- •Патофизиология – 2. «жүйке жүйесі» модулі
- •Дәріс жинағы
- •Мый қанайналымының бұзылысы
- •Нарушение мозгового кровообращения
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқуалар
- •Сабақтың жүргізілу реті
- •Глоссарий
- •«Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Аралық бақылаудың 1-кезеңі - тестілеу
- •Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқуалар
№ 1 тақырып. «Мый қанайналымы бұзылысының патофизиологиясы. Сезімталдықтың бұзылысы. Жүйке жүйесінің қозғалыс қызметінің бұзылысы. Құрысулық синдром. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі. Менингиттің патогенезі. Жоғарғы жүйке әрекетінің патологиясы. Невроздар» (2 сағ).
Сабақтың мақсаты:
Жүйке жүйесі бойынша студенттердің білімін, тәжірибелік дағдысын, коммуникативті дағдыны, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру.
Оқыту міндеттері :
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Мый қанайналымы бұзылыстарының, жүйке жүйесінің қозғалыс және сезімталдықтың бұзылысының, құрысулық синдромның, невроздардың этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру
Коммуникативті дағдыны (өз ойын анық жеткізе білу, жолдастары мен оқытушының ойымен санасу, зейін беріп тыңдай білу) қалыптастыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
Мый қанайналымы бұзылысының этиологиясы мен патогенезі (ишемиялық және геморрагиялық инсульт).
Сезімталдықтың бұзылысы, түрлері, даму тетіктері.
Ауырудың анықтамасы, түрлері, этиологиясы мен патогенезі.
Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстары. Гипокинездік жағдай. Шала салдану мен сал ауруы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.
Гиперкинездік жағдай. Құрысулық жағдай туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.
Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі
Нейрожұқпаның этиологиясы және патогенезі.
Менингиттер, менингеалдық синдромның патогенезі
Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылысы, невроздар.
Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Ауызша сұрау, шағын топтармен жұмыс жасау, тестілеу
Сабақтың жүргізілу реті
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату |
5 мин |
2 |
1-6 сұрақтар бойынша пікірсайыс |
45 мин |
3 |
үзіліс |
10 мин |
4 |
7-10 сұрақтар бойынша пікірсайыс |
30 мин |
5 |
Тестілеу |
10 мин |
6 |
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау |
10 мин |
Глоссарий
ДКҚО – дерттік күшейген қозу ошағы – бақыланбайтын, қарқынды серпіндер өндіретін қатты әсерленген нейрондар топтары
ГПУВ – генератор патологически усиленного возбуждения – группа гиперактивных нейронов, продуцирующий интенсивный, неконтролируемый поток импульсов
Generator of pathologically amplified excitation - is a group of hyperactive neurons producing intensive, uncontrolled stream of impulses.
Салдану немесе плегия – еркін қозғалыстардың толық жойылуы
Паралич или плегия - полное отсутствие произвольных движений
Paralysis – is complete loss of movements
Шала салдану – еркін қозғалыстардың күші, жылдамдығы, тереңдігі төмендеуі
Парез - уменьшение амплитуды, скорости, силы произвольных движений
Paresis – is decreased amplitude, speed, strength of voluntary movements
Атаксия - қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылыстары
Атаксия - нарушение координации движений
Ataxia –is disturbances of movement coordination
Моноплегия – бір аяқ немесе қолдың шала салдануы немесе салдануы
Моноплегия - паралич или парез одной конечности (руки или ноги)
Monoplegia – is paralysis of one extremity (leg or hand)
Параплегия – екі қолдың немесе екі аяқтың салдануы немесе шала салдануы
Параплегия - паралич или парез обеих рук или обеих ног
Paraplegia – is paralysis of two hands or two legs
Гемиплегия - дененің сол немесе оң бөлігінің салдануы немесе шала салдануы
Гемиплегия - паралич или парез левой или правой половины тела
Hemiplegia – is paralysis of a half of the body (right or left)
Тетраплегия – қолдар мен аяқтардың салдануы немесе шала салдануы
Тетраплегия – паралич или парез рук и ног
Tetraplegia – is paralysis of two hands and two legs
Атетоз – қолдарда, әсіресе саусақтарда орныққан, «құрттәрізді», баяу, еріксіз қозғалыстар
Атетоз - непроизвольные, медленные, «червеобразные» движения, локализующиеся, главные образом, в верхних конечностях, особенно в пальцах
Athetosis - is slow, distal, writhing, involuntary movements with a propensity to affect the arms and hands.
