
- •Патофизиология – 2. «асқорыту жүйесі» модулі
- •Дәріс жинағы
- •1. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.
- •Ұйқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері:
- •1. Ұйқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері
- •2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылыстарының патогенезі
- •3. Панкреатиттің негізгі себептері
- •Глоссарий
- •Сабақтың жүргізілу реті
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру
- •«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Машықтық дағдылардың тізімі
«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
Мақсаты:
Аудиториялық және аудиториядан тыс (өзін өзі жетілдіру) өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау бойынша машықтық дағдысын, ситуациялық есептерді сараптауы бойынша коммуникативті дағдысын бағалау
Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:
Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.
Жұтыну бұзылуы синдромының даму себептері және тетіктері. Гипер - және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Шайнау және жұтынудың бұзылуы, себептері, салдарлары.
Асқазандық диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері. Асқазанның тағам қоймалық, сөлденістік, қимылдық, сіңірулік, шығарулық,тосқауылдық және қорғаныстық қызметінің бұзылыстары
Асқазанның шырышты қабатының зақымдану себептері және тетіктері. Асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара ауруы туралы түсінік.
Асқазан-өңештік кері лықсу ауруы (АӨКЛА), этиологиясы, патогенезі.
Ұйқы бездің экзокриндік қызметі бұзылуының этиологиясы.
Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылуының патогенезі.
Жедел және созылмалы панкреатиттің этиологиясы және патогенезі.
Балаларда ұйқы безі қызметі бұзылуының ерекшеліктері.
Қуыстық асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.
Іргелік асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.
Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
Ішектің қимылдық және тосқауылдық-қорғаныстық қызметінің бұзылуы. Іш қату және іш өту, себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.
Балаларда қарапайым және уыттық диспепсиялардың этиологиясы және патогенезі.
Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы.
Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасудың және физиологиялық жүйелер қызметтерінің өзгерістері.
Бауырдың уытсыздандырулық қызметі, тәжірибеде зерттелуі
Бауырлық кома, патогенезі.
Қақпалық гипертензияның түрлері және даму тетіктері.
Сарғыштану,анықтамасы, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері, билирубин алмасуының бұзылуы.
Механикалық сарғыштану, себептері, даму тетіктері. Холемия және ахолия, салдарлары, билирубин алмасуының бұзылуы.
Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі, билирубин алмасуының бұзылуы.
Жаңа туылғандардың физиологиялық сарғыштануы, патогенезі.
Тұқым қуатын энзимопатиялық сарғыштанулар, патогенезі.
Балаларда бауыр қызметі жетілмеуінің көріністері.
1 – КЕЗЕҢ – ТЕСТІЛЕУ
Тест тапсырмалары
Асқорыту жеткіліксіздігі.
1. Гиперсаливация байқалады
сілекей бездерінің өспесінде
сиалолитиазда
кезбе жүйкенің межеқуаты жоғарылағанда
кезбе жүйкенің межеқуаты төмендегенде
күшті эмоцияларда
2. Гиперсаливация әкеледі
асқазан сөлі түзілуінің күшеюіне
ксеростомияға
көптеген тіс жегінің дамуына
ауыз қуысында қабыну үрдістерінің дамуына
жұтынудың қиындауы
3. Гипосаливация байқалады
стоматитте
ішек құрт ауруында
сиалолитиазда
сопақша мыйлық салдануда
жүктіліктен уыттану (гестоздар)
4. Гипосаливация қабаттасады
ксеростомиямен
сілекейдің көп бөлінуімен
птиализммен
терінің сыдырылуымен
асқазан сөлінің бейтараптануымен
5. Толастамайтын құсу кезінде пайда болады
А) гиперкәлиемия
В) гипернатриемия
С) гиперхлоремия
Д) метаболизмдік алкалоз
Е) толық және шала салдану
6. Асқазан сөлі бөлінуі төмендеуінің себебі
асқазанды артық парасимпатикалық түрткілеу
секретиннің өндірілуінің төмендеуі
гастрин өндірілуінің азаюы
гистамин шығуының жоғарылауы
