Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 д-ріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар

Технологиялық үрдiстердi жобалауда даярланған мағлұматтарды тiркеу үшiн бiркелкi технологиялық құжаттар жүйесiндегi (БТҚЖ) мемлекеттiк стандарттар (МЕСТ 3.1102-81 және МЕСТ 3.1115-79) қолданылады. Бұл құжаттар комплектiне кiретiндер:

  1. Технологиялық үрдiстiң титул бетi. Тетiктердiң бiр топтарына арнап типтi технологиялық үрдiс жобалауда титул бетiне сол тетiктердiң бәрiнiң жұмыс сызбаларының нөмiрлерiн көрсету керек.

  2. Тетiктердi жасауға керектi технологиялық құжаттардың құрамдарын және комплектiлiк-терiн анықтайтын технологиялық құжаттардың ведомосы.

  3. Эскиздер картасы тетiк жасаудағы технологиялық үрдiстiң жеке операцияларымен немесе әрекеттерiнiң эскиздерi, схемалары және кестелерi ақиқатталған технологиялық құжат.

  4. Технологиялық нұсқау – мұнда технологиялық үрдiстердi және жұмыс қимылдарын жүргiзу ретi, технологиялық жабдықтарды пайдалану ережелерi, ерекше бiр операцияларда кездесетiн физикалық және химиялық құбылыстардың сипаттамасы көрсетiледi.

  5. Ақаулы тетiктердiң ведомосы, мұнда тетiктер ақауының тiзiмi, оның тексерiлетiн параметрi, қолданылатын өлшем құралы көрсетiледi.

  6. Маршрут картасы – тетiктi жасаудағы технологиялық үрдiстiң барлық операцияларының технологиялық бiрiздi жүргiзiлуiн ақиқаттайтын құжат, мұнда қолданылатын құрал-саймандар, жабдықтар, материалдық және еңбек нормативтерi туралы мағлұматтар болады.

  7. Операциялық карта – технологиялық операцияның мазмұнын, құрылымын баяндайтын технологиялық құжат; бұл картада операцияда кездесетiн қимыл-әрекеттердiң аттары, кесу режимi, өңделетiн беттiң өлшемдерi, технологиялық жабдықтау құралдары және т.б. келтiрiледi.

  8. Типтi операциялық карта – типтi технологиялық операцияны баяндайтын құжат.

  9. Технологиялық жабдықтардың ведомосы, мұнда технологиялық үрдiстi жүргiзуге керектi технологиялық жабдықтардың тiзiмi көрсетiледi.

  10. Типтi технологиялық үрдiстiң тетiктерiнiң ведомосы.

  11. Бақылау-технологиялық операцияларының ведомосы; цехтағы барлық бақылау операцияларының тiзiмi мен сипаттамалары технологиялық бiрiздiлiкпен көрсетiледi.

Технологиялық үрдiстiң жобасын даярлауға барлық құжаттардың комплектiлiктерiн мемлекеттiк, салалық, зауыттық стандарттармен белгiлейдi.

Технологиялық құжаттарды толтыруда ескеретiн бiрнеше ережелер:

  1. Механикалық өңдеудiң операциялық картасының жоғарғы оң жақ шетiне, әдейi арналған клеткаларға тетiктi сипаттайтын мағлұматтар жазылады. Картаның төменгi бөлiгiне операцияның мазмұны, құрылымына кiретiн элементтер жазылады.

  2. Картаның жоғарғы сол жақ бөлiгiне өңделетiн тетiктiң эскизiн масштабсыз сызып қояды, ол өңделетiн бет кескiнiн және өлшемдерiн айқындап тұруы керек. Егер тетiктiң конструкциясы өте күрделi болып, оның құрылымы бiр проекциямен анықталмаса, онда оны бiрнеше проекциямен арнайы форматтарға сызып, картаның соңына қосымша құжат ретiнде келтiру керек. Берiлген операциядағы өңделетiн беттердi жуан қара немесе түстi сызықпен, ал өңделмейтiндерiн жiңiшке сызықтармен айқындайды. Эскизде сол операциядағы немесе әрекеттегi алынатын технологиялық өлшемдi ауытқу шегiмен және беттiң кедiр-бұдырлығының мөлшерiн ғана көрсету керек. Тетiктiң базалық беттерiн мемлекеттiк стандарттарда берiлген шартты белгiлермен қамтиды;

  3. Тетiктi өңдеу жоспарына операциялар, орнатулар, әрекеттер және жұмыс қимылдары кiредi. Операцияларды араб цифрларымен, ал орнатуларды және әрекеттердi (станоктың тiкелей жұмысымен байланысты болмаса) алфавиттiң бастапқы әрiптерiмен белгiлейдi.

  4. Жоңқа алумен байланысты әрекеттердi араб цифрларымен белгiлейдi. Операциядағы “әрекет мазмұны” деген графаға жазылған барлық әрекеттердiң мазмұнын бұйрық түрiнде жазады. Мысалы, тесiктi тес, беттi жон, түп беттi сүргiле және т.с.с.

