- •С тудент жастарға патриоттық тәрбие беру (ҚарМту тәжірибесінен)
- •Жаһандық бәсекелестікке зияткерлік серпіліс
- •Дәуірдің түйінді бағыттары
- •Қазақстан жолының ұлттық идеясы
- •1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана
- •2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім
- •3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық
- •4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу
- •5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
- •6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
- •7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы
- •Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы: тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдар
- •Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы және қазақстандық қоғамның нығаюы - мемлекеттік құрылыстың маңызды факторы. Қазақстан халықтарының ассамблеясы
- •Қазақстанның экономикалық стратегиясын әзірлеу
- •Саяси жүйені жаңғырту және құқықтық мемлекеттің негіздерін қалыптастыру
- •Астана – қазақстанның жаңарған бейнесі, оның көпұлтты халқының жасампаз жігерлігінің нышаны
- •Қазақстан республикасында саяси ұлт қалыптастыру стратегиясы
- •Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы стратегиясы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам
- •Қазақстан республикасының үдемелі индустриалДық-инновациЯлық дамЫту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы
- •«Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: болашаққа бағдарланған даму бағыттары
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
- •2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші.
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
- •4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
- •5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
- •6. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
- •7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
- •Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат – қазақстан болашағын қамтамасыз ететін саясат
- •Қазақстан республикасы сыртқы саясат қызметінің негізгі принциптері
- •Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік қауымдастықта қазақстан республикасының оң имиджін қалыптастырудағы ролі
- •Еуразиялық ықпалдасу идеяларын әзірлеу мен жүзеге асырудағы қазақстанның ролі
- •Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына «қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы
- •Халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қазақстанның ролі
- •Мазмұны
- •Қ р ұға академигі а.М. Ғазалиевтың редакциясымен қазақстан республикасының тұңғыш президенті н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы стратегиясы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам
2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақала жариялады, онда қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталған, сонымен бірге жаңғырту үрдісінің басты қатерлері талданған.
Мақалада Н.Ә. Назарбаев тұтынушы қоғам идеологиясының жемісі ретіндегі әлеуметтік инфантилизм мен әлеуметтік асыраудың әлеуметтік жаңғырту жолындағы қауіпті кедергілер екендігіне баса назар аударады. Тұтыну идеологиясының баламасы ретінде ол еңбек пен еңбек адамына басқа көзқарастан қарау принципінен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Бұл идеяны жүзеге асыру, Президенттің ойынша, жаңа қазақстандық қоғамның қалыптасуына апаратын жол болады. Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «тек жасампаз тіршілік әрекеті адам, отбасы, қоғам мен мемлекет өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Толық қайтарыммен жұмыс істейтін азаматтар ғана табысқа жетеді және өркендейді».
Осы Стратегияның тағы бір ерекшелігі – ҚР Президентінің қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы негізгі бес артықшылығын көрсетіп қана қоймай, Үкіметке соған сәйкес 20 тапсырма беруі, бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуы Қазақстанды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына әкелу керек.
Бірінші артықшылық. Әлеуметтік заңнамаларды жаңарту.
Бұл міндеттің артықшылық ретінде берілуінің себебі мынада: Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында ауқымды әлеуметтік заңнама базасы құрылып, барлық маңызды әлеуметтік салалар арнайы заңнамалық актілермен реттеліп отырса да, біріншіден, құқықтық резервтердің барлығы жеткілікті деңгейде іске қосылмаған, екіншіден, әлеуметтік мәселелер тудырып, қоғамдағы әлеуметтік алаңдаушылық факторына айналатын құқық қателіктері орын алады, үшіншіден, кейбір құқықтық құжаттар тым ресми сипатқа ие. Жастар саясаты Президентті уайымға басты, дәлірек айтқанда, «жастарға арналған әлеуметтік лифттер» механизмінің жоқтығы, жас мамандардың жұмыс беруші алдында қорғауда болмауы, ҰБТ процедураларының әлсіз құқықтық реттелуі алаңдатты.
Осы артықшылықты жүзеге асыру мақсатында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚР Үкіметіне келесі тапсырмалар берді:
1-тапсырма. ««Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың Жалпыұлттық тұжырымдамасы жобасын жасасын»;
2-тапсырма. «Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізсін және әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін»;
3-тапсырма. «Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұмысының терең де жан-жақты қарастырылған Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлесін және келісуге енгізсін».
Екінші артықшылық. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыру.
Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының тиімді моделіне қол жеткізу, Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы аса маңызды мәселе болып табылады және келесі міндеттердің шешілуін көздейді.
Біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту саласын дамыту, өздігінен жұмыс істейтін тұрғындарды нақты экономикаға тарту, әлеуметтік-еңбек қатынасындағы барлық субъектілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Екіншіден, әр мамандық үшін өзіндік «жол картасы» ретінде ұлттық кәсіби біліктілік жүйесін құру.
Үшіншіден, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы еңбектегі даулардың алдын алу және реттеу, еңбектегі дауларды ушықтыру үшін құқықтық жауапкершілікті арттыру, еңбек қатынастары саласындағы қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі механизмін жасау,
Төртіншіден, еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі мемлекеттің негізгі серіктестері ретіндегі кәсіподақ институттарын жаңғырту.
Осы артықшылықты жүзеге асыру мақсатында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалар берді:
4-тапсырма. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:
- өзін өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлесін; өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдірсін».
5-тапсырма. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 2013 жылдан бастап қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірлесін; Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анықтамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайттарының мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлесін».
6-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін: 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдасын; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізсін».
7-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін мынадай ұсыныстарды әзірлеп, ұсынсын: мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы...».
8-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізетін болсын; медиация институтын дамытуға бағытталған заң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етсін».
9-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізсін және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасасын».
Үшінші артықшылық. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы.
Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеуметтік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ететіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық алғышарттар да бар.
10-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін; тұрғын үй жағдайының үлгі-қалыптары: қолжетімділік пен жайлылық». Мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазірдің өзінде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
11-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасасын және енгізсін».
Әрі қарай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдарды көрсетеді. «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Білім беру жүйесі жалпыұлттық күйінде қалуға тиіс. Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен жоо-ларда, соның ішінде халықаралық жоо-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, жоо-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды. Төртіншіден, дуальды кәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғы қолданбалы біліктілік орталықтары қажет».
12-тапсырма. «ҚР Үкіметі жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырсын; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз етсін».
13-тапсырма. «ҚР Білім және ғылым министрлігі:
- 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көздесін;
- Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын;
- орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын».
14-тапсырма. «ҚР Үкіметі: 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттесін».
15-тапсырма. «ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етсін; Қазақстан Үкіметі Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасасын».
16-тапсырмада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР азаматтары мен жастарына салауатты өмір салтын, мәдениетін үйрету үшін дене шынықтыру мен спортты дамыту; еліміздің оқу орындарында сабақтан тыс дене шынықтыру үйірмелері мен секцияларының аясын кеңейту; студенттік және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және студенттер мен жасөспірімдер клубын құру жөніндегі тапсырмалары берілген.
17-тапсырма. «1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін: «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы мәселені қарастырсын; екі ай мерзім ішінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ата-аналардың балаларының балабақшаларда болуын, төлеу жөніндегі шығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігіне өтемақы төлеуді, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, ҚР Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұрғыда реттеу мәселелерін қарастырсын;
2. ҚР Үкіметі ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бірлесіп: «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына жас маманның мәртебесін құқықтық айқындау,оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастырсын; 2012 жылдың соңына дейін жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлесін».
Төртінші артықшылық. Әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдасы.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Қазақстанда әлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттық дәуірде жүзеге асуда. Бұл факторды міндетті түрде ескеру қажет. Қазақстанда ақпараттық технологиялар рекордтық қарқынмен дамуда. Ақпараттық кеңістікті - коммуникациялық желілер мен БАҚ-тарды цифрландыру жоғары қарқынмен жүруде».
18-тапсырма.
«1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін: «Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізсін; «Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заң жобасын әзірлесін»;
2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі: 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз етсін; отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлесін».
19-тапсырма.
«1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі: 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдасын.
2. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін: «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізсін; ҚР мемлекеттік ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді тойлау тұжырымдамасын жаңартсын».
20-тапсырма. «ҚР Үкіметі:
- 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;
- 2012 жылдың соңына дейін азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттесін;
- 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлесін».
Осылайша, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында халықаралық маңызы бар республиканың әлеуметтік жаңғырту моделін жасау ұсынылады, ол біздің қоғамды макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының өзгеруіне, жаңа жалпыға ортақ еңбек уәждемесіне әкелетін жаңа ортаны қалыптастыруға және әлеуметтік даму жүйесін жаңғыртуға әкеледі. Және осыған сәйкес ел Президентіне Қазақстанның 2050 жылға дейін әлеуметтік жаңғыртылуының табысты жолын былайша елестетеді:
«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 ж. дейінгі кезеңді қамтиды, онда xxi ғ. «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз. Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды» [2].
Әдебиеттер тізімі
1. Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда //Казахстанская правда, 2012, 10 июля.
2. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». //Казахстанская правда, 2014, 18 января.
Н.Б. Д
авлетбаева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Кәсіпорын менеджменті кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., доцент
е-mail: marat3011@mail.ru
