Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Этнопсихология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.56 Кб
Скачать

4.3. Зертханалық сабақтар (жұмыс оқу жоспарында қарастырылмаған)

5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары (сөж)

  1. Этникалық психология ғылыми білімдердің жеке саласы бола алатындығын дәлелде.

  2. Этникалық психология пәнінің басқа ғылымдардан айырмашылығын нақты белгілері бойынша жікте.

  3. Этнопсихологияның негізгі категориялары мен ұғымдарын атап шығыңыз. Аталған ұғымдардың мәнін жазыңыз.

  4. Этнопсихология, этнос, ұлт, әлеуметтік-этникалық мәдениет, этностереотип, этнография және т.б. этнопсихология ғылымына қатысты ұғымдар бойынша 3-4 слайд дайындаңыздар (ұғымдарға анықтама, сызбалар, кестелер).

  5. XIX ғасырда біздің елде алғаш рет әр түрлі этникалық қауымдастықтың ұлттық-психологиялық ерекшелігін зерттеуді ұйымдастырған ғалымдардың есімін атаңыз.

  6. Отандық қоғамдық ғылымда ұлттық психологияны зерттеудің негізгі теориялық бағыттарын атап шығыңыз.

  7. Ресей ғылымында негізгі этнопсихологиялық мектептерге сипаттама беріңіз.

  8. XIX және ХХ ғасырлардағы Ресей ғалымдарының ұлттық психикаға деген әдіснамалық және теориялық көзқарастарын салыстырыңыз.

  9. Ұлттық психиканың мәнін түсінудегі әлеуметтанушылар мен психологтардың көзқарастарындағы айырмашылықты сипаттау.

  10. Адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуы мен қызмет етуінің өзіне тән ерекшеліктері туралы Ресей және шетел психологтарының көзқарастарын салыстыру.

  11. Қ.Б.Жарықбаевтың “Қазақстандағы этнопсихологияның мәселелері мен қазіргі жағдайы” мақаласы мен О.Х.Аймағанбетованың «Основы этнопсихологии» оқу құралын пайдалана отырып біздің елде этнопсихологияның даму диаграммасын жасау.

  12. Тарих пен философияда этнопсихологиялық ойлардың тууы және дамуының хронологиясын жасау.

  13. “Мәдениет және тұлға” мектебінің негізгі концепциясын оқыңыз.

  14. Мәдениеттің қалыптасуында экологияның ролін негіздеңіз. Экология адамның мәдени әлеуметтенуіне және тұлға типтеріне қалайша әсер етеді?

  15. Мәдениеттің негізгі сипаттарын атап шығыңыз оның мәнін ашыңыз.

  16. Мәдениет қоғамның қандай жақтарына әсер етеді? Мәдениеттің саясатқа, ұлтың денсаулығына, әлеуметтенуіне және моральға қалай әсер етеді мысал келтіріңіз.

  17. Қазіргі кезеңдегі этнопсихологиялық зерттеу туралы ақпарат жинау. Тақырып пен қолданған зерттеу әдісін анықтаңыздар.

  18. Әр түрлі мәдениеттегі ролдік қатынасты талдау.

  19. Этностық сәйкестікті анықтауға арналған әдістемені өткізу. («Этнотаптаурын», «Салт- дәстүрлер», «Мақал-мәтелдер» және т.б.)

  20. Этномәдени вариативтілік: әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия ұғымдарына сипаттама беріңдер, олардың айырмашылықтарын ашып көрсетіңдер.

  21. Түрлі этностардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқталу, негізгі айырмашылықтарын ашып көрсету.

  22. Психологиялық әдебиеттерді талдау арқылы тұлғаралық, топаралық, этносаралық қарым-қатынасқа анықтама беріңіздер, оның даму кезеңдері мен типтерін анықтаңыздар.

  23. Қазақ ұлтының психологиялық ерекшеліктерін ашу (тілі, діні, менталитеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жеке өзіндік ерекшеліктері).

  24. Этникалық сәйкестіктің көріну деңгейлерін анықтаңыздар: моноэтникалық сәйкестік, этникалық гиперсәйкестік, бөтен этностық топпен моноэтникалық сәйкестік, биэтникалық сәйкестік ұғымдарының мәнін ашып көрсетіңіздер.