Тетiктiң бiрiншi орнатуын “А” деп белгiлеп, анықтамасын былай дейдi: “Тетiктi орнат және түсiр”. Әрине бұл шартта ұғымдар өте қысқаша жазылған, бұл жазуды кеңiнен төмен-дегiдей түсiнедi: орнату, икемдеп, ыңғайлап бекiту, өңдеудi жүргiзу, босату және тетiктi түсiру. Бiрiншi әрекеттегi “1” цифрымен белгiлейдi де, одан кейiн оның мазмұнын “түп беттi өлшемiн ұстап кес” деп жазады.

Келесi әрекеттiң (“2” цифры) мазмұнын “Бiлiктiң мойын бетiн Ф, “Е” өлшемiн ұстап жон” деп жазады.

Әрекеттiң мазмұнына мiндеттi түрде сол әрекетте алынатын өлшемдi көрсету қажет. Әрбiр әрекеттен кейiн сол алынған өлшемдi бақылау әрекеттерi, өлшем құралдары келтiрiлуi керек.

Картаның “Аспаптар – қосалқы, кескiш, өлшем” деген графасындағы мемлекеттiк стандарттар талабына сай белгiлейдi.

Мысалы:

Патрон 6152-0002 – тескiш аспапты бекiтетiн жедел ауыстырмалы патрон;

Тескiш аспап 20-2 МЕСТ 10903-77 – тескiш аспап;

20×16×120-1 МЕСТ 18880-73 – түп беттер кесетiн аспап;

“Калибр–тығын 75К6” – калибр-тығын;

  1. Картаның “Есептi өлшемдерi” деген графасына өңделетiн тетiк беттерiнiң өлшемдерiн жазады.

  2. “t” деген графаға әдiп мәнiн жазады.

  3. “i” деген графаға берiлген әрекеттiң әдiптi алуға керектi жұмыс қимылдар саны жазылады.

  4. “Кесу режимi” деген графаға әрбiр әрекеттiң кесу режимiн жазады.

    1. Берiстiң (S) өлшемi станоктардың типiне байланысты. Токарь станогында кескiш аспаптың, дайындаманың бiр айналымындағы жылжу мөлшерiн (мм-мен) бередi, ал сүргiлеу станогында үстелдiң әрлi-берлi жасаған қос қимылын мм-мен көрсетедi. Фрезерлеу жұмыстарында бұйымның минуттық берiсiн немесе фрезаның бiр тiсiне берiсiн көрсетедi. Шпонкалық ойықтарды саусақ фрезаларымен өңдеуде берiстi бөлшек қатынасы-мен бередi: алымында вертикаль берiсi, бөлiмiнде горизонталь берiсi көрсетiледi.

Тiсқашайтын станоктарда – алымында долбяктың бiр қос қимылында берiлетiн радиальды жылжуы (кесуге кiрiсу берiсi), ал бөлiмiнде долбяктың қос қимылына берiлетiн айналма берiсi (обкаткалау берiсi).

Тiсфрезерлейтiн станокта үстелдiң бiр айналымындағы фрезаның мм-ге жылжуын көрсетедi. Червякты дөңгелектердi радиальды берiс тәсiлiмен өңдеуде, үстелдiң радиальды берiсiн оның бiр айналымына шағып көрсетедi, ал тангенциальды берiс тәсiлiмен өңдеуде фрезаның мм-мен алынған осьтiк берiсiн үстелдiң бiр айналымына шағып көрсетедi.

Бойлық берiс тәсiлiмен айналмалы беттердi ажарлауда және тесiктердi iштей ажарлауда берiстi бөлшек қатынасымен бередi; алымында детальдың бiр айналымындағы үстелдiң немесе ажарлау шеңберiнiң жылжуы (мм-мен), бөлiмiнде үстелдiң бiр қос қимылына берiлетiн көлденең берiс (мм-мен).

Енiп кесу тәсiлiмен ажарлауда тетiктiң бiр айналымына берiлетiн көлденең берiс (мм-мен) көрсетiледi. Жазық беттердi шеңбердiң түп бетiмен ажарлауда үстелдiң бiр айналымына немесе қос қимылына берiлетiн вертикаль берiстi (мм) көрсетедi.

    1. “n” графасында шпиндельдiң айналу жиiлiгi көрсетiледi.

Сүргiлеуде, қашап кесуде – қос қимылдың минуттық саны көрсетiледi.

Айналым беттерiнiң сыртқы жағын ажарлауда тетiктiң 1-минуттағы айналым саны көрсетiледi.

Жазық беттердi ажарлауда 1 минуттағы үстелдiң қос қимылының саны немесе үстелдiң 1 минуттағы айналу жиiлiгi көрсетiледi.

    1. “v” графасында кесу жылдамдығы м/мин-пен көрсетiледi. Ажарлауда екi жылдамдықты көрсетедi (дайындамаға – м/мин, айналымға – м/сек).

  1. “tН” графасында әрбiр әрекеттiң негiзгi өңдеу уақыты көрсетiледi.

  2. “tҚ” графасында қосалқы уақыттың мәнi көрсетiледi.

  3. Технологиялық үрдiстерде автоматтандырылған жүйелердi пайдаланып жобалауда маршруттық карталарды мемлекеттiк стандарттар талабына сай даярлайды; олар МЕСТ 3.1103-82, МЕСТ 3.1118-82.

Негiзгi әдебиет: 1 [215-235]; 2 [240-259].

Бақылау сұрақтары:

  1. Оперативтi уақыт.

  2. Қосалқы уақыттың құраушылары.

  3. Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]