Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістемелік н ОЗХФ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
586.24 Кб
Скачать

4 Курстық жұмысты рәсімдеу ережесі

4.1 Жалпы талаптары

Жұмыс мәтіні А4 форматы ақ бетінің бір жағында компьютерде теріледі.

Мәтін Times New Roman шрифтімен, 14 өлшеммен, аралық интервал 1, Word редакторында жазылады.

Жалпы курстық жұмыстың беті 25 – 30 беттен аспауы тиіс.

Мәтін мына ережемен жазылуы тиіс: сол жағы– 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарысы – 20 мм, төменнен – 20 мм.

Абзац аралықтары 10 мм болуы тиіс.

4.2 Нөмірленуі

Жұмыс мәтінінің беттері араб цифрларымен реттілікпен нөмірленуі қажет. Беттердің нөмірі беттің төменгі жағының ортасында нүктесіз орналасуы тиіс.

Бас бет жалпы нөмер санына кіреді. Бас бет шартты түрде бірінші болып бекітіледі, бірақ бет нөмірі салынбайды.

4.3 Мәтіннің құрылымы

Мәтінді бөлімдерге бөліп алуымыз керек. Бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді. Бөлімшелер бөліктерге бөлінеді.

Мәтінді бөлімшелер мен бөліктерге бөлгенде, әрқайсысында аяқталған ақпарат болуы керек.

Бөлімдер, бөлімшелер және бөліктер араб цифрымен нүктесіз, абзацтан бастап жазылады.

Жалпы жұмыс бойынша бөлімдер реттік санмен номерленеді.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын абзацтан бастап, бас әріппен нүктесіз, астын сызбай жазады. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оны нүктемен бөлуге болады.

Әдебиеттер көзіне сілтемелер әдебиеттер тізіміне сай ретпен келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттер көзіне сілтемелерді квадрат жақшаларда нүктеге дейін жазады (мысалы [5]).

4.4 Кестелер мен суреттердің қойылу реті

4.4.1 Сандық мәліметтер кестеде жазылады.

Кесте тақырыптық атауы болуы тиіс, ол жай әріптермен жазылады (бірінші бас әріптен басқасы).

Кесте атауы қысқа да, нұсқа, толықтай мазмұнын ашуы тиіс. Кесте сөзі кестенің жоғарысында сол жағынан абзацсыз жазылады және нөмірі кестеден кейін қойылады, мысалы «Кесте 1». Кесте атауын «Кесте 1» сөзінен кейін сызықшамен жазады.

Кестеде жазу өлшемін мәтіндегіден кішірейтіп жазуға рұқсат етіледі.

Кестенің бағандары мен жолдарының атаулары бас әріппен басталса, ал олардың бағандарының тақырыпшалары кіші әріппен жазылады, егер ол бір сөйлемнен тұрса және бас әріппен жазылады, егер оның мағынасы өзіндік мәнге ие болса. Кестенің тақырыптарының соңында нүкте қойылмайды.

Қосымша кестелерінен басқа кестелерді араб цифрларымен белгілейді яғни нөмірленеді.

4.4.2 Иллюстрациялар (графиктер, диаграммалар, суреттер, фотобейнелер) курстық жұмыста алдымен сол мәлімет туралы мағлұмат беретін мәтіннен кейін салынады. Барлық иллюстрацияларға курстық жұмыста сілтеме қойылады. Егер сурет келесі бетте көрсетілген болса, онда сілтемеде бет нөмерін көрсету қажет.

Иллюстрацияларды қосымшалардан басқаларын араб цифрымен нөмірлейді.

«Сурет 1» деген сөз және атауы жолдың ортасына және суреттің астына бір жол тастап жазылады. Иллюстрациялар қажетінше, түсінітеме жазбасы болады (сурет асты түсіндірме мәтіні). Бұндай жағдайда «Сурет 1» және оның атауы түсініктеме мәліметтерден кейін жазылады.

Сілтемені суретке сәйкес жазу қажет.

Суреттер аспап құрылғысы туралы тек жалпы сипат беріп, оны жасаудың сызбасы болмауы, жай және көрнекті болуы қажет.

Суретті үлкейтетін барлық жазуларды мәтіндік бөлікке жіберген жөн.

Суреттегі қисықтар (сызықтар) немесе басқа элементтер санмен белгіленеді. Сурет астындағы жазулар қысқа және қажетті түсініктемелер мәтінде болуы шарт.

Кестелер мен суреттерді жазу үлгісі Б қосымшасында берілген.

4.5 Химиялық формулаларды жазу реті

4.5.1 Элемент символдары, сандары және индекстері интервалсыз жазылады.

Мысалы: 12СН; C H N S

Химиялық реакциялардағы белгілер арасына интервал қойылады (+ және - , = , , , және т.б.) және формулалар арасына

4.5.2 Келесі жолға түсіруге болмайды химиялық реакция жартысын. Қажет болған жағдайда бағдар белгілерін түсіруге болады. ( , ), әрекеттесу ( +, -/ , = ).

4.5.3 Заряд белгілерін (+, - , . , 2+, …) Элементтің жоғары индексінің оң жағына қояды.

4.5.4 Химиялық байланыстар интервалсыз элементтер ортасына жақын қойылуы қажет.

4.5.5 Циклды қосылыстарды әдетте дұрыс көпбұрыштармен салады.

Мысалы

1

2

3

4

5

Қажет болған жағдайда тікбұрышты көпбұрыштарды пайдалануға болады.

Мысалы

1

2

3

4.5.6 Циклға кіретін элементтер, міндетті түрде циклға алынып жазылады.

Мысалы

1

2

3

4

4.5.7 Барлық байланыстар циклға сәйкес келуі керек.

Мысалы:

1

2

3

4.5.8 Химиялық байланыстардың белгіленуі

Химиялық қосылыстардың құрылыстық формуласы максималды анық жазылуы керек.

4.6 Экспериментті рәсімдеу талаптары

4.6.1 Реагенттердің реакцияға массалары енгізілгенде бір уақытта олардың молярлық массалары келтіріледі.Мысалы «… 10,3г (0,1 моль) 2-этинилпиридин».

4.6.2 Физикалық константантыны, спектрлі сипаттамаларды кестеге енгізу. Басқа қосылыстар үшін бұлар «Экспериментті бөлімде» келесідей формуламен жазылады:т.балқу. 16-17,5оС (из пентана), т.қай. 127-128оС/10 мм рт. ст., nD20 1,5126, d420 0,8534; Rf 0,45 (Silufol UV-254, спирт-эфир, 5:1); УФ спектр (EtOH), max (lg):250 нм (2,8); немесе max ():250нм(631); ИК спектр (тонкий слой), , см-1: 1650 (C=N), 3200-3440 (O-H). Спектр ЯМР 1Н (ацетон-D6), , м.д., J (Гц): 7,35 (1H, д, J=6,7, CH=N), 6,3 (1H, м, CH=C), 1.05 (9H, с, t-Bu).

Берілген элементтік анализ үлгісі: Берілгені, %: С 55,42; Н 5,60.Шешілгені, %: С 55,43; Н 5,47.

4.6.3 Келесі негізгі қысқартуларды сақтаған жөн: микрограмм - мкг, миллиграмм - мг, грамм - г, нанометр - нм, микрометр - мкм, миллиметр - мм, сантиметр - см, миллилитр - мл, градус (по Цельсию) - C, джоуль - Дж, килоджоуль - кДж, ампер - А, миллиампер - мА, вольт - В, милливольт - мВ, герц - Гц, мегагерц – М Гц, ватт - Вт, моль - моль, миллимоль - ммоль, молярлы концентрация - моль/л, бірнормальды (раствор) - 1н., молярлы масса - М., эквивалент - Э, қайнау және балқу температурасы – т.қай. және т.б, сағат - сағ, минут - мин, секунд - с, тәулік- тәу.

4.7 Бас жұмыс беті

Жұмыстың бас бетіқосымшадан тұрады (қосымша В):

  • университеттің және кафедраның толық атауы, жұмыстың дайындалған жері;

  • жұмысты айқындау типі (курстық немесе дипломдық жұмыс);

  • жұмыстың атауы;

  • жұмысты жазған студенттің аты-жөні, тегі;

  • ғылыми жұмыстың жетекшісінің тегі, лауазымы және ғылыми дәрежесі;

  • жұмыстың қорғалған күні мен орны.

4.8 Мазмұны

Жұмыстың бірінші бетін, нөмері және бөлімдер мен бөлімшелердің бет санымен мазмұнын нөмірленуі кіреді. Мазмұнына жұмыстың барлық бет санына саналады.

«Мазмұны» деген сөз тақырып ретінде (мәтінге симметриялы түрде) жазбаша әріппен жазылады. Мазмұнына кіретін атауы жазбаша әріппен басталып, кіші әріппен жазылады. Беттің толтырылу мысалы. Мазмұны, қосымша Г берілген.