Золлингер-Эллисон синдромы
7. Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы әкеледі
асқазанда ашу мен шіру үрдістерінің дамуына
астың асқазаннан ішекке өтуінің баяулауына
асқазаннан түскен астың ұлтабарда өндірілетін заттармен тез бейтараптануына
іш өтуіне
асқазан қалтқысының ашық болуы
8. Асқазандық ахилия – бұл
асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы
ішекке өттің түспеуі
асқазан сөлінде ферменттердің көбеюі
асқазан секрециясының мүлде болмауы (тұз қышқылы мен ферменттердің)
аш ішекте сөл бөлінуінің болмауы
Гипохлоргидрияға әкеледі
гастрин өндірілуінің жоғарылауы
асқазанның шырышты қабығының іргелік жасушаларының көбеюі
кезбе жүйкенің межеқуатының жоғарылауы
атрофиялық гастрит
соматостатиннің тапшылығы
10. Асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуі әкеледі
асқазанда тағамның тұрып қалуы
іш қатуына
іш өтуіне
пепсиннің белсенділігінің артуы
Е) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы
11. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі
асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы
кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі
Helicobacter pylori
бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі
асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы
12. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі
асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы
простагландиндердің өндірілуінің белсенденуі
кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі
асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы
Е) бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі
13. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының патогенезіндегі «қорғаныстық себепшарттарына» жатпайтыны
шырыш пен бикарбонаттардың сөлденісі
гиперкортизолизм
простагландиндердің белсенді сөсденісі
қанмен жеткілікті қамтамасыз етілу
шырышты қабықтың белсенді регенерациясы
14. Қуыстық асқорыту бұзылыстарының көріністеріне жатпайтыны
гипорексия
гиперрексия
іш кебу
мол іш өту
стеаторея
15. Мәлабсорбция синдромы сипатталады
өттің ішекке түсуінің күшеюімен
ұйқы безінің ішкі сөлденіс қызметінің бұзылуымен
мәлтоза сіңірілуі күшеюімен
аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуі бұзылуымен
Е) асқазанда сіңірілу үрдісінің күшеюімен
16. Алғашқы мәлабсорбцияға әкеледі
лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы
гипохолия
панкреатиттер
гипохлоргидрия
гастриттер
17. Салдарлық мәлабсорбция дамуы байланысты
глютен айырылуының тұқым қуалайтын бұзылысына (глютен ауруына)
созылмалы панкреатитке
лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығына
целиакияға
дисахаридазаның тұқым қуалайтын тапшылығына
18. Мәлабсорбция көрінісіне жатпайтыны
газдық емес алкалоз
гиповитаминоздар
нағыз гиперпротеинемия
қорытылмаған тағам қалдықтары бар мол нәжіс
осмостық іш өту
19. Панкреатиттік ахилияның жиі кездесетін көрінісіне жатады
дене салмағының төмендеуі
В12 витаминінің жетіспеушілігі
стеаторея
остеопороз
нефролитиаз
20. Панкреатиттік ахилия кезіндегі В12 витаминінің жетіспеушілігінің патогенезі
А) В12 витаминін R нәруызымен бұзылуының зақымдалуы
В) В12 витаминінің тамақпен түсуінің бұзылуы
С) Гастромукопротеидтің өндірілуінің бұзылуы
D) ішекте темірдің сіңірілуінің бұзылуы
Е) В12 витаминінің қабылдағышының болмауы
21. Жіті панкреатиттің жиі себебі болып табылады
іш қуысының жарақаты
жұқпалар
аутоиммундық зақымдалулар
әлкөгөл ішу
гиперкәлциемия
21. Сөлденістік іш өту дамиды
вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі артқанда
ішек ішіндегінің осмостық қысым жоғарылағанда
қуыстық және іргелік асқорытудың бұзылуында
ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде
гипертиреозда
22. Жіті панкреатитті анықтауда маңызы бар фермент
АСТ
ЛДГ
Сілтілік фосфатаза
Липаза
АЛТ
23. Жіті панкреатиттің негізгі тізбегінің дамуына мынаның белсенденуі әкеледі
трипсиннің
эластазаның
калликреин-кинин жүйесінің
қан ұю жүйесінің
фибринолитикалық жүйенің
24. Стеаторея, мынаның жеткіліксіздігінің салдары болып табылады