  25. Ұлттар арасындағы қарым-қатынасқа орай түрлі жағдайларды бейнелеу, тренингтер өткізу, әдістемелер жүргізу, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас орнату.

  26. М.Бруэр және Д.Кэмпбелл көрсетіп берген этноцентризм көрсеткіштеріне сипатама беріңіздер.

  27. Этникалық таптаурындар: оны зерттеу және негізгі қасиеттері.

  28. Ұлттар арасындағы қақтығыстар себебін анықтау, болдырмау жолдары мен шешу жолын қарастыру.

  29. Тіл этностың өзіндік санасының көріну тәсіліне тоқталыңыз.

  30. Ана тілі және тілдер, олардың психологиялық айырмашылықтары неде?

  31. Этносаралық қақтығыстардың туу себептері мен этносаралық қақтығыстың даму ерекшеліктерін ғылыми зерттеулерге сүйене отырып талдаңыздар.

  32. Миграциялық процесс кезеңдері туралы.

  33. Этносаралық қақтығысты реттеудің негізгі жолдарын көрсететін құжаттарды талдаңыздар.

  34. Мәдениет – этнопсихологиялық феномен ретінде.

  35. Этнопсихологиядағы ұлттық сипат мәселелері: шындық және аңыз.

  36. Этнопсихологиялық зерттеу әдістері.

  37. Қарым-қатынастың этностық ерекшеліктері.

  38. Каузальды атрибуциядағы мәдениаралық ерекшеліктер.

  39. Этностық ұқсастық.

  40. Маргинальды тұлға.

  41. Мәңгүрттік.

  42. Ұлттық нигилизм.

  43. Тіл – этностық ұқсастықтың факторы ретінде.

  44. Этностық стереотиптер – шынайылық мәселелері.

  45. Қазіргі заманғы этностық кикілжіңдер олардың пайда болу себептері мен өту жағдайлары, реттеу әдістері.

  46. Қазақстанның және әлемдік этнопсихологиялық ғылымның қалыптасу және даму мәселелері бойынша жүргізілетін әңгімелердің жоспарын құру.

  47. Тұлғаның этноәлеуметтенуі мен мәдениеттенуі.

  48. Этносаралық қатынас психологиясы.

  49. Этнопсихологияның қолданбалы аспектілері.

  50. Отбасы – ұлттық тұлғаның қалыптасуындағы негізгі институт.

  51. Тұлғаның оқу-тәрбие үрдісінде этностық жаңсақ нанымдарды қалыптастыру.

  52. Тұлғааралық қатынастың диагностикалық әдістемесі (Т.Лири).

  53. Тұлғалық бағдар сұрақтамасы (В.Смекала және М.Кучера).

  54. Тұлға бағыттылығын анықтау анкетасы.

  55. Қатынастың түстік тесті.

  56. Қақтығыстық жағдайды бағалау сұрақтамасы.

  57. Қатынастың диагностикалық тесті.

  58. Қазақтың туысқандық қарым-қатынасының ерекшелігін анықтау сұрақнамасы.

  59. Әдет-ғұрыптар – ұлттық психологияның қалыптасу механизмдері.

  60. В.Вундтың «Халықтық психологиясы».

  61. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өзіндік-психологиялық ерекшеліктері.

  62. Қазіргі заманғы батыс этнопсихологиясы.

  63. Ұлттық психологиядағы ым-ишаралардың ролі.

  64. Жанұя қарым-қатынасындағы этнопсихологиялық көріністер.

  65. Ұлттық жаңсақ нанымдардың генезисі мен динамикасы.

  66. Мектепке дейінгілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру механизмдері.

  67. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуында ертегілер мен мақал-мәтелдердің психологиялық әсер етуі.

  68. Іскерлік қарым-қатынастағы этнопсихологиялық жағдайлар.

  69. Ұлттық ойындар – сана-сезімді қалыптастырушы негізгі түрткі.

  70. Некелесу және отбасы этнопсихологиясы.

