Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Этнопсихология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.56 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

«5В010300-Педагогика және психология»

мамандығы

«Этнопсихология»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

«Этнопсихология» курсы қазіргі кездегі студенттердің психологиялық білім құрылымындағы маңызды аспектілердің бірін құрайды. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Курс студенттердің болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану мақсатында «Этнопсихология» пәні бойынша теориялық және практикалық дайындықтарына бағытталған. Этнопсихологиялық феномендердің көрінісі мен оның қызметінің механизмдерін білу студенттерге әртүрлі этностық қоғамдастықтардың мәдениетіне деген толеранттығын қалыптастыруға ықпал етеді.

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі оқу формасы студенттеріне «Этнопсихология» курсы үшін 3 кредит (30 дәріс, 15 тәжірибелік сабақ, 9 сағат СОӨЖ, 81 СӨЖ) бөлінген. Білім деңгейін бақылау нысаны – жазбаша реферат, баяндама жұмыстарын орындау, дәріс, практикалық, СОӨЖ сабақтарына белсенді қатысу, аралық бақылау тапсыру және семестр соңында тест арқылы немесе билет түрінде ауызша емтихан тапсыру.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

«Этнопсихология» пәнінің мақсаты: студенттердің қазіргі заманғы психология құрылымындағы этнопсихологияның орнын түсіну және өмірдің барлық салаларында тұрақты этносаралық өзара іс-әрекет жағдайында кәсіптік қызметке дайындық процесінде этнопсихологиялық білімнің рөлін түсіну болып табылады. Міндеттері: этнопсихологияның теориялық негіздерінің мазмұнын ашу; этноспихология мәселелеріне студенттердің қызығушылықтарын арттыру; студенттердің бойында үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ояту; студенттердің өзіндік тәжірибесінде этнопсихология негіздері туралы білімдерін қолдануға ұмтылдыру; этнос және ұлт мәселелерімен, этностың психикалық құрамы туралы білімдермен қаруландыру; ұлттық және этникалық сана сезім мәселесімен, этникалық нұсқа және стереотиптер, дау-дамайлар мәселесі жайлы білімдерін қалыптастыру.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Аталған курс келесідей тақырыптардан тұрады: Этнопсихология – психологияның бір саласы ретінде. Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық идеялары. Ресейдегі этнопсихологиялық ойдың дамуы. Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы. Қазіргі заманғы шетелдік этнопсихологияның негізгі бағыттары. Әлемнің түрлі халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері. Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері. Мәдениаралық ерекшеліктердің психологиясы. Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар. Этностық ұқсастықтың қалыптасу кезеңдері. Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері. Этностық кикілжіңдер. Жаңа мәдени ортаға бейімделу. Ұлттық құндылықтар – ұлттық тұлғаның қалыптасу генезисін белгілейтін фактор.

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

Рет.

№№

Сабақтың тақырыптары

Көлемі, сағаты

1

Этнопсихология – психологияның бір саласы ретінде

2

2

Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық идеялары

2

3

Ресейдегі этнопсихологиялық ойдың дамуы

2

4

Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы

2

5

Қазіргі заманғы шетелдік этнопсихологияның негізгі бағыттары

2

6

Әлемнің түрлі халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері

4

7

Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері

2

8

Мәдениаралық ерекшеліктердің психологиясы

2

9

Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар

2

10

Этностық ұқсастықтың қалыптасу кезеңдері

2

11

Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері

2

12

Этностық кикілжіңдер

2

13

Жаңа мәдени ортаға бейімделу

2

14

Ұлттық құндылықтар – ұлттық тұлғаның қалыптасу генезисін белгілейтін фактор

2

БАРЛЫҒЫ:

30