панкреатикалық липазаның
липопротеидлипазаның
панкреатикалық амилазаның
трипсиннің
эластазаның
25. Сөлденістік диарея дамиды
вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде
ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда
С) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында
D) ішек қимылының әлсіреуінде
Е) гипертиреозда
26. Қатты қимылдық іш өту дамиды
вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде
ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда
ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда
ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде
гипотиреозда
27. Осмостық диарея дамиды
ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда
қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында
ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде
гипертиреозда
стрессте
28. Түйілулік (қатты қимылдық) іш қату пайда болады
дизентерияда
ахлоргидрияда
гипокинезияда
ахилияда
асқазан сөлденісі жоғарылағанда
29. Атониялық (аз қимылдық) іш қату пайда болады
отадан соңғы кезеңде ішектің шала салдануында
ішек түйілуінде
қорғасынмен уыттануда
гиперхлоргидрияда
ішек ішіндегі осмостық қысым жоғарылағанда
30. Ауқаттық іш қату пайда болады
тағамда өзек аз болғанда
дәретке отыру шартты рефлексінің бұзылуында
көтенішек аймағының ауруларында (көтенішектің тілінуі, парапроктит, көтеу)
гипотиреозда
Гиршпрунг ауруында (алып тоғішек)
31. Гастро-эзофагалді рефлюкс ауруының даму патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады
азот тотығының өндірілуінің төмендеуі
В) ВІП өндірілуі көбейгенде
төменгі өңеш қыспағының межеқуаты төмендегенде
сұйықтық және электролиттерді жоғалту
кезбе жүйкесінің межеқуатының артуы
32. Ішектік аутоуыттану уыттық ықпалына байланысты
ішекте нәруыз іріп-шіру өнімдерінің және биогендік аминдердің
тура емес билирубиннің
кетондық денелердің
өт қышқылдарының
тура билирубиннің
33. Алғашқы бауыр жеткіліксіздігін шақыруы мүмкін
А, В, С, Д, Е ж.б. гепатит вирустары
лейкоздар
жүрек жеткіліксіздігі кезінде
сілеймеде
қант диабетінде
34. Салдарлық бауыр жеткіліксіздігін дамытады
хлороформ
механикалық жарақат
саңырауқұлақ улары
бауыр эхинококкозы
жүрек жеткіліксіздігі
35. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде көмірсу алмасуының бұзылыстары сипатталады
бауырда гликоген мөлшерінің жоғарылауымен
гиперлактатацидемия және тамақтану арасында гипогликемияға бейімділікпен
глюконеогенездің белсенділенуімен
гликогенолиздің бәсеңдеуімен
гликогеногенездің белсенділенуімен
36. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі нәруыз алмасуының бұзылыстарының көріністеріне жатады
геморрагиялар
палмарлы эритема
сарғыштану
холемия
ахолия
37. Гепатоциттердің зақымдалуының алғашқы көрінісіне жатады
сілтілік фосфатазаның жоғарылауы
сарғыштану
қанда аммиак деңгейінің артуы
Қанда АЛТ және АСТ-ның белсенділігінің артуы
Кетоз
38. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде геморрагиялық синдром, бұзылуына байланысты
протромбин мен фибриноген түзілуінің
протеин С түзілуінің
протеин S түзілуінің
тура билирубин түзілуінің
антитромбин III өндірілуінің
39. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде гормондар алмасуының бұзылыстары сипатталады
эстрогендер белсенділігінің төмендеуімен
алғашқы әлдостеронизм дамуымен
салдарлық әлдостеронизм дамуымен
қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің төмендеуімен
алғашқы гиперпаратиреоз дамуымен
40. Бауырда уытсыздандырылатын ішек уы
биогендік аминдер (кадаверин, путресцин)
тура билирубин
тура емес билирубин
кетондық денелер
зәрнәсіл
41. Организмге айқын уытты әсер ететін қосынды
тура билирубин және глюкоза
тура емес билирубин және өт қышқылдары
уробилиноген
стеркобилиноген
эстерифицирленген холестерин
42. Қосылулық (шунттық) бауырлық кома патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :
Бауыр беріштенуі® ? ® қақпа-қуыс көктамырлық және қуыс-қуыс көктамырлық анастомоздар дамуы ® қанның біраз бөлігінің бауырға бармай жалпы қан ағымына түсуі ® ішектік улар және алмасу өнімдерімен уыттану
