Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кожа информац.блокЛЕЧ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.52 Кб
Скачать

Глоссарий (жаңа термин)

Дерматоздар (грекше. derma – тері; тері ауруларының синонимі) – Әртүрлі этиология және патогенездегі тері ауруларының жалпы атауы (тұқымқуалайтынжәне жүре пайда болған; қабынулық, дистрофиялық, аллергиялық және т.б.).

Дерматит - сыртқы дерт туындататын жайттармен тікелей жанасу нәтижесінде терінің қабынуы.

Дерматиттің түрлері: 1. Қарапайым жанасулық дерматит - механикалық физикалық және химиялық жайттардың әсерінен;

2. Аллергиялық жанасулық дерматит – даму тетігінде аллергиялық реакцияның жасуша қатысуымен жүретін түрінің маңызы бар (Джелл және Кумбс бойынша IV түрі).

Пиодермия немесе пиодермит (от грекше рyon – ірің, derma - тері) – ірің тудыратын микроорганизмдердің экзогенді енуінен болатын терінің іріңді ауруы . Тері ауруларының ересектерде 80%-н, балаларда – 30%-н құрайды. Этиологиясына қарай стафилодермиялар, стрептодермиялар және аралас болып ажыратылады.

Гидраденит - апокринді тер бездерінің іріңді қабынуы.

Микоздар - дерт туындататын саңырауқұлақтармен шақырылатын тері аурулары.

КандидоздарCandida тұқымдастығына жататын саңырауқұлақтардың экзогенді енуінің нәтижесінде дамитын тырнақтар, ішкі ағзалар, шырышты қабықтардың зақымдануы

Зоонозды дерматоздар (паразиттік зооноздар) –жәндіктер – паразиттермен (кенелер, биттер, бүргелер) шақырылатын тері зақымдануы.

Есекжем – теріні қышымалы күлдіреуіктермен тез қаптайтын сипатталатын аллергиялық ауру (Аллергиялық серпілістің I түрі, Джелл және Кумбс бойынша реагинді түрі).

Квинке ісінуі– беттің тері асты қабаты мен дерманың аллергиялық ісінуі (Аллергиялық серпілістің I – реагинді түрі).

Ихтиоз (қолтырауын терісі, грекше ichthy - балық) – Кератиннің әртүрлі түрлерінің түзілуіне жауапты тектердің мутациясы салдарынан терінің гиперкератоздық түрі бойынша мүйізденудің диффузды бұзылысымен сипатталатын гетерогенді аурулардың топтары. Бұл теріде балықтың қабыршықтарын еске түсіретін қабыршықтардың түзілуіне әкеледі.

Экзема (грекше eczema – қайнау) – нейро-аллергиялық шығу тегі бар және созылмалы рецидивті ағыммен өтетін терінің беткей қабаттарының қабынуы.

Псориаз немесе қабыршықты лишай – дерманың қабынуы, кератинизация бұзылысы, эпидермис жасушаларының пролиферациясымен сипатталатын созылмалы дерматоз

Токсикодермия – аллерген немесе улы өнімдердің гематогенді жолмен түсуінен шақырылған терінің зақымдануы.

Кәсіптік дерматоздар – физикалық, химиялық, биологиялық сияқты өндірістік жайттардың әсерінен болатын тері аурулары.

Витилиго - (vitiligo – ала тері) – тері жабындысының әртүрлі аймақтарында депигментацияланған дақтардың түзілуімен көрінетін созылмалы ауру.

Себорея – жетілмеген тері майын жоғары дәрәжеде бөліп шығарумен сипатталатын май бездері қызметінің бұзылысы. Этиологияы белгісіз, бірақ Malassezia furfur саңырауқұлағының маңызы бар деген болжам жасалынады.

Кәдімгі бөртпе (Обыкновенные угри) (acne vulgaris) - себорея әсерінен май бездерінің іріңді-қабынулық зақымдануы.

Фотодерматоздар (фотодерматиттер) – күн сәулесіне жоғары сезімталдықпен көрінетін тері аурулары. Патогенезі иммундық тетіктермен байланысы жоқ (бұл «күнге аллергия емес»). Улы әсері терідегі қандай да бір заттардың күн сәулесімен арақатынасының нәтижесінде пайда болады. Шығу тегіне байланысты эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Эндогендісі зат алмасудың бұзылысымен байланысты (порфирия, бауыр, бүйрек үсті безінің аурулары), ал экзогендісі мұнай көмірсутектері, хром тұздары, өсімдік шаңдары, парфюмериялық немесе косметикалық заттар, кейбір дәрілік заттардың (зәр айдаушы, сульфаниламидтер, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілік заттар), әсерінен пайда болады.

Эритема – Ірі өлшемді қан тамырлық дақ ( алақанмен бірдей және одан ауқымды)

Петехиялар –нүктелі қанқұйылулар

Пурпура – дөңгелек көптеген қан құйылулар

Дақ құрамы бойынша теріден айырмашылығы жоқ және терімен бір деңгейде тұратын

тері және шырышты қабықтың шектелген өзгерістері

Қызыл бөртпе озеола) - қолдың кіші саусағының тырнағындай қызыл түсті майда қабынулық дақтар

Түйіншек немесе папула -тері деңгейінен көтеріңкі, тыртықсыз жазылатын қуыссыз элемент

Төбешік тері деңгейінен көтеріңкі, жараланып тыртықпен жазылатын сіңбелі қуыссыз элемент

Көпіршікжалқықтық, қуысты, ішінде сұйығы бар, тері деңгейінен шамалы көтеріңкі біріншілік морфологиялық элемент

Күлдіреуік (пузырь) жалқықтық, ірі мөлшерлі қуысты элемент ( орман жаңғағы және одан да үлкенірек )

Іріндік немесе пустула - ішінде іріңі бар экссудативті қуысты элемент

Күлдіреу (волдырь) терінің емізікті қабатының шектелген қабынулық ісінуі нәтижесінде түзілетін жалқықтық қуыссыз элемент

Лихенизация –гиперпигментация және оның қалыпты суретінің күшеюімен көрінетін, терінің қалындауы мен тығыздануы