Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zem_pr_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

1. Жерге орналастыру ұғымы мен міндеті.

2. Жер мониторингі ұғымы мен мазмұны, жүргізу.

3. Жер кадастры ұғымы мен мазмұны.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады. ҚР Жер кодексі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыруды жүргізудің жалпы міндеттерін, мазмұнын және тәртібін белгілеген. Жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. ҚР Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінін орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат енгізіледі. ҚР Жер кодексі суармалы жерлердің мелиоративтік кадастрын да қарастырады, аталған кадастр суармалы жер учаскелерінің мелиоративтік жай-күйі туралы, олардың сапалық сипаттамаларын табиғи және шаруашылық жағдайлар бойынша бағалау туралы, оларды пайдалануды есепке алу туралы мәліметтердің жүйесін білдіреді. Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі. Жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтініші бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады. Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.

Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық (бастапқы), жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады. Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келісімдері мен шарттарында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердің ғаламдық мониторингі бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкін. Жерге меншік нысандарына, жердің нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының жері жер мониторингінің объектісі болып табылады. Жер мониторингінің міндеттері болып мыналар табылады: жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау. болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, әсерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету. Жер мониторингінің жердін санаттарына сәйкес келетін ішкі жүйелері болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер мониторингі жүзеге асырылады. Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасаскан келісімдері мен шарттарында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпаратты алу үшін қашықтықтан зерделеу, жер бетін суретке түсіру және бақылау әдістері, сондай-ақ қор деректері қолданылады. Жер мониторингінің мазмұнын жерлердің жағдайын жүйелі түрде бақылау (жер бетін суретке түсіру, зерттеу және іздестіру жұмыстары), оларда орын алып жатқан жағдайларды анықтау және оларды бағалау және келесі жағдайларды болжау құрайды.

ҚР Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. ҚР Жер кодексі суармалы жерлердің мелиоративтік кадастрын да қарастырады, аталған кадастр суармалы жер учаскелерінің мелиоративтік жай-күйі туралы, олардың сапалық сипаттамаларын табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлар бойынша бағалау туралы, оларды пайдалануды есепке алу туралы мәліметтердің жүйесін білдіреді. Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограметриялық, кадастрлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникаалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу. Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады. Жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады. Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды: жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды; жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды; мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды; жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды; жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді; жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді; Жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын тіркеу мақсатында есепке алу меншік құқығын және басқа да ұсыныстарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады. Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу жұмыстар жүргізу тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жер-кадастр кұжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде мыналарды қамтиды: жер-кадастр істері; жер-кадастр кітабы; жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі; жер-кадастр карталары. Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді. Мемлекеттік жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]