Хорея – әртүрлі (аяқ-қолдар, бас және дене) бұлшықет топтарының тез, шатысқан, еріксіз жиырылуы
Хорея - беспорядочные, быстрые, непроизвольные сокращения различных групп мышц (конечностей, головы и туловища).
Chorea - is rapid, semipurposeful, graceful, dancelike, nonpatterned involuntary movements involving distal or proximal muscle groups
Тартылулар – бұлшықеттердің немесе бұлшықет топтарының күштенген қимылды дамытатын тез еріксіз жиырылулары
Тик - быстрые непроизвольные стереотипные сокращения мышцы или группы мышц, вызывающие насильственные движения
Tics – is brief, repeated, stereotyped muscle contractions that are often suppressible
Діріл – дененің немесе оның бөліктерінің еріксіз қалтырауы
Тремор - непроизвольное дрожание тела или его частей
Tremor - is rhythmic oscillation of a body part due to intermittent muscle contractions. (cerebellum and inferior olives have been implicated as possible sites of a "tremor pacemaker")
Анестезия – сезімталдықтың толық жойылуы
Анестезия - полная утрата чувствительности
Anestesia – is loss of sensitivity
Гип(о)естезия - сезімталдықтың төмендеуі
Гип(о)естезия - понижение чувствительности
Hypoestesia – is decreased sensitivity
Гиперпатия - тітіркендіргіштің әсерінен айқын жағымсыз сезімнің пайда болуы
Гиперпатия - появление резкого неприятного чувства при нанесении раздражения
Hyperpathia, a broad term, encompasses all the phenomena described by hyperesthesia, allodynia, and hyperalgesia. With hyperpathia, the threshold for a sensory stimulus is increased and perception is delayed, but once felt, is unduly painful.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 581-660
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-247
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704
Қосымша
Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 324-326, 351-359
А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-51
БАҚЫЛАУ (тест тапсырмаларын орындау)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 447-465 негізінде құрастырылған.
СОӨЖ (4 сағат)
Жүйке жүйесі патологиялары бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру. Аралық бақылау.
Сабақтың мақсаты:
Тәжірибені орындауда тәжірибелік дағдыны, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды және құқықтық дағдыны қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
тәжірибелік дағдыны, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды қалыптастыру
тышқандарда камфоралық эпилдепсияны тәжірибеде орындауда тәжірибелік дағдыны қалыптастыру
тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасауда ереже туралы білімін бекіту (ҚР ДСМ № 697 бұйрығы, 12.11.2009)
Жүргізу түрі
Шағын топтарда жұмыс жасау: тәжірибе орындау, «мылқау» кестені толтыру, кейс-стади.
Тәжірибелік жұмыс
1- тапсырма. |
Ақ тышқандарда «камфоралық қояншық ауруының» туындауына жүйке жүйесі қызметінің әсерін зерттеу. |
Әдісі. Тәжірибе үшін үш ақ тышқан алынады. Олардың біреуінің бұлшық етіне 0,15 мл 5% кофеин ерітіндісін енгізеді. 10 минут өткеннен соң үш тышқанның бұлшық етіне 0,15 мл 20% камфордың майлы ертіндісін енгізеді. Кофеин енгізбеген бір тышқанға эфирлі наркоз беріледі. Жануарларда қимыл бұзылысы дамуын және оның әр тышқанда камфора енгізгеннен кейін туындау мерзімін, айқындалу дәрежесін белгілей отырып бақылау. Әртүрлі қимыл-қозғалыс бұзылыстары дамуының бірізділігіне мән беріңіз.
2 - тапсырма. |
Бақалардағы «камфоралық қояншық ауруының» көрінісіне жоғарғы және төмен температураның әсерін зерттеу. |
Әдісі. Екі бақаның жұлын мый сұйығының лимфалық қапшығына 20% майлы камфораның ерітіндісі енгізіледі (20 г дене салмағына 0,1 мл). Бір бақа бөлме температурасындай суы бар ыдысқа, ал екіншісі 35-37С дейін қыздырылған суы бар ыдысқа салынады. Құрысу түріндегі қимыл-қозғалыс дамуының бұзылысы бақа денесінің температурасы жоғарылаған кезде ғана болатынына мән беріңіз.
