
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
Технологиялық операцияларды құруда оның технологиялық әрекеттерiнiң жүру бiрiздiлiгiн егжей-тегжейлi анықтайды; операцияны құрал-саймандармен жабдықтауды бiржола есептеп, олардың түпкiлiктi белгiленуiн ойластырады; кесу режимдерi есептеледi немесе белгiленедi.
Тетiктiң жасалу технологиясының маршруты осы жобалауда анықталады.
Жобаланған технологиялық операцияның ең маңызды критерийi – оның жүргiзiлуiнiң оперативтi уақыты. Осы оперативтi уақыт неғұрлым аз болса, операция соғұрлым технологиялы болады.
Операцияларды құру схемаларына сандық сипаттама беру үшiн олардың оперативтi уақыттарының бiр мезгiлде орындалуының коэффициентiн анықтаған жөн.
, (10)
мұндағы tНД – операцияның негiзгi дербес уақыты, мин;
tҚД – операцияның қосалқы дербес уақыты, мин;
-
iс-әректтерiнiң негiзгi және қосалқы
уақыттарының қосындысы, мин;
n – технологиялық әрекеттердiң саны.
Кon коэффициентi неғұрлым аз болса, операция соғұрлым кемелдi болады. Жоғарғы формуладағы Кon=1-ге тең болғанда, дайындаманың бiр технологиялық әрекетпен жүргiзiлгенi айқын (n=1).
Егер дайындаманы бiрнеше технологиялық әрекеттердi қолданып жүргiзсе, онда n>1.
Операцияларды өнiмдiлiк тұрғысында талдау үшiн қосалқы уақыттың құрамы төмендегiдей бес бөлiктен тұрады деп есептеген дұрыс:
дайындаманы орнатып, өңдеп бiткеннен кейiн станоктан шығару уақыты (top); бұл уақыт iшiнде дара дайындамаларды қондырғыға орнату, жұмыс позициясына ауыстырма қондырғы-қосалқыларды және серiктестердi орнату; шыбық прокаттарын өңдеуде цанганың ашылуы, шыбықты тiрелгенше жiберу және цанганы қысу уақыты;
станокты басқару қимылдарына керектi уақыт (tб); бұл уақыт iшiнде: станокты жүргiзу, тоқтату, жылдамдық пен берiстерiн қосу, шпиндельдiң айналу, суппорттардың, кареткалардың қозғалыс бағыттарын өзгертулер бар:
индексациялауға керектi уақыт (tИНД); бұл уақыт iшiнде: станок тораптарының бастапқы орнынан жаңа орынға ауысуы; шпиндель блоктарының, үстел және барабандардың, аспапты блоктардың бұзылуы; бөлгiш құралдар мен конструкциялардың бұрылуы; дайындаманың жаңа позицияға ауысуы;
аспапты ауыстыру уақыты (tАСП); бұл уақыт iшiнде: жедел ауыстырылатын кондукторлық төлкелер уақыты; қашап кеңейту борштангалары мен ауыстырмалы борштангалар уақыты; кескiш және револьверлiк жабдықтардың бұрылуы;
сынама жоңқаға келтiру арқылы кескiш аспапты орнату уақыты (tӨЛШ); бұл уақыт өлшемдердi еркiн алу жүйесiнде сынама өлшеумен жүргiзу керек; әсте бұл уақытты негiзгi өңдеу уақытымен алмастыруға болмайды. Кейде өңдеу кезiнде автоматты тексеру тәсiлдерi қолданылса, онда өлшеудi өңдеумен бiр мезгiлде жүргiзуге болады.
Осы қосалқы уақыт элементтерiн неғұрлым дұрыс басқарып, игере бiлсе, операция соғұрлым өнiмдi де ұтымды болады.
Операцияның қосалқы уақыты мен негiзгi уақытын бiр мезгiлде жүргiзу мүмкiндiктерi өңдеу үшiн орнатылған дайындаманың санына, қолданылатын кескiш аспаптарға және сол дайындамаларды өңдеу тәртiбiне байланысты.
Технологиялық операциялардың схемалары өңдеу үшiн орнатылған дайындамалардың санына қарай бiр және көп орынды, кескiш аспаптың санына қарай бiр және көп кескiштi болып бөлiнедi.
Технологиялық әрекеттердiң уақыт өлшемiнде бiр мезгiлде жүргiзiлуiне қарай оларды бiрiздi, параллель және параллель-бiрiздi жүргiзiлетiн операциялар деп бөледi.
Б
iр
немесе бiрнеше кескiш аспаптармен бiр
орынды, бiрiздi өңдеу де (5-суреттi қара)
операцияның даналық уақытының (tД)
құрамына кiретiн негiзгi дербес технологиялық
(tH) барлық әрекеттер уақыттарының
(tHi) қосындысынан тұрады
,
(11)
5-сурет. Технологиялық әрекеттердi бiрiздi жүргiзiп өңдеудiң схемалары: