
- •Дәрістер кешені
- •Е. Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2002.
- •Табанов с.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. 2003.
- •Өзбекұлы с., Қопабаев ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы, 2006.
- •Мемлекеттің пайда болуы.
- •Е. Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2002.
- •Табанов с.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. 2003.
- •Өзбекұлы с., Қопабаев ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы, 2006.
- •1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері
Дәрістер кешені
Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
1. Пәні, әдісі және заң ғылымы.
2. Мемлекеттің пайда болуы.
3. Мемлекеттің типологиясы және формалары.
4. Мемлекет тетіктері ұғымы. Мемлекет тетіктерінің қағидалары.
5. ҚР мемлекеттік тетіктерінің жүйесі.
6. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
7. Құқықтың пайда болуы мен ұғымы.
8. Құқықтың пайда болуы мен функциялары.
9. Құқықтың қайнар көздерінің ұғымы.
10. ҚР заңдардың түрлері. Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдердің ұғымы және түрлері. Нормативтік кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы.
11. Құқық нормалары. Құқық нормаларының мазмұны.
Әдебиеттер:
Е. Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2002.
Табанов с.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. 2003.
Өзбекұлы с., Қопабаев ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы, 2006.
Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және қүдық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуымен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жэне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен кұқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән қүқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жасаушылық, құқық бұзушылық, мемлекеттің формалары, сот билігі сияқты көптеген категориялық аппаратты қалыптастырады. Осыған орай қазіргі жаһандану кезеңінде саяси-құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда мемлекет пен құқықтың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәндік мағынасы өзінің шешімін табуда. Зерттеу объектісі мынадай мәселелерді шешуді талап етеді:
жаһандану заманында мемлекеттің даму бағыттары қандай; федерация құрамындағы ұлттық республикалар, автономия немесе ұлттардың жеке тәуелсіз мемлекет құру идеясының болашағы қандай;
ұлттық мемлекет құруда дәстүрлік саяси-құқықтық институттарды енгізу мәселесі;
құқықтың реттеу функциясының мүмкіндіктерін арттыру, тиімді болуының тетіктерін жасау;
адам құқын аяққа таптамауының демократиялық сипаттағы үлгісін жасау, субъективизм мен волюнтаризмге жол бермеу;
құқық бұзушылықпен күресудің жаңа тұжырымдамасы мен теориясын қалыптастыру, оны әлеуметтік практикада пайдалану.
Бұл проблемаларды шешу үздіксіз зерттеуді талап етеді. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеті мемлекет пен құқықтың дамуын тану, қисынды мағынада меңгеріп, оның заңдылықтарын ашып көрсету болып табылады.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет пен құқықтың негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Жалпы ғылымның барлық саласында әдіс (метод)деп белгілі бір зерттеу объектісін оқып үйренудің, танудың тәсілдерін айтады. Ондай әдістер екі түрге бөлінеді:
диалектикалық
жеке ғылыми әдістер
Диалектикалық әдіс мемлекет және құқықты зерттеудің, танудың әмбебат тәсілдері ретінде танылады. Бұл әдіс құбылысты барлық заттар мен қатынастарды қозғалыста қарап, прогреске жол ашып отырады. Диалект. әдістің басқа тәсілдерге қарағанда басымдылығы сол, ақиқатты ашуда диалектикалық үрдіс үлкен рөл атқаратынын, ғылыми тұжырымдар жасауға себепші екенін көрсетеді. Мемлекет және құқық теориясында диалектикалық әдіспен қатар жекелеген ғылыми әдістер кеңінен пайдаланылады.
Жеке әдістердің түрлері:
Тарихи-генетикалық
Салыстырмалы (компаративтік)
Жүйелілік
Нақтылы-әлеуметтік
Статистикалық
Синергетикалық
Құқықтық эксперимент
Герменевтикалық