Алынған мәліметтерді талдап, байқалған бұзылыстардың даму тетіктеріне қорытынды жасаңыз.
№ 3 тапсырма. Кестені толтырыңыз
Сезімталдық бұзылысының даму тетіктері
Тетіктері |
Патогенезі |
Қабылдағыштық |
|
Өткізгіштік |
|
Орталықтық |
|
№ 4 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Сезімталдық бұзылысының түрлеріне атау беріңіз
Бұзылыс түрлері |
Түсініктің анықтамасы, патогенезі |
|
Сезімталдықтың толық жойылуы. Серпіндердің қабылдағыштардан өткізгіштер арқылы мый қыртысы аймағына өтуде бөгеттердің болуымен байланысты. |
|
Сезімталдықтың төмендеуі. Қозу табалдырығының жоғарылауы салдарынан дамиды. |
|
Сезімталдықтың жоғарылауы. Қозу табалдырығының төмендеуі салдарынан дамиды. |
|
Ауыруға сезімталдықтың шектен тыс жоғары болуы |
|
Сипап сезу және терең сезімдердің сақталғанына қарамай, ауыру және температуралық сезімталдығы жойылған. |
|
Тітіркендіргіштерді қабылдаудың бұрмалануы (жылу - суық тәрізді, сипау - ауыру тәрізді қабылданады). |
|
Тітіркендіргішті дерттік қабылдау - ауыруды пайда болған жерінде емес дененің симметриялы қарсы бетінде сезіну. |
|
Бір тітіркендіргіш бірнеше сияқты қабылдануы. |
№ 5 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Ауыру түрлеріне сипаттама беріңіз
Ауыру ерекшеліктері |
Эпикриздік ауыру |
Протопатиялық ауыру |
Қоздырғыш көзі |
|
|
Жасырын кезеңі |
|
|
Қоздырғышты жойғаннан кейінгі ұзақтығы |
|
|
Өткізетін талшықтың түрі |
|
|
Қабылдау табалдырығы |
|
|
Орналасуы |
|
|
№ 7 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ 1 есеп
Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай, үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол басының қатты айналуы мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.
Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі (шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.
1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды?
2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма?
3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?
№ 2 есеп
Науқас А., 72 жаста, денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқас сол аяғымен және сол жақ қолымен қозғалта алмаған, сөйлеу қабілеті қиындаған. Анамнезінде науқастың артериялық гипертензиямен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарез, сол жағында Бабинский рефлексі оң. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.
Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдалуынан болуы мүмкін?
Науқаста пайда болған парездің түрін көрсетіңіз, оның сипаттамасын берініз.
Нейронның гипоксиялық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз.
Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады? Осы патологияның тағы да басқа қандай қуып- қатер ықпалдарын білесіз?
№ 3 есеп
Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.
Невроздың қандай түрі науқаста дамыған ?
Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі мен патогенезін түсіндіріңіз?
Тағыда басқа қандай невроздардың түрін білесіз, олардың сипаттамасын беріңіз.
Неврозды эксперимент жүзінде қалай үлгілейуге болады?
№ 4 есеп
Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Көрсетілген аурудың этиологиясын түсіндіріңіз
Тырыспа ұстамалық синдромның патогенезін түсіндіріңіз
Тағыда қандай гипнркинездерді білесіз, олардың патогенезін түсіндірініз
№ 5 есеп
Орта жастағы ер адам жедел жәрдем ауруханасына ес-түссіз жеткізілді. Науқасты алып келген мейірбикенің айтуы бойынша, науқас бірден құлап, селкілдек-тырысқақ ұстамасы басталды. Зерттеулер барысында: науқастың санасы шатысқан, дене қызымы 38С, АҚ 170/90 мм с.б.б., пульсі мин.105 рет, тыныс жиілігі мин. 18 рет, денесінің сол жағының қимыл - қозғалысы төмендеген, Бабинский рефлексі екі жақтан анықталды.
Науқаста мый қан айналымының қандай бұзылысы бар? Аңғарымды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?
Науқастағы тырысулар мен дене қызуы көтерлуінің патогенезін түсіндіріңіз.
Бабинский рефлексінің пайда болуымен қозғалыстың шектелу патогенезін түсіндіріңіз
Аталған дертте АҚ көтерілуінің қандай маңызы бар
№ 6 есеп
Науқас И., 42 жаста, оң қолының үдемелі әлсіздігіне, ауыру сезімінсіз күйіктеріне және жарақатына, сәл сыдырылған терісінің ұзаққа созылған іріңді жараларына шағымданып жеткізілді. Бұндай өзгерістерді алғаш рет 5 жыл бұрын анықтаған. Соңғы жарты жыл ішінде қатты тағамдарды жұтуы қиындап, сонымен қатар дауыстың мұрындық тембрі пайда болғандығы анықталды. Невропатологтың зерттеуі барысында қабағының төмен түсуіне байланысты оң көз ойығының тарылғаны, беттің оң бөлігінің ауыру сезу қабілетінің төмендегені, жұмсақ таңдайдың салбырауы, жұту рефлексінің болмауы, оң жақтағы дауыс байламының шала салдануы, оң саусақтың сүйекаралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері, оң қолында периостальдық рефлексінің болмауы, оң жақтық бөліктік-ажырау түрі бойынша ауырулық және жылу мен суық сезімінің жоғалуы, аяқтарында «тірі» шеміршектік рефлекстердің сақталуы анықталды.
1. Науқастағы медициналық терминдерге сәйкес әйгіленімдерді табыңыз.
2. Берілген бұзылыстар дамуының мүмкіндік тетіктері қандай?
3. Жүйке жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуының қай деңгейінде берілген науқаста дерттік үрдіс дамуы мүмкін: а) сезімталдықтың бұзылысы, б) қозғалыстың бұзылуы?
4. Жүйке жүйесінің қызметі бұзылысының сипатын және ауру ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, көрсетілген бұзылыстардың себептерін және мүмкін болатын дерттік үрдіс туралы ойыңызды құрастырыңыз
№ 7 есеп
16 жасар бозбалада ауруханаға түсерден 3 ай бұрын қолдың үдемелі дірілі және түрткі тәрізді қозғалысы пайда болды. Туысқандарының айтуынша, кезеңдермен күлкі ұстамасы және жұтынудың қиындауы байқалған. Неврологиялық зерттеуде бет еттерінің қимылдауы, дизартриялық сөйлеуі, дірілдеу, екі қолының қатып қалуы және тырысулық қозғалысы байқалады. Тесікті шамның жарығымен тексергенде көзінің қасаң қабығында Кайзер-Флейшер жүзігі анықталды. Қанда церулоплазминнің азаюы және бауырда мыстың көбеюі анықталды. Науқасқа гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы) аңғарымы қойылды.
Аурудың патогенезі қандай?
Неврологиялық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
№ 8 есеп
Науқас Б., 52 жаста, мый қанайналымының жіті бұзылысымен ауырған, оң жақтық гемиплегия анықталады. Оң қолы мен оң аяғы бұлшықеттерінің межеқуаты төмендеген. Жұлындық рефлекторлық серпілістері күшейген. Бұлшықеттердің атрофиясы байқалмайды. Зақымданған жағындағы табанын тітіркендіргенде аяқ саусақтарының бүгілуін тудырмайды
Науқаста қандай нейропатологиялық үрдіс дамыды?
Анықталған бұзылыстардың тетіктері қандай?
№ 9 есеп
Науқас С, 33 жаста, клиникаға «жедел жәрдем» машинасымен келіп түсті. Науқас аяқтарының белсенді қозғалысы шектелген. Бұлшықеттерінің межеқуаты жоғары. Тізе және ахилл сіңірі рефлекстері жоғары, табандары мен тізелері құрысқан. Бабинский дерттік рефлексі – оң (табанын тітіркендіргенде аяқтың І саусағының бүгілуі) және Россолимо (саусақтарының ұшын ұрғылағанда табанының барлық саусақтарының тез бүгілуі) екі жақта да оң. Шап қатпарларынан төмен қарай сезімталдықтың барлық түрі жойылған (өткізгіш жолы бойынша). Зәрі мен нәжісінің ұсталуы (болмауы) байқалады.
Науқаста жұлынның қай бөлігі бұзылған?
Науқаста жұлынның қандай өткізу жолдары бұзылған ?
Науқаста параличтің қандай түрі дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз, Үлкен дәретімен зәрдің шығу тоқтағанының патогенезін түсіндіріңіз
Сезімталдық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз
