Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ модулі 12-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
579.07 Кб
Скачать

1. Ұйқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері

2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылыстарының патогенезі

3. Панкреатиттің негізгі себептері

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

1. тақырып «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылысының ерекшеліктері»

Сабақ мақсаты:

  • жұтыну бұзылуы, асқазандық және ішектік диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері бойынша білімін қалыптастыру. Студенттерде коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері бойынша білімін қалыптастыру.

  • сабақтың сұрақтарын талқылау бойынша топта жұмыс жасағанда коммуникативті дағдыны жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.

  2. Жұтыну бұзылуы синдромының даму себептері және тетіктері.

  3. Асқазандық диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері. Асқазанның тағам қоймалық, сөлденістік, қимылдық, сіңірулік, шығарулық,тосқауылдық және қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

  4. Асқазанның шырышты қабатының зақымдануының себептері және дамуы

  5. Қуыстық асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  6. Іргелік асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  7. Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.

  8. Ішектің қимылдық және тосқауылдық-қорғаныстық қызметінің бұзылуы. Іш қату және іш өту, себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.

  9. Балаларда қарапайым және уыттық диспепсиялардың этиологиясы мен патогенезі.

Үйрету мен оқыту әдістері:

Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу.

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату

5 мин

2

1-3 сұрақтар бойынша пікірсайыс. Кейс-стади

45 мин

3

үзіліс

10 мин

4

4-9 сұрақтар бойынша пікірсайыс

30 мин

5

Тестілеу

10 мин

6

Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау

10 мин

Кейс-стади

1 есеп.

35 жастағы науқас төс асты аймағында мезгіл-мезгіл тағам ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, шылымды көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.

  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

Науқаста қандай зақымдану жайттар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

  1. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  2. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]