Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zem_pr_UMKD.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

9. Эумкд

Вид учебного занятия

Наименование программного продукта

Назначение

1.

Контенты

слайдтар

2.

Курс лекции

В word/бумажный

10. Лекционный комплекс

Наименование

Автор (ы)

Наличие на кафедре, у лектора

1.

Тезисы лекций

Усенбаева А.У.

В наличии на кафедре, у лектора

2.

Иллюстративный

материал

Слайд по темам

У лектора

3.

Раздаточный материал

бланки

У лектора

11. Материалы для срс

Наименование

Автор (ы)

Наличие на кафедре

1.

Задания для СРС (рефераты, доклады и т.д.)

Усенбаева А.У.

у лектора

2.

Список рекомендуемой литературы (указать при наличии в п.4,5)

В УМКД

12. Материально-техническое обеспечение дисциплины

Специализированные учебные лаборатории (аудитории, кабинеты)

Наименование и принадлежность помещения

Количество посадочных мест

1.

Зав. кафедрой:

Согласовано: Зав. отделом комплектования библиотеки:

(пункты 4,5)

6.Дәрістік кешен (дәрістердің тезистері, көрнекілік және тарату материалдар, пайдаланған әдебиеттер) «Қазақстан Республикасының Жер құқығы» пәні бойынша дәрістер жинағы

1-тақырып. Жер құқығының түсiнiгi, пәнi және жүйесi

Дәріс сабағының мақсаты: Дәріс сабағында жер құқығының ұғымына, пәніне, жүйесіне кең көлемде түсінік береледі. Қазақстан Республикасындағы жер мәселесі қарастырылады. Студенттерге жалпы жер құқығы пәні туралы түсінік беру, басқа пәндермен арақатынасын, байланысын түсіндіру, мысал келтіру.

1.Жер құқығының түсінігі және пәні.

2.Жер құқығының әдiстерi және жүйесi.

3.Жер құқығы – ғылым және оқу пәнi ретiнде.

Жер құқығы дегеніміз жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласын айтамыз. Жер табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Жер — бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға, жерді басқаруға, пайдалануға, және қорғауға байланысты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады. Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің бөлігі ретінде басқа құқық салаларымен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс жер туралы заңнамада белгілі бір жер қатынастарын реттеу нормасы болмаған жағдайда, оларды басқа құқық салаларының заңнамаларымен реттеу мүмкіндігі туған жағдайда туындайды. Нақты үлгі ретінде жер туралы заңнама нормаларын бұзғандығы үшін жауаптылыққа әкімшілік құқықтың нормалары бойынша тартуды атауға болады. Әдіс дегеніміз пәнді құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде Қазақстан Республикасының жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелетін қоғамдық қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер етуінің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.

Жер құқығы басқа да құқық салалары сияқты өзіне тән құқықтық реттеу әдістеріне ие, олар реттелетін қатынастардан және оларға құқықтық нормаларды сақтамаған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудан туындайды. Жер қатынастарына қатысушыларға белгілі бір әрекеттерді жасауға берілген мүмкіндіктері немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу түріндегі аталған құқықтары мен міндеттері өз мән бойынша олардың жүріс-тұрысының үлгісі болып табылады. Жер құқығы қатынастарын құқықтық реттеуде объектінің сипаты мен оның құқықтық жағдайы ескеріледі. Мысалы, жер, бір жағынан, бұл — табиғат объектісі, ал екінші жағынан — меншік объектісі, мүліктің бір түрі және басқару объектісі; осы жағдайлар жерді қорғау мен пайдалануға қатысты қатынастарды реттеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтайды. Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады. Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» — «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскелерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді. Жерге табиғи объект ретінде экологиялық әдіс қолданылады, ол кұқыктық реттеу пәнінің, яғни, жердің (жер учаскесінің) табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді. Жер қатынастарын реттеуде экологиялық әдісті императивтік және диспозитивтік әдістермен бірге де, дербес өзін бөлек те қолдануға болады. Экологиялық әдіс императивтік және диспозитивтік әдістерді қолдану барысында міндетті түрде пайдаланылады. Бұл әдіс құқықтың тыйым салушы нормалары анықталған жағдайларда қолданылуы мүмкін. Жер құқығы әдістерінің түрлері: диспозитивтік; императивтік. Диспозитивтік әдістің түрлері: ұсынушы; санкциялаушы; құқық беруші. Императивтік әдістің түрлері: құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы; тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау); экологиялық әдіс.

