
- •Патофизиология – 2 Тірек – қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары модулі Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Аралық бақылау «Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары » модулі бойынша
- •Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Сыртқы және ішкі этиологиялық жайттарға сипаттама. Терінің бүлініске төзімділігі.
- •Терідегі біртектес дерттік үрдістер және олардың патогенезі.Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.
- •Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ МОДУЛІ |
Патофизиология – 2 Тірек – қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары модулі Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
№ 1 тақырып. «Тері мен тірек қимыл құралының дистрофиялық және қабынулық зақымдануының патофизиологиясы» .
Сабақтың мақсаты:
Тірек-қимыл жүйесі патофизиологиясы бойынша білім қалыптастыру, топта коммуникациялық дағдыны жетілдіру, тірек-қимыл жүйесі ауруларының клиникалық-зертханалық мәліметтерін сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру, топта қарым-қатынаста коммуникациялық дағдыны, өзін өзі дамытуды жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары зақымдануы синдромдары мен негізгі симптомдарының этиологиясы мен патогенезін бойынша білім қалыптастыру
тірек-қимыл жүйесі мен тері ауруларының клиникалық-зертханалық мәліметтерін сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
теориялық материалды талқылағанда пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдысын жетілдіру
сабақтарға дайындалғанда және СӨЖ орындағанда ғылыми, анықтамамен, интернет желісімен және оқулықтармен өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
Остеогенді жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылыстары. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезінде кәлций, фосфор алмасуының рөлі.
Тірек қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері (тұқымқуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы және патогенезі.
Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.
Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Сыртқы және ішкі этиологиялық жайттарға сипаттама. Терінің бүлініске төзімділігі.
Терідегі біртектес дерттік үрдістер және олардың патогенезі.Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.
Оқыту мен үйретудің әдісі:
Тақырып сұұрақтары бойынша пікірсайыс, шағын топтармен жұмыс жасау: кейс-стади, «мылқау» кестені толтыру, патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, тестілеу.
Сабақтың жүргізілу реті
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату |
5 мин |
2 |
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс. |
45 мин |
3 |
үзіліс |
10 мин |
4 |
Тапсырмаларды орындау |
30 мин |
5 |
Тестілеу |
10 мин |
6 |
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау |
10 мин |
Тәжірибелік жұмыс
. |
№ 2 тапсырма. Остеопороз патогенезінің сызбанұсқасын оқып үйрену
№ 3 тапсырма. Буындық синдромның негізгі көріністерін атау, патогенезін көрсету
№ 4 тапсырма. Остеоартроздың патогенездік сызбанұсқасын толықтыру
↓
↓
↓ Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі ↓ Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№5 тапсырма. |
Ситуациялық есептерді шешу.
|
|
№ 1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, олардың ісінуіне және таңертең қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Ауыру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен (сыртартқысынан) оның буындарындағы ауыру сезімі жедел тыныстық вирустық жұқпаны басынан өткізгеннен 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен қозғалыстың шектелуін байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ ол анасының аяқ-қолдарындағы буындарының ауыратындығына жиі шағымданғанын айтады.
Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6, АҚ – 90/60 мм.с.б.,
Пульсі (ТСЖ -тамыр соғу жиілігі) - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: екі қолының үстіңгі жақтық бунақ аралық алақан бунақтық және білезік буындары ісінген, пішіні шамалы жойылған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .
Қан талданымы:
Эритроциттер 3,0 х1012 Ретикулоциттер 5 ‰
Гемоглобин 100 г/л
Түстік көрсеткіш 0,8
Лейкоциттер 10,0 х 109 /л
Эозинофилдер 3, 0 %
Таяқша ядролы лейкоциттер 8 % ; б/я - 67 %
Лимфоциттер 14 %; Моноциттер - 4 %
Тромбоциттер 240 х109 /л
ЭШЖ 35 мм/сағ.
Қан жағындысында - гипохромия - ++;
Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++