енгізілетін өзгерістерін ортаға салып талқылайды. Біріккен Ұлттар Ұйым мүшелері де арнайы дайындықпен бекітілген заңнаманы алдын ала зерттеп келгендіктен ұсынылған өзгерістерді қабылдау немесе қабылдамауға қатысты тұжырымдарын білдіріп дәлелдейді. Бас Хатшы міндеті форум отырысын жүргізіп, регламентті қадағалау және ұсыныстардың қабылдану не қабылданбауына қатысты мәселені дауысқа салу, қорытындысын жариялау. Сабақ соңында оқытушы топ мүшелерінің еңбектеріне қатысты талдау жасап қорытынды береді. Бұл әдіс студенттердің топпен бірігіп зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізуге, заңнаманы талқылауда түйінді тұжырымдар жасай білуге, өз пікірлерін, ойларын ашық, нақты жеткізе білуге, сөйлеу шешендігін дамытуға машықтандырады. Сонымен қатар пәнді оқытуда пікірталас әдістерін қолданудың да тиімділігі мен қол жеткізер нәтижесі жоғары. Жалпы алғанда жоғары оқу орындарында оқытуда интербелсенді әдістердің қайсысын қолдансақ та сабақ құрылымының негізгі үш кезеңінің басты мақсаттарына сай әрекет етіп, сабақты ұйымдастыра білудің тиімділігі де маңызы да зор болмақ.

«Заңгердің кәсіби этикасы» кәсіби салалық пәндердің бірі сияқты, құқықтың және құқықтың сипаттары әртүрлі нормалардың жиынтығын көрсетеді, қоғамдау қатынасының ерекше табысын реттейтін, әр-түрлі маман өкілдерінің кәсіби қызметін атқарудағы – сот, адвокат, құқық қорғау және құқық қолдану органдары бизнес-заңгерлер т.б жүзеге асырады. Олар, әр-түрлі заң мамандығына ие болғандықтан өзінің қызметінде тек қана кәсіби лауазым қызмет нормаларымен реттемейді, сонымен бірге кәсіби этика нормаларыменнен де. Бұл нормалар, ережеге сәйкес, арнайы актілерде сипатталған, көп жағдайда локальді корпоративтік сипатқа ие, мысалға, Сот этика кодексі; полиция қызметкерлерінің ар-намыс кодексі; кеден органы қызметкерінің ар-намыс Кодексі және т.б. Тек осыларда мораль, заң мамандығына дайындалған этикалық сипаттағы талаптар мазмұндалады, осы талаптарға орындауға бағытталған әрекет тәртібі бекітіледі, оларды бұзу үшін жауаптылық шара көзделеді. Жария сипаттағы заң қызметтік орында жүрген тұлғаларға, бұл қызметті кәсіптік және мораль тұрғыдан орындау үшін арнайы этикалық талаптар дайындалып, бекітіліп және толығымен сақталуы керек. Осы нормалдарды дайындау және қабылдау күрделі процесс, оның нәтижесінде мораль және құқықтық күрделі конгламерат нормаларының негізінде көрсетілітін әрекет тәртібі қалыптасуы міндет. Олардың мазмұнына әртүрлі өкілдері үшін ерекше сиптақа ие көптеген заң қызметінің әр түрлілігіде ықпал ететіндігі сөзсіз. Бүгін әрбір заң қызметі үшін сәйкесінше қалыптасу кезеңінде болып тұр, мысалы, мемлекеттік қызметкелер үшін немесе судья үшін этикалық сипаттағы арнайы талаптар нормалары мораль кейіптегі заңгерді қалыптастыруға бағытталған нормалар құрастырылып шықты деседе болады. Олардың бір бөлігі кәсіби әрекеті, лауазым міндеттері мазмұнына кіретін нормативті-құқықтық сипатқа ие және осындай актілермен реттелінеді, мысал ретінде ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы; ҚР сот орындаушылардың мәртебесі және атқару өндірісі туралы» «Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» және т.б. ал басқа бөлігі этикалық сипаттағы тікелей талаптарды мазмұндайтын локальді корпаративтік актілермен реттелді.

«Заңгердің кәсіби этикасы» оқу пәнінің құрылымы, белгілі бір маман түрінің әрекетін реттейтінін заңдылығын, ерекше қасиет пен сипаттын анықтауға арналған, оларды ең біріншіден, кәсіби заң қызметі біріктіреді, сонымен бірге этикаллық талаптарды құқықтық реттеуіне ерекше көңіл бөледі, өйткені құқық ерекше реттеу құралы ретінде адамзат іс әрекетінің әр түрін басқару мен ұйымдастырудың ғасырлар бойы өңделген әмбебап құралдарына ие. Заңгердің кәсіби қызметі мен этикасын реттеу көптеген мәселелерге толы екендігіне көңіл бөлу керек, оларды шешуде құқыққа ерекшелік білдіру қажет, дегенмен мораль, әлеуметтік, діни нормалар, әдет-ғұрыптар және т.б. роліне кемдік көрсетуге болмайды. Әр суъбектінің кәсіби заң қызметін, өзінің құқыққа, заңға, қоғамға, мемлекетке қызмет етуінің жоғары арналуын сезінбеуі азаматтың елеулі қызмет нәтижесіне жетуіне мүмкін бермейді. Оның жүзеге асырылуы мәжбүрсіз болуы, борыштық сезімінің күшімен, жоғары моральды жауапкершіліктің негізінде кәсіби әрекеті, кәсіби этикасы шынымен қалыптасады. Кәсіби этикалық нормаларының теория және практикада қолданылуы болашақ заңгерлерді дайындауда елеулі құрал болуға арналған, олардың қызметі азаматтардың және заңды тұлғалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру заң мамандығына ие барлық санаттардың жұмысында кәсіптілікті талап етеді.

Студенттер оқу пәнінде мынамен танысады:

- мораль негізгі қағидаларымен, оның қызметі мен құрылымымен;

- мораль пен құқықтық арақатынасы, олардың тығыз байланыстылығы;

- қоғамдық өмірдің реттеу жүйесінің өзара байланыс және өзара сіңісіп кетуіне мораль пен құқықтың қажет екендігін түсіну;

-моральды зерттеуші философиялық ғылым ретінде этиканың маңызы және орнын түсіну;

- этика категориялары, оның қатарында теориялық және практикалық қатынаста маңыздылары жақсылық пен жамандық, әділеттілік, борыш, ар-ұят, жауапкершілік, намыс және абырой, қайырымдылық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]