 
        
        - •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Дипломалды тәжірибені ұйымдастыру
- •2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру
- •Экономика және басқару факультетінде тәжірибені ұйымдастыру
- •Қаржы кафедрасында тәжірибе ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру
- •2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтуді ұйымдастыру
- •1 Кезең. Дайындық
- •2 Кезең. Негізгі (жұмыс)
- •3Кезең. Ақырғы.
- •Өндірістік (дипломалды) тәжірибе бағдарламасы
- •«Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •3.3 «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •4. Дипломалды тәжірибе бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
- •4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •Дипломалды тәжірибеден өту есебі
- •Мінездеме
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнтізбелік жоспары
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) __________ қаржы бөлімінің бастығы қолы
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнделігі
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) ____________ қаржылық бөлім бастығы қолы
- •2010–13 Жылдардағы * «Айдана» жшс берілген несиелердің динамикасы мен құрылымы
3.3 «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
Банктерде өндірістік тәжірибеден өту кезінде (ҚР ҰБ және коммерциялық банктер) студенттерге келесілерді зерттеу қажет:
- Банктің қысқаша сипаттамасы. 
- Қысқаша тарихи анықтама беру. 
- Банктің құрылуының ұйымдастырушылық-құқықтық негізін сипаттау (жоғары тұрған құрылымдармен кәсіпорындардың, мекемелердің қарым-қатынас жүйесі). 
- Жоғары тұрған органдармен және басқа банктермен өзара қарым-қатынас. 
- Құрылтайшылармен қарым-қатынас (ҚР ҰБ-ң үкімет органдарымен). 
- Клиенттермен өзара қарым-қатынас. 
- Үш жыл ішіндегі банктің қаржылық жағдайын талдау (негізгі қаржылық көрсеткіштерді сипаттау: активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, табыстар, шығыстар). 
Студенттерге келесідей бөлімдерден өту және үйрену керек:
Несие бөлімі
- банктік несиелеудің шарттары мен жағдайларымен танысу;
- банктік өнімдердің түрлері бойынша несиелеу нұсқаулығын зерттеу;
-несие түрлері бойынша әлеуетті қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау;
- несие түрлері бойынша кепілді қамтамасыз етуді бағалау.
Егер тақырыпты қарастыру барысында құжаттың мақұлдануы талап етілсе, онда сілтеме жасау және келесідей құжаттар салынуы қажет:
- Несие түрлері бойынша несиелеу шарттары; 
- Қарыз алушының сауалнамасы; 
- Банктік қарыздың келісім-шарты; 
- Кепіл туралы келісім-шарт; 
- Өтеудің болжамды графигі; 
- