Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика АЭА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

9 Сурет. Фторид селективтi электрод:

1-LaF3-нан жасалған пластинка,

2-NaF + NaCl iшкi стандартты ерiтiндiсi,

3-iшкi салыстырмалы электрод;

4 – изоляция;

5 - ток бергiш.

Өнеркәсiпте фторид-селективтi электрод бiраз жылдардан берi шығарылып келедi және әртүрлi объектiлерде (топырақ, өсiмдiк күлдерi, минералдар, су, ауа, тағам өнiмдерi, биологиялық сұйықтықтар және т.б.) фторды анықтау үшiн кең қолданылуда. Осы электродтың негiзiнде ауыз суды фторлау процесiн бақылау үшiн автоматты датчик жасалған.

Бақылау сұрақтары:

1. Электродтық потенциалдар.

2. Тотығу-тотықсыздану потенциалдары.

3. Сутегі ионы қатысынсыз жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары.

4. Сутегі иондары қатысында жүретін кейбір тотығу-тотықсыздану реакциялары

5. Электродтардың классификациясы.

6. Кейбір салыстыру электродтарының құрамы мен потенциалдары.

15 Лабораториялық сабақ.

Тақырыбы: Су сапасының физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау.

Өлшеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

  1. Өлшемді колба, цилиндр, пипетка, миллиметрлік қағаз, термометр, ареометр;

  2. СоSO4ּ7Н2О, дистилденген су.

  3. концентрлі күкірт қышқылы H2SO4 ((=1,81 г/мл),

  4. 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісі;

  5. 0,1 -ті спирттегі фенолфталеин ерітіндісі.

  6. 0,1н тұз қышқылының ерітнідісі;

  7. 0,03 -ті метил сары ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: студенттерге су сапасының физика-химиялық көрсеткіштерін анықтап үйрету.

Зерттеу тақырыбың қажеттілігі: су сапасын бағалау үшін ең бірінші температура, түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, лайлығы сияқты маңызды физикалық көрсеткіштерін анықтайды.

Су сапасының физика-химиялық көрсеткіштерімен студенттерді таныстыру, судың температурасын, судың түсін, судың тығыздығын, судың жалпы қышқылдылығын және судың сілтілігін анықтау.

Жаратылыстағы су таза болмайды, оның ішінде еріген, ерімеген заттар және бактериялар болады. Сондықтан, су сапасының физика-химиялық көрсеткіштерін және оның құрамын анықтаудың маңызы өте зор. Судың физикалық көрсеткіштерін анықтау нәтижесінде судың ішуге жарамдылығын, тұрмыста қолдану мүмкіндігін және т.б. қолданыс аумағын айқындауға және химиялық тазартудың қандай сатылары қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Пререквизитор: аналитикалық химия, жалпы химия.

Постреквизиттер: физикалық химия, сандық және сапалық анализ әдістері және т.б. пәндерді игеру қажет.

Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:

  1. Химиялық анализ әдістері.

  2. Ерітінділердің концентрациясын есептеу.

  3. Ерітінділер дайындау.

  4. Ареометрмен жұмыс жасай білу.

Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Судың физикалық қасиеттері.

  2. Судың химиялық қасиеттері.

  3. Судың аномальды кейбір қасиеттері.

  4. Судың құрамын анықтаудың визуалды әдістері.

  5. Тұздар гидролизі.

  6. Электролиттер. Электролиттік диссоциация.

  7. Судың иондық көбейтіндісі.

  8. Судың кермектігі, олардың түрлері.

Жұмыстың орындалу реті

1 – жұмыс. Судың температурасын анықтау

Температура тұтқырлыққа, яғни қалқымал бөлшектердің тұну жылдамдығына әсер етеді. Сынаманы таңдау кезінде дәлдігі 0,5 0С болатын 0,1 0С аралықта бөлінген термометр көмегімен тікелей температураны өлшейді. Суы бар үлкен түтікке немесе цилиндрге термометрді салып, 3-5 мин қойып қояды. Ауыз суды температуралық шегі 7-12 0С.

2 – жұмыс. Судың түсін (цветность) анықтау

Табиғи сулардың түсі, оның құрамындағы темі гумматтарының (гумман қышқылының темірлі тұздары қатысуына немесе бар болуына байлынысты). Қоректенудің батпақты типіне жататын өзен сулары жоғары түстілікке (түсі қанықтау болады) ие. Суды түсін платина-кобальтты шкалада градус бойынша бағалайды. ГОСТ бойынша түстілік (цветность) 20 0С-та аспауы қажет.

Сапалық бағалауды, зерттелетін суды дистилденген сумен салыстыру арқылы жүргізеді. Ол үшін түссіз шыныдан жасалған стакандарға бөлек зерттелетін және дистилденген суларды құяды. Күндізгі жарықта, ақ түс фонда суды стаканның төбесінен және жанына қарайды. Осының нәтижесінде судың түсін бағалайды, яғни байқалған түсті (әлсіз сары, лайлы қоңыр, т.б. анықтайды. Бояу қатысында су түссіз деп есептелінеді. Судың түсін платина-кобальтты немесе бихромат-кобальтты шкалалар бойынша сандық түрде анықтайды.