Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кожа информац.блокЛЕЧ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.52 Кб
Скачать

Тері патофизиологиясы бойынша ақпараттық дидактикалық бөлік

Тері (cutis) –күрделі көптеген қызмет атқаратын адам ағзасы, оның салмағы дене салмағының 16 - 20 % құрайды, ересек адамның денесінің ауданы 1,5- нан 2,5 м2- қа дейін. Тері қосалқыларына (немесе туындыларына) тер, май бездері, сонымен қатар шаш және тырнақ жатады.

Тері қабаттары

1. Эпидермис (эпителийлі бөлігі)

2. Тері (дәнекер тінді бөлігі)

3. Гиподерма (тері асты шел-май қабаты)

су-майлық жабындысы

мүйіздік қабыршықтар

мүйізденген жасушалар

өсіп- өнетін

жасушалар

тері қылтамырлары

фибробласт

қылтамырлар

коллаген

полиқанттар

Тері

Тері асты шел-май қабаты

майлық бөлікшелер

қылтамырлар

ТЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

  • ҚОРҒАНЫСТЫҚ

  • СЫРТҚЫ ТІТІРКЕНДІРГІШТЕРДЕН МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ

  • УК (жартылай, нілдену және қалыңдау жолымен) және инфрақызыл сәулелерінен (толық) қорғау

  • элетр ағымы әсеріне төзімділік

  • әлсіз сілтімен мен қышқыл ерітінділерін бейтараптау

  • бүтіндігі бұзылмаған тері су ерітінділерін өткізбейді, көптеген улар, вирустар, микробтардан қорғайды (мүйізді қабыршықтың тығыз байланусуы; мацлар, лизоцим, терінің қышқыл жабындысы, интерферон → бактерия жойғыш әсері).

  • ТЫНЫСТЫҚ – организмнің газ алмасуының 2%-н құрайды: О2 –ні сіңіру және СО2 –ні бөліп шығару№.

  • БӨЛІП ШЫҒАРУЛЫҚ – май және тер бездері арқылы улы және дәрілік заттардың алмасу өнімдерін бөліп шығару.

  • СУ-ЭЛЕКТРОЛИТТЕР АЛМАСУЫНА ҚАТЫСУЫ тер бөлу арқылы

  • ЖЫЛУ РЕТТЕУШІ – организмде жылу шығарудың 80%-ы тері қантамырлырының межеқуатының өзгеруі және тер бөлу арқылы іске асырылады. Тері асты шел-май қабаты арқылы жылу шығарылуы азаюының маңызы бар орын алады.

  • НІЛ ТҮЗУ – меланин өндірілуі

  • ВИТАМИН D-нің өндірілуіУКС әсері арқылы арқылы

  • ҚАБЫЛДАҒЫШТЫҚ суық, жоғары температура, ауыру әсерінен болатын әсерленіске, табандық, пиломоторлық және т.б. рефлекстерге сезімдік, температуралық, сипап сезу сезімталдықтары, (жанасу, ауыру, температураны сезіді қамтамасыз ететін Меркель жасушалары, орталыққа бағытталған және қимылдық жүйке талшықтары, бос және қапталған жүйке талшықтары қатысу.

  • СІҢІРУЛІК – теріге түскен заттарды жүйелі қанайналымға сіңіру. Балаларда терінің сіңірімділігі және өткізгіштігі жоғары болып келеді. Сондықтан балаларда теріге дәрілік заттарды жаққанда оның жалпы әсері көрінуі мүмкін. Сонымен қатар балалардың терісі сыртан қолданылатын заттарға аса сезімтал болып келеді. Қарт адамдарда терінің өткізгіштігі төмендейді.

  • ИММУНДЫҚ –тері және гиподерманың Лангерганс жасушаларымен антигенді-таныстыру, лимфоидты жасушалармен жергілікті иммундық бақылау,

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

  • Шығу тегіне байланысты:

  • алғанқы, сыртқы патогенді жайттармен туындатылған (пиодермиялар, микоздар);

  • салдарлық, басқа жүйелер мен ағзалардың ауруларына байланысты болатын

  • Даму тетігі бойынша:

  • қабынулық

  • дистрофиялық

  • аллергиялық

  • аутоиммундық

  • өспелік

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯСЫ