Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орал))),,,, - копия (Восстановлен).doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.52 Mб
Скачать

Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқау

Жалпы еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаудың мазмұнына тоқталып кетсек:

  • Жалпы түсініктер

  • Еңбектің түрлері

  • Жұмыс орнының қауіпсіздік ережесі

  • Кейбір заттардың құрамы мен адам ағзасына тигізетін әсері.

  • Алғашқы көмек көрсету.

  • Өрт қауіпсіздігі

  • Газбен жұмыс

  • Отпен жұмыс

Химиялық зертханада жұмыс істегенде мына төмендегі ережелерді қолдану керек:

1. Қауіпсіздік техникасында және нұсқауда көрсетілген барлық сақтық шараларын жүзеге асыру;

2. Тәжірибе барысында барлық өзгерістерді мұқият бақылау, жасап біткен соң жұмыс орнын жинап тәртіпке келтіру;

3. Химиялық заттармен жұмыс істегенде олардың қасиеттерін есте сақтау

4. Газбен, отпен жұмыс істегенде сақ болу керек.

5.Тоқпен жұмыс істегендегі сақтық шарасын сақтау.

Реактивтер және оларды пайдалану

Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер жеткілікті мөлшерде столдар мен шкафтарда сақталады. Тазалыгы жағынан реактивтер химиялық таза (х. т.), анализ үшш таза (а. ү. Т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан баска ремтм-тер: спектралды таза (сп. Т.), ерекше таза (е. т.), тазар-тылған (т) және техникалық (техн.) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың негізгі қасиетін білген жөн (оталғыштығы, улылығы ). Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті оқытушының рұқсатынсыз пайдалануға болмайды.

Реактивтерді қолданғанда мына ережелерді білу қажет:

Берілген тәжірибе үшін алынатын реактивтің мөлшері көрсетілмесе, оны мүмкіндігінше аз алу керек (уақыт және реактив үнемделеді).

Артық алынған реактивті қайта сол ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.

Реактивті алғаннан кейін банканы тығынмен жауып, қайтадан орнына қояды.

Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немесе шпательмен (күрекше) алу керек, оларды пайдаланып болғаннан кейін қағазбен сүртеді.

Егер реактивті пипеткамен алса, оны жумай баска реактивке салуга болмайды.

Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек.

Химия зертханасында жұмыс істегенде орындайтын сақтык, шаралардың міндетті талаптары

1.Химиялық реакцияға қажет ерітінділерді және заттарды практикумдағы нұсқауда көрсетілген мөлшерде алу.

2.Түсініксіз жерлері болса жұмысты тоқтатып оқытушыдан сұрау.

3.Тәжірибеге қажет затты алғанда, этикеткасына зер салып тексеріп, егер түсініксіз болса оқытушыдан сұрау.

4.Қауіпті заттармен тәжірибені қайталау үшін оқытушыдан рұқсат алу.

5.Тартпа шкафта жүмыс істегенде оның терезесін 1/4- 1/5 бойына дейін көтеру, жұмыс біткенде жауып қою.

6.Тәжірибені кір ыдыста жасауға тыйым салынады.

7.Ыстық сұйығы бар стаканды тасымалдағанда екі қолмен, астына орамал қойып ұстау керек.

8.Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы т. б. Ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды және ерітіндіні қайнату, буландыру тәжірибелерін тартпа шкафтарда жүргізу керек.

9.Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне құю зертхана қызметкерлеріне ғана рұқсат беріледі.

10.Оқытушының рұқсатынсыз заттың қасиеттерін зерттеуге және химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.

11. Электр сымы жанса, тез электр тоғын тоқтату,мүмкін әдіспен (құм, су, асбест көрпесі) өртті өшіру.

12.Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1 м қашықтыққа қою керек.

14.Газ шығып жатқанын тексеруге ашық жалынды қолдануға болмайды, ол үшін сабын ерітіндісі қажет.

15.Бөлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеуге болады.

17.Реактивтерді құйғанда шашырандысы бетке, көйлекке тимеу үшін ыдысты алысырақ ұстау керек.

19.Пробирканы қыздырғанда аузын өзіңе немесе касыңдағы жолдастарыңа қаратуға болмайды.

20.Егер бетке немесе қолға қышқыл тамса, сумен тез жуу керек, кейін сода ерітіндісімен тиген жерін жуу керек.

21.Сілтінің тиген жерін сабын тәрізді әсері кеткенге дейін жуу керек.

22.Күйген жерді калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуу керек немесе сол жерді калий перманганатының құрғақ ұнтағымен ысқылау керек, күйген жері қоңыр тартқанша ысқылау немесе күйікті жазатын сұйықтықпен (дәріханадан) мақтамен жағып байлап қою керек.

23.Уланса немесе күшті күйсе тез дәрігерге бару керек.

Кышқылдармен, сілтілермен және тағы басқа заттармен, жұмыс істеудегі сақтық шаралары

1.Концентрациялы қышқыл мен сілтілер теріге тигенде күйдіреді. Аяқ киімге және киімге қышқыл немесе сілті тисе тесіледі, жыртылады. Қышқыл мен сілтілерді ірі ыдыстан кішілеу ыдысқа құйғанда аса сақтықпен қүю керек;

2.Аммиак, бром, концентрациялы азот немесе тұз кышкылын тартпа шкафқа немесе ашық тартпа шкафтың алдында құю керек.

3.Құрғақ сілтілерді көлемі алдын ала есептелінген суға біртіндеп қосып ерітеді. Сілтінің кесектерін шүберекке орап ұстау керек.

4.Қышқыл ерітіңдісін сілтімен бейтараптағанда (немесе керісінше) оларды аз-аздап тамшылатып қосу керек.

5.Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты қанализацияға құюға болмайды, ол үшін зертханада арнайы ыдыс болуы қажет.

6.Хром қоспасы өте күшті күйдіреді және ауруга шалыктырады.

7.Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) өте активті заттар екенін есте ұстау керек. Бұлармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.