Жер құқығының жүйесі дегеніміз жер-құқықтық институттарының жер қатынастарын реттеудегі рөліне сәйкес ғылыми негізделген түрде орналасуы. Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады. Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды. Барлық субъектілердің жерге қатысты тиісті және мүмкін жүріс-тұрысын анықтай отырып, жер құқығының бұл бөлімі барлық жерлердің санатына, олардағы меншік нысанына және мақсаттарына қарамастан құқықтық реттеуіне ортақ белгіні білдіреді.

Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады: жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салаларымен арақатынасы; Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары; жер құқығының тарихы; жер құқығының қайнар көздері; жер құқығы қатынастары; жерге меншік құқығы; жер пайдалану құқығы; жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің құқықтық режимі; жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу; жер үшін төленетін төлем; сервитуттар; жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзыреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері; жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры; жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық; жер даулары.

Жер құқығының ерекше бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі; елді мекен жерлерінің құқықтық режимі; өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі; ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі; су қоры жерлерінің құқықтық режимі; орман қоры жерлерінің құқықтық режимі; босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық режимі. Қазақстан Республикасы ұлттық құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі бола тұрып жер құқығы басқа құқық салаларымен, соның ішінде, конституциялық, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтармен тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық кінәлі тұлғалардың жер туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілігін анықтайды. Жер — бұл аса маңызды табиғи ресурс, онымен байланысты барлық табиғи объектілердің орналасқан жері; басқа барлық табиғи байлықтар — жер қойнауы, орман, су, жануарлар және ормандық емес өсімдіктер әлемі үшін кеністіктік базис және де жер қойнауын, ормандар мен өсімдіктер әлемін пайдалану үшін жер учаскесі керек. Жоғарыда аталған байлықтарды қорғау үшін жердің табиғи қасиеттерін сақтау қажет. Жердің жағдайын кішігірім бұзудың өзі (жерді құрту, тұздану, ластау, құрғату, топырақ эрозиясы және басқа да зиянды процестер) қоршаған ортаға зиян әкеледі және табиғи ресурстардың жағдайының нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да, жерді ұқыпты пайдалану және оны қорғаудың тек жер үшін ғана емес, сонымен қатар, су, орман, табиғат қорғау заңнамаларының тиімділігін жетілдіру үшін, ал жалпы алғанда, қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Бұл жер құқығының экологиялық құқықтың бір бөлігі екендігін білдірмейді. Ол экологиялық құқық саласының бір бөлігі: жер құқығы су, орман, тау, аграрлық және экологиялық құқықтың нормаларымен тығыз байланысты. Жер құқығы, бір жағынан, өз құрамында экологиялық нормаларға ие; екінші жағынан, оның нормалары аталған құқық салаларының нормаларына ауысады. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 129-бабы мынадай ережені бекітеді: орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттігі үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптары жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық мақсаттарында берілуі мүмкін. Осыған ұқсас ереже Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 134-бабында да су қорғау аймақтары мен белдеулеріне енгізілген жер учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының су заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Жер құқығының тау құқығымен тығыз байланысын «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Жарлықтың 13-бабы 4-тармақшасының мазмұнынан айқындауға болады. Бұл бапқа сәйкес, жеке қажеттіктері үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бар жер учаскесін меншік құқығына немесе жер пайдалануға берумен бір мезетте жүзеге асырылады; жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беруде жалпыға таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын жеке қажеттіліктерге пайдаланудың тәртібі уақытша жер пайдалану шартымен өзгеріп кетуі мүмкін. Жер құқығы экологиялық құқықпен де тығыз байланысты, бұл құқықтың құрамының саласы ретінде белгілі. Жер құқығы аграрлық құқықтан мына жағдайлар бойынша ажыратылады: жер құқығы ауылшаруашылық өндіріс пен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін тиісті алғышарттарды туындатады (жерді пайдалануға беру, ауыл шаруашылық жерлерін қорғау мен ұтымды пайдалану режимін орнықтыру, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің артықшылығы және т.б.), ал аграрлық құқық тауарлық ауыл шаруашылықтық өнімдер саласында туындайтын ауыл шаруашылық өндірістік қатынастарды ретейді. Сондықтан да, аграрлық құқықтың объектісі болып барлық жер емес, тек ауыл шаруашылығында еңбек және өндіріс құралы болып табылатын немесе осы мақсаттарға жарамды жер бөлігі ғана табылады. Жер құқығы Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының нормаларымен де тығыз байланыста. Өйткені, жер тек меншік объектісі ғана емес, азаматтық айналымның да (жер учаскесін сату-сатып алу және сыйға тарту) объектісі болып табылады. Сондықтан да, мұндай жағдайларда жер қатынастарына азаматтық заңнаманың нормалары міндетті түрде қолданылады, яғни, бұл құқықтық қатынастар әрқашанда заңды фактімен тығыз байланысты болғандықтан азаматтық заңнамамен реттелетін өтпелі нормаларға айналады. Жер туралы заңнаманың нормаларына алғашқыда азаматтық заннаманың кейбір нормалары енгізілген болатын, кейіннен олар біртіндеп алынып тасталды. Ал қазіргі кездегі жер туралы заңнаманың нормалары жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығымен байланысты нормалармен күшейтілген.