  71. Этнопедагогика мен этнопсихология ортақтастығы.

  72. Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері.

  73. Қазақстан Республикасы ұлттарының мінез-құлық мәдениеті.

  74. Тұлғалық белгілер мен оның әдеби, мәдени, рухани байланысы.

  75. Ұйғыр халқының ұлттық мінез бітістері.

  76. Татар халқының салт-дәстүр, мінез-құлық мәдениеті.

  77. Этникалық жүріс-тұрыс детерминанты.

  78. Европа мәдениетіндегі этнопсихологияның пайда болуы.

  79. Этникалық экспектацияның қалыптасуындағы әлеуметтік рөлдердің орны.

  80. Этнопсихологияның ғылыми-теориялық негіздері.

Әр апта сайын өзіндік жұмыс тапсырмалары беріледі. Өз уақытында орындалып тапсырылмаған жұмыс қабылданбайды. Өзіндік жұмыс түсінікті, айқын, мұқият орындалған болуы тиіс. Сіз басқа стуенттермен бірлесе отырып тапсырмаларды орындауыңызға болады, бірақ орындалған жұмыста сіздің жеке пікіріңіз болуы қажет. Егер студент жазба жұмыстарын белгіленген уақыттан кеш тапсырса, білім рейтингі 10 төмендейді.

Студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ)

  1. Этнопсихология пәні, мақсаты, міндеті, объектісі, әдістері.

  • «Этнопсихология» пәні бойынша университет, қалалық кітапханаларда бар әдебиеттердің және мерзімдік басылымдардағы мақалалардың, Интернет желісіндегі материалдардың картотекасын құрастыру.

  1. Этнопсихологиялық зерттеу әдістері. Этностық «менді», «этностық стереотипті» т.б. зерттеуге бағытталған әдістемелерді таңдау.

  2. Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары: релятивизм, абсолютизм, универсализм бағыттарына сипаттама беру олардың арасындағы айырмашылықты ашу.

  3. Нақты этникалық қауымдастық өкілі мінез құлқының, бір жағынан, қажеттіліктері мен мотивтерінің, екінші жағынан, еркінің ерекшелігінің мәнін түсінудің әдіснамалық негізін жасаңыз.

  4. Біздің елде оқып жатқан басқа мәдениет студенттерімен танысыңыз, олардан сұхбат алыңыз – олардан өз мәдениеті мен біздің мәдениет арасындағы айырмашылықты айтуды сұраңыз. Сонымен қатар осы мәдениеттерде ортақ нені көргенін айтуды ұсыныңыз.

  5. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізу.Олардың нәтижелерін сандық және сапалық талдау.

  6. “Әр түрлі халықтың өзіндік ерекшелігін сақтауға мәдениеттің ықпалы” тақырыбында пікірталас өткізу.

  7. Этностық қақтығыстар: себептері және олардың пайда болуы, реттеу жолдары:

  • кейде мұғалім оқушыны жетістікке немесе сәтсіздікке әкелетін оның қандай да бір этникалық ерекшеліктеріне қарап сипаттама береді. Осындай сипаттамалардың тізімін жасаңыз, олардың оқушы туралы дұрыс не қате пікір айтылуына қаншалықты қатысы бар екенін талқылаңыздар;

  • әдетте қақтығыс екі жақта жеңіске жеткенде ғана шешіледі. Сізді этностық тобыңызға қатысы бар атаумен атаса (мәселен: “қара”, “қысықкөз”және т.б.), осыдан туған қақтығысты дене күшіне бармай, бірақ екі жақта ұтымды жағдайда болатындай етіп қалай шешуге болады?

  • Сіздің таныстарыңыз бен жолдастарыңыз арасында бір уақытта өз этносы (ұлты) үшін мақтаныш сезімін басынан кешіретін немесе өзі сол ұлтқа жататыны үшін ұялатын адамдар бар ма? Олардың мінез-құлқынан нені байқауға болады? Неліктен осындай жағдайларда осы сезімдер болады?

  1. Мәдениаралық өзара іс-әрекетке дайындық жүргізуге байланысты тренингтерді таңдау.