қақпалық гипертензия
бауыр ұлпасының көлемді өліеттенуі
өт түзілуінің бұзылуы
өт жолдарының дискинезиясы
ацидоз
43. Бауырлық шунттық команың патогенезіндегі негізгі тізбек
гипогликемия
ацидоз
организм аутоуыттануы
гипербилирубинемия
гипергликемия
44. Бауыр үсті сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі
организм дегидратациясы
жүрек жеткіліксіздігі
инсулиннің жеткіліксіздігі
өт ағып кетуінің бұзылуы
эритроциттер гемолизінің күшеюі
45. Гемолиздік сарғыштану кезінде байқалады
қарқынды боялған нәжіс
стеркобилин және уробилин мөлшерінің жоғарылауына байланысты қою түсті несеп
қанда тура билирубиннің жоғарылауы
холемия и ахолия
зәрде тура емес билирубиннің жоғарылауы
46. Ұлпалық сарғыштану байқалады
тобы сәйкессіз қан құюда
уыттық гепатитте
ана организмі және ұрық арасындағы резус сәйкессіздікте
гемолиздік улармен уланғанда
безгекте
47. Бауырлық сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі
эритроциттердің күшейген гемолизі
өт ағып кетуінің бұзылуы
гепатоциттердің зақымдануы
өт жолдарының дискинезиясы
ахилия
48. Ұлпалық сарғыштануға тән
қанда АСТ және АЛТ белсенділігі жоғарылауы
қою қоңыр түсті нәжіс
гипергликемиялар
несепте тура билирубиннің пайда болуы
ахилия
49. Холемия әйгіленімдері дерттік әсеріне байланысты
холестериннің
тура емес билирубиннің
май қышқылдарының
өт қышқылдарының
50. Холемия кезіндегі брадикардияның тетігі байланысты
жүрекке парасимпатикалық әсерлердің белсенділенуіне
жүректің өткізгіштік жүйесі бойымен серпін өткізілуінің бөгелуіне
синустық-жүрекшелік торапқа өт қышқылдарының тікелей әсеріне
синустық-жүрекшелік торапта серпіннің қайтадан ену тетігінің белсенділенуіне
миокардта эктопиялық қозу ошақтарының пайда болуымен
51. Бауыр асты сарғыштанулар патогенезінің негізгі тізбегі
гепатоциттердің зақымдануы
сиалолитиаз
уролитиаз
эритроциттердің күшейген гемолизі
өт ағып кетуінің бұзылуы
52. Ішекке өт түспегенде дамымайтыны
ішек қимылының әлсіреуі
А, Д, Е, К витаминдері сіңірілуінің азаюы
В тобындағы витаминдер және С витамині сіңірілуінің төмендеуі
ішекте нәруыздар шіруінің күшеюі
қан ұйығыштығының төмендеуі
53. Механикалық сарғыштану кезіндегі қанағыштық байланысты
Виллебранд жайтының тапшылығына
тромбоцитопенияға
антикоагулянттардың артықтығына
тромбоцитозбен
ішекте К витамині сіңірілуінің бұзылуына
54. Қақпа көктамырлық гипертензия пайда болуы мүмкін
сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінде
қансырауда
бауыр беріштенуінде
гиповолемияда
организмнің сусыздануында
55. Өт-тас ауруы патогенезінде маңызы жоғы
өт жолдары қабынуының
өт іркілуінің
жұқпаның
өтте өт қышқылдарының азаюына және холестериннің көбеюіне әкелетін холаттық/холестериндік коэффициент (өт қышқылы/холестерин) төмендеуінің
өтте өт қышқылдарының көбеюіне және холестериннің азаюына әкелетін холаттық/холестериндік коэффициент (өт қышқылы/холестерин) жоғарылауының
ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАҒДЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
нұсқа
1. Медико-биологиялық эксперимент –бұл
әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерінің тиімділігін тексеру және өңдеу
нақты ғылыми зерттеулерді тексеру
зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
Үлгіге қойылатын талаптар:
дерт дамытуға және оны үлгілеуге қолданылатын себептің және жағдайдың сәйкестігі
дерттің функционалдық және морфологиялық айырмашылығы
сәйкес асықынулар дамуынан айырмашылығы жануарды бір түрін қолдану
3. Жануарларда медико-биологиялық эксперимент және клиникаға дейінгі зерттеулер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартына сәйкесжүргізіледі:
А) «Тиісті зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалар»
В) «Вивариийлерді құру, жабдықтау және күту санитарлық ережелері»
4.Кәмелеттік жасқа толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жазбаша түрде келісуі қажет
А) медициналық –әлеуметтік сарапшы комиссия тұжырымы
В) асырау және қамқорлық көрсету комиссиясы
С) ата-анасының келісу қажет емес