Жер құқығы саласының жүйесі жер құқығының ғылымы жүйесінен былай ажыратылады: жер құқығының ғылымы зерттейтін мәселелердің шеңбері жер құқығы саласын құрайтын нормалардың жиынтығына қарағанда кеңірек. Жер құқығы ғылымының жүйесіне жер құқығының нормалары мен институттарын, оның құрылымының негізгі қағидаларын зерттеу, жер құқығының даму тарихына талдау жасау, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлкеттердің жер құқығындағы біртектес құқықтық нормалармен институттарға салыстырмалы талдау жасау кіреді. Жер құқығының жүйесі жер құқығының құқық саласы ретіндегі құрылымын ғылыми-теориялық талдаудың, оның мазмұнына жүйелік тұрғыдан қараудың нәтижесінде қалыптасты; оны пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының жер заңдарының мақсаттарымен, міндеттерімен және мәнімен толығырак танысуға мүмкіндік береді. Жер құқығының оку пәні ретіндегі ерекшеліктері оның заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру әдістемесін ескере отырып, оқу бағдарламаларына негізделген.

Жер құқықтық

Экологиялық әдіс

Саяси қатынастар

Жер экологиялық

Мемлекеттік органдардың жерді қорғау мен пайдалану саласындағы басқару қатынастары

ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары, қағидалары

Азаматтық құқық

Жер құқығы

Сабақтас құқық салалармен ара қатынасы

Елді мекен жерлердің құқықтық режимі

Қылмыстық құқық

Жер құқығының тарихы

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық мақсатындағы құқықтық режимі

Жер құқығының қайнар көздері

Жерге меншік құқығы

Жер құқықтық қатынастар

Су қорыларының құқықтық режимі

Сервитуттар

Орман қорларының құқықтық режимі

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады?

2. Жер қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі әдістері қандай?

3. Жер құқығының жүйесі қандай элементтерден тұрады?

4. Жер құқығы жалпы бөлімінің нормалары мен институттары оның ерекше бөлімінің нормалары мен институттарынан немен ерекшеленеді?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]