
- •Анализдің электрохимиялық әдістері
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Кондуктометриялық титрлеу қондырғысын құрастыру.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Электрөткізгіштік.
- •Кондуктометриялық титрлеу қисықтары.
- •Жаттығулар мен есептер
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Нитрат иондарын анықтау жолы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Диффузиялық ток
- •Тамшылайтын сынап электроды (т.С.Э.). Илькович теңдеуі
- •Жұмыстың орындалуы
- •Қысқаша теориялық мағлұмат Амперометриялық титрлеу
- •Амперометриялық титрлеудің түрлері
- •Жалғыз және қос индикаторлық электродтарды пайдалануға арналған амперометриялық титрлеу әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалуы
- •Никель (іі) иондарын титрлеу.
- •Амперометриялық титрлеудің түрлері
- •Бақылау сұрақтары
- •1. Кулонометрия. Кулонометрлік қондырғылар.
- •2. Кулонометриялық титрлеу әдісінің негізі.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Бақылау сұрақтары:
- •1. Кулонометрия. Кулонометрлік қондырғылар.
- •2. Кулонометриялық титрлеу әдісінің негізі.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат Кулонометриялық титрлеу
- •Кулонометриялық титрлеуде жиі қолданылатын электрогенерацияланатын титранттар мен олардың көмегімен анықталынатын заттар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Құрамында хром иондары бар ағызынды суларды тазарту әдістері
- •Реагенттік әдістің модификациялары.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалуы:
- •NaF салыстыру ерiтiндiлерiн дайындау
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •9 Сурет. Фторид селективтi электрод:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бихромат-кобальтты шкаласы бойынша судың түсін анықтау
- •Қысқаша теориялық мағлұматlkbbbnb
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
Бақылау сұрақтары:
Топырақ құрамын анықтауда қолданылатын әдістер.
Салыстырмалы электродтар.
Индикаторлы электродтар.
Ионселективті электродтар.
Потенциометриялық анализ әдісінің артықшылықтары.
№6 Лабораториялық сабақ.
Тақырыбы: Полярографиялық әдіс. Ағызынды сулардағы ауыр металдардың (Cu, Zn, Pb) мөлшерін полярографиялық әдіспен анықтау.
¤лшеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:
Полярограф.
Индикаторлы тамшылайтын сынапты электроды бар ұяшық.
50-100 мл стакандар.
Стандартты 0,01 М, Рb(ІІ), Сu(ІІ), Zn(ІІ) ерітінділері.
Фон: аммиакты буферлі ерітінді (0,5М NН3 +0,5М NН4Сl).
Na2SO3, натрий сульфиті (кристалды).
Желатин 0,1% ерітіндісі.
Жұмыстың мақсаты: Полярографтың қондырғысымен студенттерді таныстыру, жұмыс істеу принциптерін үйрету, ағызынды сулардағы ауыр металдардың (Cu, Zn, Pb) мөлшерін полярографиялық әдіспен анықтау.
Зерттеу тақырыбының қажеттілігі: Полярографиялық анализ әдісі электрохимиялық анализ әдістерінің бірі болып табылады; ол жұмысшы электродтың бетінде анықталынатын заттардың тотығуы немесе тотықсыздануы нәтижесінде пайда болатын ток күшін өлшеуге негізделген. Бұл әдіс аналитикалық бақылау ретінде түсті және қара металлургия өдірістерінде кең қолданыс тапқан. Басқа металдар қатысында түсті және ауыр металдарды анықтауда ұсынылады.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны бақылау және өндірістік ағызынды суларға анализ жасау үшін, сондай-ақ химияның көптеген салаларында полярографиялық анализ әдістері кеңінен қолданылады. Полярографиялық анализ әдісі жоғары сезімталдыққа ие және сұйытылған заттар ерітіндісін анализдеуге (10-4 моль/л дейін) мүмкіндік береді.
Пререквизитор: аналитикалық химия, жалпы химия, элементтер химиясы.
Постреквизиттер: физикалық химия, электрохимия т.б. пәндерді игеру қажет.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Полярографиялық анализ әдістері тақырыбы бойынша орындалатын жұмыстың методикасы.
Полярографиялық анализ әдістерінің негізі.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:
Полярографиялық анализ әдістері.
Электродтардың жіктелуі.
Анод, анод аумағында жүретін процестер.
Катод, катод аумағында жүретін процестер.
Полярографиялық анализ әдістерінің жетістіктері.
Жұмыстың негізі: Электролизер ретінде әдетте екі сынап электродты шыны электролизер қолданылады. Тамшылаған сынап катоды – жұмысшы (индикаторлы) электрод, ал сынап аноды – салыстырмалы электрод болып табылады. Анықталатын металл иондары сынап катодына қарай жылжиды да, онда мына электрохимиялық реакция бойынша разрядталады:
Men+ + ne- = Me
Металдың бөліну поенциалына жеткен соң, катодта электрохимиялық процесс жүреді:
Me2+ + 2e- + Hg = Me(Hg)
Катодта металл амальгамасы Me(Hg) түзіледі. Капиллярдан тамған тамшы анодпен жанаса түседі. Металл екі электронын беріп, қайтадан ерітіндіге ион түрінде өтеді:
Me(Hg) - 2e- = Me2+ + Hg
Аммиакты ортада мыс (ІІ) иондарының тамшылаған сынап электродында тотықсыздануы екі сатыда өтетіндіктен, екі толқын түзіледі. Бірінші полярографиялық толқын мыс (ІІ) иондарының мыс (І) иондарына дейін тотықсыздануына сәйкес келеді:
[Cu(NH3)4]2+ + e- = [Cu(NH3)2]+ +2NH3 E=-0,240 B (н.к.э.)
Екінші полярографиялық толқын мыс (І) иондарының металдық мысқа дейін тотықсыздануына сәйкес келеді:
[Cu(NH3)2] + + e- = Cu0 + 2NH3 E=-0,500 B (н.к.э.)
Анализде екінші полярографиялық толқын қолданылады.
Анализге оттегі кедергі жасайды. Қолданылып отырған фон сілтілі реакцияны көрсететіндіктен, ерітіндідегі оттегіден арылу үшін натрий сульфиті қосылады. Мыс толқынындағы полярографиялық максимумды басу үшін желатин қосылады.