Д) олардың заңды ұстаушысы
5. Калибровка - бұл
прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зертеу
әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
6. Ғылыми-техникалық зерттеуханалардың меңгерушілері қадағаламайды:
А) зерттеулердің жүргізіліуін
В) құжаттарды жүйелі түрде толтырылуын,
С) жинақталған мәліметтердің дәлелімділігі мен сапасын, алынған нәтижелердің өңделуін
Д) зерттеушілердің жеке басты қызығушылықтарын
7. «Қазақстар Республикасында клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық сынақтарды жүргізу ережелері» 2007 жылғы 25 шілдедегі бұйрықтың номері
А. №523
В. №506
С. № 697
D. № 582
Е. № 124
8. Клиникалық зерттеуде басты маңыздысы
А) ғылыми қызығушылық
В) қоғамдық қызығушылық
С) зерттеушінің қызығушылығы
Д) зерттелушінің құқығы, қауіпсіздігі және денсаулығы
9. Зерттеудің немесе жеке бөліктерінің аяқасты тоқтатылатындығын зерттеу жетекшісі мәлімдеу қажет
А) денсаулық саласындағы меңгеру мекемесін және әдептілік сұрақтары бойынша комиссияны
В) адам құқығы бойынша комиссияны
С) медициналық-әлеуметтік комиссияны
Д) тергеу комитетін
10. Ақпараттық келісім –бұл
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілетін үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
әртүрлі адамдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
2 - нұсқа
1. Клиникаға дейінгі зерттеулер –
Клиникалық тәжірибеге енгізу алдында жүргізілетін биологиялық, токсикологиялық, химиялық, физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, аңғарымдау және емдеудің жаңа тәсілдері
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
2. Медико-биологиялық эксперимент келесі негізгі міндеттерді атқармайды:
жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет
ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ, заңдылықтарды негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады
клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстармалы гарант болып табылады
клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады
3. Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық эксперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді:
ресурстар
сәйкес басқару
зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау
құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі
виварийде жануарларды сәйкессіз ұстау
4. Клиникалық зерттеулер өткізуге тыйым салынбайды
А) әскери қызметкерлерге;
В) бостандықтан бас кешкендерге, тергеу айықтырғышта қамауда отырғандарға;
С) сот арқылы қабілетсіз деп анықталғандар
Д) зерттелетін адам жазбаша түрінде өз еркімен келісім немесе денсаулық сақтау ұжымымен келісім шарты бойынша
5. Валидация - бұл
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технолгиялар, аурулардың алдын алу, дагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
6. Зерттелетін нәтижелері бойынша жауапты орындаушы құрастырады:
есеп
құжат
келісім шарт
кәсіптік хат
7. Есепте көрсетілмейді:
А) тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі
В) тәжірибе барысында өткізілген аудиттер туралы мәлімет
С) өлшемдік құқықтық құжаттарға және әдебиет көздеріне сүйенген қолданылған әдістердің сипаттамалары
Д) қызметкерлердің жеке мәліметтері
8. Сынақтан өткізілетін жеке тұлғаны анықтайтын мәліметтер лауазымды
А) ҚР заңы талаптарына сәйкес жеке бастың құпиясын сақтап қорғалады
В) БАҚ беттерінде жарияланады
С) интернет жүйесінде жарияланады
Д) халыққа жолдама ретінде жарияланады
Е) факс арқылы жіберіледі
9. Клиникалық зерттеулер мақұлданған сәйкестік хаттамаларымен жүргізіледі:
А) әдептілік сұрақтар комиссиясымен
В) адам құқығы бойынша комиссиясымен
С) сапа және тәжірибені тиімді өткізу сарапшы комиссиясымен
Д) медицина –әлеуметтік сарапшы комиссиясымен
10.Сынақтан өткізілетін – бұл:
А) зерттелетін заттардың клиникалық сынақтан өтетін науқас
В) қызығушылық танытқан студенттер
С) ғылыми қызметкер
Д) ауырған жануар
Аралық бақылаудың 2 – кезеңі – клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау (ситуациялық есептерді сабақтардан, СӨЖ-ден қараңыз)