Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
несеп модулі 12-13.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863.74 Кб
Скачать

Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау

Сабақтың мақсаты:

  • Бүйрек қызметтері бұзылыстарының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Бүйрек ауруларында зәр мен қан бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топппен жұмыс жасауда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Жүргізу түрі:

Шағын топта жұмыс жасау: кес-стади, кестені толтыру

1. тапсырма

«Пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы». Кестені толтыру

Пиелонефриттің жиі себептері

Жұқпалардың ену жолдары

Жұқпалардың несеп арқылы ену жолдары

Жұқпалардың гематогенді жол арқылы енуі

Пиелонефрит туындауына бейімдейтін жайттар

Патогенезі

Қандағы өзгерістер

Несептік синдром

2 Тапсырма Көрсетілген суреттті пайдалана отырып, обструктциялық уропатия дамуының мүмкін болатын нұсқаларын атаңыз.

?

?

?

?

?

?

?

3. тапсырма

Ситуациялық есептерді шешу.

1 есеп. Тапсырмада берілгендерді медициналық терминдермен сипаттаңыз. Талданымдарға сүйене отырып бүйрек дертінің түрін қорытындылаңыз:

Диурез –тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

көру аймағында: еріген, сілтіленген эритроциттер

Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлер

АҚ – 175/95 мм. с.б.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптыда - 4,28 - 28,56 ммоль/л)

2 есеп. Кан сарысуындағы креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), зәр – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л). Зимницкий сынауы:

Уақыт

Зәр көлемі

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

9

12

15

18

21

24

3

6

80

100

70

80

150

200

100

150

1030

1020

1025

1020

1021

1025

1025

1021

  1. Зимницкий сынауын бағалаңыз

  2. Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Көрсетілген өзгерістер нені мәлімдейді?

3 есеп. Науқас Н- ға 2 жыл бұрын «жедел диффузды гломерулонефрит» аңғарымы қойылды. Қазіргі уақытта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулерге шағымданады.

Зәр талданымының қорытындысы:

Тығыздығы - 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында аздаған эритроциттер, аз мөлшерде гиалинді цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 3100 мл.

Қан талданымы:

Қалдық азот - 90 ммоль/л, жалпы нәруыз - 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатининнің клиренсі – 40 мл/мин (90-170 мл/мин)

АҚ – 180/100 мм с.б.б.

  1. Осы жағдайда полиурияның болуы 2 жыл бұрын қойылған «Жіті гломерулонефрит» аңғарымына қайшы келмей ме?

  2. Қазіргі жағдайда полиурия мен гипостенурияның даму тетігі қандай?

  3. Науқаста полиурияның дамуының маңызы қандай?

№ 4 есеп. К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин  О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.

1. Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай? Ойлаған тұжырымыңызды дәлелдеңіз.

3. Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйректен тыс жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.

5 есеп. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.

1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?

2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз.

6 есеп. Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертен бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәрі - қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қант жоқ. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы креатинин 14 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), диурез – 1000 мл

7 есеп. К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.

1. Науқастағы симптомдар патологияның қандай түрінің дамуына тән?

2. Майлар алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамуы мүмкін және олардың даму тетіктері қандай?

3. Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай?

4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның белгілері бар ма?

№ 8 есеп. Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.

Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.

1. Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?

2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай?

3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің шығу тегі қандай?

4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?

4 тапсырма. «Балаларда бүйрек патологиясының ерекшелігі» кестені толтырыңыз.

Жаңа туылғандарда бүйрек қызметінің транзиторлы бұзылуы

Зәрқышқылды инфаркт

Физиологиялық гипостенурия

Бүйрек патологиясының шығуы бойынша негізгі топтары

Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері.

ӘДЕБИЕТТЕР сабақтан қараңыз