Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zem_pr_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері.

2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының мазмұны.

3. Жер мен жер учаскелеріне меншік құқығының субъектілері.

Қазақстан Республикасы жерге меншік иесінің құқықтары жер меншік құқығының аталған мазмұнымен шектелмейді. Қазақстан Республикасында мемлекет жерге рента құқығының иеленіп, мемлекеттік билік арқылы бүкіл мемлекет аумағында жердің иелік ету, пайдалану және билік ету тәртібін бекітеді. Егер де мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету ҚР Жер кодексімен реттелетін болса, ал жерге қатысты реттелетін қатынастар ҚР Жер кодексімен қоса, ҚР 2001 жылғы 12-маусымдағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңымен (Салық кодексі) реттеледі. Меншік пен жер пайдаланудың нысанына қарамастан жерді иеленудің, пайдаланудың және билік етудің жалпы ережелерін мемлекет; ҚР Жер кодексі және басқа да заң шығарушы актілер, соның ішінде, «Жер құқығының қайнар көздері» тарауында аталған ҚР заң шығарушы актілері анықтайды. Мемлекеттің мұндай жалпы өкілеттіктерін мемлекеттің жер қорын басқару, соның ішінде, ҚР жер қорын мемлекеттік реттеу өкілеттіктерінің қатарынан қарастыруға болады. ҚР Жер кодексінің 27-бабына сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері: жеке меншікке сатылуы немесе ақысыз берілуі; тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі. Бұлардың барлығы мемлекеттің билік жүргізу функциялары болып табылады. ҚР Жер кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын ҚР ЖК 19 баптарында, ҚР Жер кодексінде меншік құқығындағы жер учаскесін табыстау тәртібі туралы арнайы бап жоқ, дегенмен, ҚР Жер кодексінің 22-бабынын 1-тармағында («Жер учаскесіне меншік құқығының туындауы») меншік құқығы жөнінде ережелер қарастырылған. Бұл бапты «Меншік құқығындағы жер учаскесін табыстау» деп атаған жөн болады. Сонымен, Жер кодексінде жер учаскесін жер пайдалануға табыстаудың күрделі жүйесі орын алған. Сол себепті, Жер кодексінің жер учаскелерін меншікке табыстау тәртібі туралы нормаларын талдау қажет. Жер кодексінде жер учаскелерін табыстау тәртібін көздейтін екі бап бар. Біріншісі — бұл 32-бап — «Жер пайдалану құқығын табыстау», ал екіншісі — 43-бап — «Жер учаскесіне құқықты табыстау тәртібі». 32-баптың мазмұны 43-баптың мазмұнына қарағанда өзгеше. Бұл мынадан көрініс табады — ҚР ЖК 32-бабы негізінен жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін жергілікті атқарушы органдардың табыстау тәртібін қарастырса, 43-бап жер пайдалану және жеке меншік құқығындағы жер учаскелерін жергілікті атқарушы органдардың табыстау тәртібін, соның ішінде, құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құжаттарды дайындау процесін де қарастырады. Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің «Жер учаскесі — меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде» атты 5-тарауында мынадай ережелер қарастырылған: жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру (44-бап); құрылысқа байланысты емес жер учаскелерін беру (45-бап); оралмандарға жер учаскелерін беру (46-бап).

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Жер учаскесiнiң меншiк иесi кoдексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады. Жер учаскесiне меншiк құқығы: меншiк құқығын табыстау; меншiк құқығын беру; меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс. Жер учаскесiне меншiк құқығы: мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды. Жер кодекске сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi, олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкін. Шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе жер кодекстiң 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкін. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған мақсаттарға арналған жер учаскелерi шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкін. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкін. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу және орман өсiру үшiн берiледi. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi. Шаруа қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың: жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң жер кодекстiң 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына; жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады. Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның нақты мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның: жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар; жер учаскесiне жеке меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелген кезден 10 жыл өткеннен кейiн, жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар. Бұл шектеу жер учаскесiн кепiлге салуға қолданылмайды. Жер учаскелерiн сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жылға дейiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкін. Жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенiң бағасын толық төленгенге дейiн мәмiле (сату, жалға немесе өтеусiз пайдалануға беру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жарғылық капиталына салым немесе жарна ретiнде бepу) жасасуға тыйым салынады. Жеңiлдiктi бағамен төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiле жасасуға, оның сатып алу бағасы толық төленгеннен кейiн он жыл өткен соң құқық берiледi. Аталған тұлғалардың жер учаскесiн кепiлге беруiне оның сатып алу бағасының кемiнде елу процентiн төлеген жағдайда рұқсат етiледi. Бұл ретте жер учаскесiнiң сатып алу бағасы төленген бөлiгi ғана кепiл нысанасы бола алады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылуға тиiс не жер учаскесiне құқық 10 жылға дейiн жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бiр жыл iшiнде қайта ресiмделуге тиiс. Жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылған кезде, жер учаскесiнiң сатып алу бағасы меншiк иесiне осы учаскенi мемлекеттен сатып алған баға бойынша, жер учаскелерiн сатудан түсетiн қаражат есебiнен төленедi. Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол учаске оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматына сатылуы мүмкін. Егер жер кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды жер кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Мынадай жер учаскелерi: қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; магистральдық темiр жол желiлерi мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды. Азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне: тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар; ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар; жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды кеңейте түсу үшiн белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығымен берiлуi мүмкін. Егер жер кодекске сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi: жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi; тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi; жер кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкін.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жеке меншіктегі жер учаскесін жалға берудің шарттары қандай?

2. Жеке меншікке жер учаскелерінің мөлшері.

3. Ауыл тұрғындарының жер үлестері жер учаскесіне жеке меншік құқығына жата ма?

4. Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылу негіздері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

2. ҚР Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.

3. Хаджиев А.Х. Земельное право РК. Общая часть. Алматы, 2001.

4. Стамкұлов Ә. С, Стамкұлова Г. Ә. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы бөлім. Оқу кұралы.— Алматы: 2004.

5-тақырып. Жер пайдалану құқығы

Дәріс сабағының мақсаты: Студенттерге жер пайдалану құқығының ұғымын, мазмұнын, түрлерін, субъектілерін түсіндіру. Жер пайдалану құқығының туындау негіздерін, өзгеру және тоқтатылу негіздерін түсіндіру. Жер кодексі бойынша тиісті баптарға тоқталу және мысал келтіріп қарастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]