
- •5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
- •5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Жалпы талаптар
- •2 Курстық жұмыс құрылымы
- •3 Курстық жұмыс мазмұны
- •4 Курстық жұмысты рәсімдеу ережесі
- •4.9 Қосымша
- •5 Курстық жұмысты қорғау және бағалау
- •6 Курстық жұмыстың үлгі тақырыптары
- •Тапсырма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
«Химия и химиялық технология» кафедрасы
5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Орал, 2012
Құрастырушылар: Абдрахманова А.Г., аға оқытушы;
Бегалиева Р.С., магистр, аға оқытушы.
Сын-пікір беруші: Алмағамбетова М.Ж., техн.ғыл.канд., доцент
5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұсқау 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімі бойынша оқитын «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған.
Курстық жұмыстың құрылымы, мазмұны, тапсырудың реті мен кестесі, сонымен қатар рәсімдеу талаптары қарастырылған. Курстық жұмыстардың үлгілі тақырыптары мен ұсынылатын әдебиет көздері берілген.
«Химия и химическая технология» кафедрасының отырысында талқыланды. 3 желтоқсан 2011 ж., № 5 хаттама.
Машина жасау факультетінің оқу-әдістемелік бюросымен ұсынылған. 27 желтоқсан 2011 ж., № 5 хаттама.
Университеттің ОӘК мақұлданды 20 ақпан 2012 ж., № 6 хаттама
© РМҚП «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық – техникалық университеті» 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………..…......... |
4 |
|
1 |
Жалпы талаптар….....……………………………………………………… |
5 |
2 |
Курстық жұмыстың құрылымы................................................................... |
6 |
3 |
Курстық жұмыс мазмұны............................................................................. |
7 |
4 |
Курстық жұмысты рәсімдеу ережесі…………………...………………… |
10 |
5 |
Курстық жұмысты қорғау тәртібі мен бағалау ережесі............................. |
15 |
6 |
Курстық жұмыстың үлгі тақырыптары…………………………….…….. |
16 |
Ұсынылған әдебиетер тізімі……………………………………….….…...….. |
17 |
|
Қосымша………………………………………………………………………... |
19 |
Кіріспе
«Органикалық заттардың химиясы мен физикасы пәні» 5В072100–«Органикалық заттардың химиялық технология» мамандығы студенттеріне оқытылатын кәсіптік циклға жататын міндетті пәндерінің біріне жатады.
Ол мұнай, газ, полимерлерді, эластомерлерді, қатты жанғыш қазбалардың негізгі құрамы мен қасиетттерімен таныстыратын, сонымен қатар алу мен өңдеудің негізгі әдістері мен механизмін қарастыратын теориялық пән болып табылады.
Пән аталған органикалық заттардың құрамы мен қасиеттерінің өңдеу мен игеру жағдайындағы болатын процестермен байланыстылығын көрсетеді. Пластикалық массалардың, эластомерлердің көмірсутектік талдау әдіс пен тәсілдерін зерттей біле алатын мамандар даярлайлайды.
Курсты табысты игеру үшін дәріс материалдарымен және негізгі әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс жасау ұсынылады.
Пәнді меңгеру жоғары молекулалық қосылыстардың синтезі мен көмірсутекті материалдардың қасиеттерін зерттеу зертханалық жұмыс орындау барысында, сонымен қатар курстық жұмысты өздігінен орындағанда тәжірибелік білікпен келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты студенттермен органикалық заттардың химиясы мен физикасының заманауи дамуының негізгі бағыттарын және оларды әр түрлі өнеркәсіп салаларын игеруде, жоғары молекулалық қосылыстардың және көмірсутектік материалдардың ерекше құрамы мен қасиеттерінің мұнай мен газ эластомерлерінің, пластикалық массалардың синтезіне негізделген процестерін меңгеру барысында білімдерін бекіту болып табылады.
Курстық жұмысты орындау барысында әдебиет көздерін, әрекет ететін стандарттар, каталогтар мен анықтамалық әдебиеттерді өңдеу арқылы жүргізіледі. Бұл студентте ақпаратты біліп, дұрыс бағытта іздеуге және тіректік мәліметтерді табуға қабілет береді.
Берілген әдістемелік нұсқау студенттерге курстық жұмысты орындау барысында туындайтын сұрақтарға жауап беруге мақсатталған оқу құрал болып табылады.