- •Дәріс жинағы
- •Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі - бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
- •Патофизиология хронической почечной недостаточности (хпн) - прогрессирующее уменьшение функций почек
- •Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
- •Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау
- •«Несеп шығару жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары.
- •Әйел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм.
- •Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының
- •Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
нейропсихикалық әйгіленімдер:
шаршағыштық, бас ауыру, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу мен естудің бұзылуы, діріл, ұйқысыздық, тұнжырау, мидың ісінуі, кома.
патогенезінде маңызды:
уыттану;
қышқылдық-сілтілік үйлесімдіктің бұзылуы;
гипергидратация;
электролиттер алмасуының бұзылуы;
гипоксия.
Жүрек - қантамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары:
Миокардтың дистрофиясы, жүрек ырғақсыздығы (электролиттер алмасуының бұзылуы, гипоксия, уыттану), перикардит (шырышты қабықтардан уытты өнімдердің бөлінуі),
III. Тыныс алу ағзалары қызметінің бұзылуы:
Өкпе ісінуі, пневмония, плеврит
IV. қан көрсеткіштерінің өзгерістері:
анемия (эритропоэтин тапшылығы, эритроциттердің гемолизі)
қан ұюының бұзылуы (қанағыштық синдром, ТШҚҰ-синдром)
АІЖ жолдары қызметінің бұзылуы:
жүректің айнуы, құсу, анорексия, гастроэнтероколит:
патогенезінде маңызы бар:
Уыттану;
Гипоксия;
АІЖ шырышты қабықтары арқылы азот қалдықтарының бөлінуі.
VI. Терідегі өзгерістер:
қышу (азот өнімдерімен жүйке ұштарының тітіркенуі)
«уремиялық қырау» - тері бездері арқылы зәрнәсілдің, зәр қышқылы тұздарының бөлінуі.
гиперпигментация
VII. Сүйек –бұлшықет жүйесінің бұзылыстары:
Д витаминінің белсенді түрі түзілуінің бұзылуы ® гипокәлциемия ® салдарлық гиперпаратиреоз ® боркеміктену, кәлциноз (бүйректік мешел)
4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі
5. Әдебиеттер
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 428 - 432
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009 .-С.460-467
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 530-538
Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 181-192
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 616 - 620
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки. М. –СПб: изд-во БИНОМ, 2002.- 206с
Бақылау сұрақтары
БСЖ дамуының жиі себептері
БСЖ - дағы полиурияның патогенезі
БСЖ - дағы олигурияның патогенезі
Уремия дегеніміз не?
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
№ 1 тақырып. «Несеп шығару жүйелерінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструкциялық уропатия. Несептік синдромның патогенезі».
Сабақтың мақсаты:
Несеп шығару жүйесі қабынулық ауруларының патогенезі, этиологиясы бойынша білімін қалыптастыру, студенттердің коммуникациялық дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Несеп шығару жүйесі қабынулық ауруларының, несептік синдромның этиологиясы мен патогенезі, нефрон қызметі бұзылыстарының жалпы тетіктері бойынша білім қалыптастыру
Сабақ тақырыбы бойынша пікірталас жүргізгенде студенттердің коммуникациялық дағдысын қалыптастыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.
Шумақтарда несеп сүзілуінің төмендеуі және жоғарылауы, себептері, даму тетіктері, салдарлары.
Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (гипер-, гипо-, изостенурия), даму тетіктері.
Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі, даму тетіктері.
Несептің сапалық құрамының өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмі.
Бүйректің қабыну ауруларының, мысалға пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы.
Обструкциялық уропатияның патогенезі және этиологиясы.
Оқыту мен сабақ берудің әдісі:
Сабақ тақырыбы бойынша пікірталас, тестілеу.
Сабақтың жүргізілу реті
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату |
5 мин |
2 |
1-4 сұрақтар бойынша пікірсайыс. |
45 мин |
3 |
үзіліс |
10 мин |
4 |
7-8 сұрақтар бойынша пікірсайыс |
30 мин |
5 |
Тестілеу |
10 мин |
6 |
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау |
10 мин |
