
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені «kr ZhK 3215 қазақстан республикасының жер құқығы»
- •Типтік оқу бағдарламасы типтік оқу бағдарламасы
- •Қазақстан республикасының жер құқығы
- •050301 «Заңтану»
- •Алғашқы рет енгізілген.
- •Мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі Методикалық көрсеткіштер
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Силлабус
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындап тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылған картасы
- •9. Эумкд
- •10. Лекционный комплекс
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •6.Дәрістік кешен (дәрістердің тезистері, көрнекілік және тарату материалдар, пайдаланған әдебиеттер) «Қазақстан Республикасының Жер құқығы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •2.Жер құқығының әдiстерi және жүйесi.
- •3.Жер құқығы – ғылым және оқу пәнi ретiнде.
- •1. Қр Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
- •2. Қр Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.
- •1.Жер құқығының қағидалары.
- •2.Жер құқығы қайнар көздерінің ұғымы мен жүйесі.
- •3.Қазақстан Республикасының Жер кодексі қайнар көзі ретінде.
- •1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері.
- •2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының мазмұны.
- •3. Жер мен жер учаскелеріне меншік құқығының субъектілері.
- •1.Жер пайдалану құқығының түсінігі және мазмұны.
- •2.Жер пайдалану құқығының түрлері.
- •3.Жер пайдалану құқығының субъектілері.
- •1. Жерге ақы төлеу негіздері.
- •2. Жер учаскесін тегін берудің негіздері.
- •3.Тұрақты және уақытша пайдаланудағы, арендадағы жер учаскелеріне ақы төлеу.
- •1. Қр жер қорының түсінігі мен құрамы.
- •2.Жер қорын мемлекеттік басқарудың түсінігі.
- •3.Жерді қорғаудың мақсаттары, міндеттері, тәртібі және мазмұны.
- •1. Жерге орналастыру ұғымы мен міндеті.
- •2. Жер мониторингі ұғымы мен мазмұны, жүргізу.
- •3. Жер кадастры ұғымы мен мазмұны.
- •Жерге орналастырудың құрамы
- •Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадастр жүйесі
- •Жер кадастры құжаттамасы
- •1.Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық ұғымы және түрлері.
- •2. Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері.
- •3.Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық түрлері.
- •Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері
- •1. Қр Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
- •2. Қр Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.
- •1.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
- •2.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамы және жерлерді басқару.
- •3.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.
- •1. Елді мекен жерлерінің түсінігі мен құрамы.
- •2. Елді мекен жерлерін басқару.
- •3. Елді мекен жерлерін пайдалану.
- •1. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібінің түсінігі мен ерекшеліктері.
- •2. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерін пайдалану ерекшеліктері.
- •3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерін басқа мақсаттарға уақытша пайдалану тәртібі.
- •1.Ерекше қоғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі, ерекшелігі және құқықтық тәртібі.
- •2.Мемлекеттік табиғи қорықтардың жерлерінің құқықтық тәртібі.
- •3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің күзет және өзге де қорғаныш аймақтарының мақсатты пайдалануы мен құқықтық жағдайы.
- •1. Орман қоры жерлерінің түсінігі мен құрамы.
- •2. Орман қоры жерлерін пайдалану.
- •3. Орман қоры жерлерін басқару.
- •1. Су қоры жерлерінің түсінігі мен құрамы.
- •2. Су қоры жерлеріне меншік құқығы.
- •3. Су қоры жерлерін басқару.
- •7.Семинар (практикалық сабақтардың) жоспары
- •Пәнді оқытудың әдістемесі
- •Тәжірибе сабақтарының мазмұны
- •Студенттің білімін тексеру үшін есептер жинағы:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Нормативтік-құқықтық актілер
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •Рефераттар тақырыптары
- •11.Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибені өту пән бойынша оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі (пәннің мазмұнына байланысты)
- •14.Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
1. Елді мекен жерлерінің түсінігі мен құрамы.
2. Елді мекен жерлерін басқару.
3. Елді мекен жерлерін пайдалану.
Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi. Елдi мекендер жерiнiң құрамына: құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жерлер кіреді. Жер учаскелерiн елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақ пайдаланудағы жердiң құрамынан шығаруды өз құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу мен өзгерту жерге орналастырудың, сәулет және қала құрылысының тиiстi органдары бiрлесiп жасаған ұсыныс бойынша белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы негiзiнде жүргiзiледi. Республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының шекарасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi және өзгертедi. Облыстық маңызы бар қалалардың шекарасы Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiм бойынша облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi. Аудандық маңызы бар қалалардың шекарасы облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi. Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмiмен белгiленедi және өзгертiледi. Жep учаскелерiн қала, кент, село шегiне қосу осы учаскелерге меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды. Қалалардың, кенттердiң, селолық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады. Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елдi мекендерде белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елдi мекендi дамыту мен онда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасымен жердi пайдалануға жол берiледi. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, жеңiл үлгiдегi құрылыстарды (caудa жасайтын шатырларды, киоскiлердi, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыруы үшiн уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның iшiнде базарлар, ақылы автотұрақтар орналастыруы үшiн жол (көше, өтпелi жолдар) жиегiнен учаскелер беруге жол берiлмейдi. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi жеке меншiкке оларды ортақ пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн. Зираттар орналасқан және соларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесi тегiн бөлiнедi. Қала маңындағы аймақтар жерiнiң құрамына қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегiнен тыс жер қосылуы мүмкін. Қала маңындағы аймақтарда қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамыту, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарын (қаланы дамытуға, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегi аумақтарды), қорғау әрi санитарлық-гигиеналық қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, opмaн парктерi және басқа да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгiлей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады. Қалалардың қала маңы аймақтарының мөлшерi мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың бiрлесiп жасаған ұсынысы бойынша осы қалалардың бас жоспарларын бекiтетiн мемлекеттiк органдар белгiлейдi және өзгертедi. Жердi қала маңы аймағына қосу бұл жерге меншiк құқығы мен оны пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соқпайды. Қала маңы аймағына енгiзiлген жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қала маңы аймағын белгiлеген орган айқындайды. Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн аумағы қала маңы аймағына қосылған тиiстi облыстық атқарушы органдармен келiсiлген, аталған қалалардың атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Елді мекен жерлерінің қоныстану шегін белгілеу мен өзгерту тәртібі.
2. Қала жерлерінің жеке санаттарын пайдаланудың ерекшеліктері.
3. Қала маңы аймақтарының жерлерінің түсінігі және құқықтық тәртібі.
4. Елді мекен жер учаскелерін беру мен алудың құқықтық тәртібінің ерекшеліктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. Алматы, 1995.
Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушение. Алматы, 1993.
Байсалов С.Б., Бектурганов А.Е. Землю защищает закон // Финансы Казахстана. 1996.
12-тақырып. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі
Дәріс сабағының мақсаты: Бұл дәріс сабағының ерекшелігі өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі туралы түсінік беру, ерекшеліктерін қарастыру, жер кодексі бойынша берілу тәртібін қарастыру. Студенттерге мысалдар түрінде түсіндіру.