Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика АЭА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

Кулонометриялық титрлеуде жиі қолданылатын электрогенерацияланатын титранттар мен олардың көмегімен анықталынатын заттар

Электрогенерация-ланатын титрант

Анықталынатын зат

Cl2

Гидразин, Ti(ІI), Fe(II), Fe(III), фенолдар

Br2

Ti(ІI), As(III), Zn(II), Fe(II), Fe(III), гидразин, дикетондар, аскарбин қышқылы, ароматты аминдер, аминофенол, анилин

I2

Sb(III), As(III), S2O32-, гидразин, фенолдар, аскорбин қышқылы, гидрохинон

Mn(III)

Fe(III), Nb(II), Sb(II), қымыздық қышқылы

Ce(IV)

Н2О2 және U(IV), гидроксиламин

Ti(III)

V(V), Fe(III), Cr(VI), U(V), n-хинондиоксим

Sn(II)

Ce(IV), K2Cr2O7, I2, Br2

Fe(II)

Ce(IV), U(VI), Cr(VI), Te(IV), Mn(VI)

Fe(CN)63-

Ti(ІI)

Fe(CN)64-

Cu(ІI), Zn(ІI)

Cr(II)

Cu(ІI)

Ag(I)

Cl-, Br-, J-, CNS-, меркаптандар, тиомочевина

U(V)

Fe(II), V (V)

ЭДТА

Ca(II), Ba(II), Sr(II), Cu(II), Cd(II), Pb(II), Zn(II), Ni(II), Co(II), Ce(III), Ce(IV), Mn(II), V(III), Nb(III)

Бақылау сұрақтары:

  1. Кулонометрия әдісінің теориялық негізі.

  2. Кулонометриялық титрлеу әдісі.

  3. Кулонометриялық титрлеу ұяшығы.

  4. Электродтар мен оларға қойылатын талаптар.

  5. Кулонометриялық титрлеу қисығының титрлеу соңғы нүктесі.

  6. Генератор электродында жүретін процестер.

  7. Кулонометрлік титрлеу әдісінің ерекшеліктері.

11 Лабораториялық сабақ.

Тақырыбы: Фотоколориметриялық әдіспен хром иондарының мөлшерін салыстыру әдісімен анықтау.

Өлшеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

  1. Фотоколориметрлер ФЭК-М, ФЭК-56,60, КФК – 2 немесе фотометр ФМ-56;

  2. Сыйымдылығы 50 мл өлшегіш колбалар;

  3. Сыйымдылығы 1000 мл өлшегіш колба;

  4. Градуирленген пипеткалар – 1 және 10 мл;

  5. Калий бихроматының стандарты ерітіндісі;

  6. 0,05 Н күміс нитратының ерітіндісі;

  7. Аммоний персульфатының 25 % ерітіндісі;

  8. Сұйытылған күкірт қышқылы;

  9. Диметилглиоксимнің 1% ерітіндісі (спиртті).

Жұмыстың мақсаты: Фотоколориметрдің қондырғысымен студенттерді таныстыру, ерітіндідегі хром иондарының мөлшерін салыстыру әдісімен анықтауды үйрету.

Зерттеу тақырыбының қажеттілігі: Гальванотехника, машина жасау, тepі илеу және т.б. өндірістерінен шығатын ағызынды сулар мен қолданылған ерітінділердің құрамында көптеген ауыр және түсті металдар - Cr6+, Nі2+, Fe2+, Zn2+, Рb2+ иондары кездеседі. Аталған иондар су құрамында өте аз мөлшерде болғанының өзінде, қоршаған ортадағы фауна мен флораға өз кезегінде өте үлкен зиянды әcepін тигізеді. Сол себептен, бұл металл иондары бар ағызынды суларды тазалау және олардың мөлшерін экспресті түрде анықтай білу қазіргі күннің күрделі өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Пререквизитор: аналитикалық химия, бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы.

Постреквизиттер: физикалық химия, электрохимия, анализдің физикалық әдістері және т.б. пәндерді игеру қажет.

Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:

  1. Фотоколориметриялық анализ әдістері тақырыбы бойынша орындалатын жұмыстың методикасы.

  2. Фотоколориметриялық анализ әдістерінің негізі.

Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Колориметрлік анализ әдісі.

  2. Жарық сіңірілуді міндеттейтін негізгі көрсеткіштер.

  3. Жарық сіңірілуді негізгі заңы.

  4. Сіңіру спектрлері.

  5. Фотоколориметриялық анализде қолданылатын қондырғылар.

  6. Фотоколоиметриялық анализ әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері.