- •Патофизиология – 2. «асқорыту жүйесі» модулі
- •Дәріс жинағы
- •1. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.
- •Ұйқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері:
- •1. Ұйқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері
- •2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылыстарының патогенезі
- •3. Панкреатиттің негізгі себептері
- •Глоссарий
- •Сабақтың жүргізілу реті
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру
- •«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
- •Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Машықтық дағдылардың тізімі
Сабақтың жүргізілу реті
№ |
Сабақ кезеңдері |
уақыты |
1 |
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату |
5 мин |
2 |
1-4 сұрақтар бойынша пікірсайыс. Кейс-стади |
45 мин |
3 |
үзіліс |
10 мин |
4 |
5-10 сұрақтар бойынша пікірсайыс Кейс-стади |
30 мин |
5 |
Тестілеу |
10 мин |
6 |
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау |
10 мин |
Кейс-стади
№ 1 есеп.
46 жастағы Науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.
Тарихы: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын соң кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); осыдан кейін тағы 2–3 рет ішінде,қатты ауыру оқиғалары болды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.
Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л (371 мг%), глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болған кезде), айқын стеаторея, ұлтабарды, түрткілік сынаманы,яғни көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.
Ұйқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.
Науқаста ұйқы безінің қызметтік жағдайын, қажетті дәлелдерді (клиникалық деректер, зерттеуханалық талдамалардың және құралдық зерттеулердің нәтижелерін) келтіре отырып, бағалаңыз.
Ұйқы безінің қызметтерін бағалау негізінде, ұйқы безде қандай дерттік үрдістер дамығаны және олардың мүмкіндік себептері қандай екені туралы болжам айтыңыз?
Науқаста алғашқы аңғарымды, аса жоғары дәрежелі мүмкіндікпен құптау (немесе қабылдамау) үшін, қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
Сіз болжаған дерттік үрдістер, ұйқы безінде, бір біріне тәуелсіз дами ала ма? Ал талданып отырған жағдайда —олар өзара байланысты бола ала ма? Егер солай болатын болса, онда олардың пайда болуның аса мүмкіндік бірізділігі қандай?
Науқас, Сіздіңше, қандай аурумен (немесе қандай аурулармен) азап шегеді.
Науқастың соңғы кезде, сонша айтарлықтай жүдеуін қалай түсіндіруге болады?
№ 2 Есеп.
Науқас, 31 жаста, клиникаға «Жедел жәрдем» көлігімен әкелінген. Түскен кезде: енжар,тежелген,селқос,сұрақтарға жауабы бірден емес және сәйкессіз. Тілі өңезделген. Дене қызуы 36,5 °С. Тері және шырышты қабықтар сарғайған, денесінің жоғарғы жағындағы терісінде телеангиэктазиялар бар, алақанында қызару байқалады.
Шемендік сұйық жиналғандықтан іші үлкейген, бұл бауырды қол ұшымен тексеруді қиындатады. Аяқтарының ісінуі байқалады. жүректің сол қарыншасының көлемі аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм рт.ст., ЖСЖ 90, тамыр соғуының ырғағы қалыпты.
Қанды зертханалық зерттеудің нәтижелері:
Қанның жалпы талданымы:
Нb
108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л,
лейкоциттер 4,8´1012/л;
ЭТЖ 35 мм сағ
Қанның биохимиялық зерттелуі:
Жалпы билирубин 7,1 мг%; қант 80 мг%; КД (кетондық денелер) қалыптыдан жоғары
Зәрнәсілдің мөлшері азайған; протромбиндік индекс төмендеген;
холинэстеразаның белсенділігі төмендеген
Австралиялық Аг табылмады
Науқас алақандарының көрсетілген өзгерістерінің, яғни тері қан тамырларының құрылымының және тұрақты қызарудың даму тетіктері қандай? Осындай әсерлерге тағы қандай әйгіленімдер байланысты?
Қақпалық гипертензия және шемен патогенезінің түрлері қандай? Организм қызметтерінің салдарлық бұзылыстарында шеменнің маңызы қандай?
Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар ма? Егер бар болса, онда олардың даму тетігі қандай?
Клиникалық және зертханалық деректерді ескере отырып, көбінесе не туралы ойлауға болады: қантты диабет, бауырдың жедел қабынулық зақымдануы, бауыр беріштенуі туралы? Не себепті?
Соңғы екі сұраққа дәл жауап беру үшін Сізге қандай қосымша деректер қажет?
