Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
L18.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.94 Кб
Скачать

Ф КГМА 1-8-21/02

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04.07.2007 г

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДӘРІС

Тақырыбы: «Иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері. БОДСҰ-ның иммунизация жөніндегі бағдарлама және жұқпалы ауруларды жою перспективалары.»

051302 - « Стоматология»

Микробиология пәні

II курс

50 минут ұзақтығы

Қарағанды 2008 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

24.05. 2008 ж. № 11 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, доцент ______________________ Абдулина Г.А.

Тақырыбы: Иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері. БОДСҰ-ның иммунизация жөніндегі бағдарлама және жұқпалы ауруларды жою перспективалары.

Мақсаты: Қазақстан республикасындағы иммундық алдын алу бағыттарының негіздерін, ҚР егу күнтізбесін, инфекциялық аурулардың иммундық емдеу принциптерінің негіздерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Иммундық емдеудің микробиологиялық негіздері

2.Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар

3. Вакциналар типтері

4. Жұқпалы аурулардың иммундық емдеуі

5. ҚР егу күнтізбесін

1. Иммундық емдеудің микробиологиялық негіздері

Иммундық емдеу – иммундық жүйеге әсер еткенде иммундық жауаптың тежелуі (иммундық супрессия), жауаптың қозуы (иммундық қозу), иммундық жетіспеушіліктің қалпына келуі (иммундық коррекция) жүретін емдеу әдісі. Қосымша иммундық емдеу арнайы серотерапияны (иммундық екпелерді, иммуноглобулинді қолдану), вакцинотерапия (емдік вакциналар), иммундық коррекция (десенсибилизация және т.б.) әдістерді қолданады.

Иммундық алдын алу – жасанды арнайы иммунитетті шығару арқылы инфекцичлық ауралардың алдын алу. Сонымен қатар вакциналық алдын алу (вакциналар мен антиденелердің негізінде белсенді иммунитет құрастыру), серолық алдын алу (ағзаға арнайы антидене – иммуноглобулинді енгізу арқылы пассивті иммунитет тудыру) әдістері де бар.

Инфекциялық ауруларды алдын алуда ең маңызды орын алатыны – вакциналық алдын алу.

Вариоляция – теріге аз көлемде жұқпалы затты үйкелеп жағу арқылы табиғи оспадан қорғанатын ерте заманнан бергі белгілі тәсіл. Ресейде бұл әдісті алғаш қолданғандардың ішінде Екатерина ІІ бар. Алайда вариоляцияны қолдану өте қауіпті.

Вакцинация. 1796 ж. Э.Дженнер сиыр оспасының екпесі – вакцинация (латын тілінен vaccinum – сиырдікі) табиғи оспаның алдын алуда нәтижелі деген болатын. Содан бері арнайы белсенді иммунитет жасаудағы қолданылатын дәрі-дәрмектер вакцина деп аталады.

2.Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар

Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар медициналық биологиялық препараттың құрамына (МБП) кіреді.Оған вакциналар, анатоксиндер, адам иммуноглобулині, сарысулар мен гетерологиялық иммуноглобулиндер, бактериофагтар, эубиотиктер, аллергендер жатады.

МБП адамның жұқпалы ауруларының алдын алу, емдеу және аллергиялық диагностикасында қолданылады. Аллергиялық жұқпалы емес аурулардың диагностикасы мен емдеуде арнайы аллергендер тобы қолданылады.

МБП әсер ету механизмдері әр түрлі болып келеді.Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін адам организміне вакцина мен анатоксиндер енгізу ұзақ уақытқа созылатын және нәтижелігін айқындайтын гуморальді және жасушалық иммунитеттің дамуына әкеледі.

Адам иммуноглобулинінің препараты мен гетерологиялық сарысуларда «дайын» арнайы антиденелер болады. Оларды енгізу циркуляциялқ жүйеде бірден антидененің пайда болуына алып келеді.Алайда, олардың ағзада болу уақыты қысқа. Бұл препараттар жұқпалы аурулардың жедел алдын алда және жедел емдеуде қолданылады.

Бұндай әсер ету механизміне бактериялық вирустар (микроб жасушасына еніп, оның өліміне әкеледі) болып табылатын бактериофагтар да ие.Бұл препараттар жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде кеңінен қолданылады.

Дизбактериозды емдеуде қолданылатын эубиотиктер бір жағынан, көптеген патогенді және шартты-патогенді бактерияларға қатысты антимикробты белсенділікке ие, екінші жағынан, физиологиялық қызметті реттейтін биоценозды қалпына келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]