Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кожа информац.блокЛЕЧ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.52 Кб
Скачать

II микроциркуляция және шеткері қанайналымның бұзылыстары.

Теріде артериялық және веноздық қан кернеу, ишемия, ісіну, қанқұйылу дамуы мүмкін (патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз)

III. Қабыну

Қабынудың патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз.

Терінің іріңді аурулары – пиодермиттер

Қоздырғыштары: стафилококктар, стрептококктар, көкірің таяқшасы, тұрпайы протей, ішек таяқшасы, саңырауқұлақтар, пневмококктар, гонококктар және т.б..

Стафилококкты пиодермиттерде дерттік үрдіс көбінесе тер және май бездерінде, шаш фолликулалары аймағында дамиды. Іріңдіктер конус немесе жартылай шар тәрізді пішінді, қабырғалары қалың және тартыңқы, іріңі қою сарғыш-жасыл түсті ортасында шоғыр шаш орналасқан. Балаларда стафилококктар тер бездері және майлы-түкті филликулалармен байланысы жоқ беткей көпіршікті түзілістер тудырады. Стафилококкты пиодермиттер: остиофолликулит, сикоз, терең фолликулит, фурункул, карбункул, гидраденит.

Остеофолликулит немесе стафилококкты импетиго (Impetigo staphylogenes) –жіңішке гиперемияланған тәжбен қоршалған және түкті фолликулдің ортасында орналасқан көлемі түйрегіштің басындай болатын фолликулярлы түтік. Сикоз – көбінесе беттің түкті бөлігінде кездесетін остеофоликкулит түтігінің конгломераты.

Сыздауық – түкті фолликулл және оны қоршаған дәнекер тіннің жедел іріңді қабынуы.

Шиқан – көрші орналасқан бірнеше фолликулдарды да қамтитын гиподерма және дерманың терең қабаттарының жайылған іріңді-некрозды қабынуы.

Гидраденит –апокринді тер бездерінің іріңді қабынуы.

Стрептококкты пиодермиттер: көбінесе тегіс теріні зақымдайды. Стрептодермия беткей сипат алады. шеткері өсуге бейім және мөлдір сөлі бар біріншілік элемент – солғын көпіршік – фликтена. Стрептококкты пиодермиялар: стрептококкты импетиго, буллезды импетиго, қарапайым теміреткі (простой лишай), саусақ төмпешіктерінің импетигосы – турниоль, стрептококкты баздану (опрелость)

IV. Терідегі аллергиялық және аутоиммундық үрдістер

Есекжем, жанаспалы дерматит, Лайелл синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы және т.б..

(патогенезін «Патологиялық физиология -1»-ден қараңыз)

Лайелл синдромыжүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың өзгерісімен қабаттасатын тері және шырышты қабаттардың улы-аллергиялық зақымдануы. Дәрілік заттарды (сульфаниламидтер, антибиотиктер, барбитураттар), қабылдағанға реакция ретінде пайда болып, эпидермистің барлық қабатының некрозына және оның сыдырылуына әкеледі.

Стивенс-Джонсон синдромы - дәрілік заттарды қабылдағанға реакция ретінде пайда болып тері және шырышты қабаттарда жайылмалы бөртпелермен қабаттасатын жедел улы-аллергиялық ауру, экссудативті эритеманың қатерлі түрі. Теріде қатаң шектелген ашық қызыл немесе ашық қызыл-қызғылт түсті ірі дақтар, ал мұрын, ауыз қуысы, жыныс мүшелері, көтеннің шырышты қабаттарында ісіну және гиперемияның әсерінен көпіршіктер пайда болады. Бүйрек қызметінің бұзылысымен қабаттасатын ауыр нефрит, жүрек-қантамыр және өкпелік жетіспеушілік дамуы мүмкін.    

Жүйелі қызыл жегі кезіндегі терінің зақымдануы (ДНК+антидене кешенінің, сирек теріде бекінетін иммуноглобулин+антииммуноглобулин, мембранаға шабуыл жасайтын кешендердің С5-С9) түзілуі → дерматит)

Псориаз немесе қабыршықты теміреткі (лишай) – дерманың қабынуымен, кератинизация бұзылысымен, эпидермис жасушаларының пролиферациясымен сипатталатын созылмалы дерматоз - аутоиммундық ауру. Этиологиясында тұқымқуалайтын бейімділіктің маңызы бар (HLA-C-мен байланысты). Патогенезінде иммундық зақымданудың жасуша қатысуымен жүретін түрі маңызды орын алады (кератиноциттердің өсу жайты, ӨЖФ, гамма – интерферон, цитокиндер Ил-12, CD4+ CD8+ белсенуі )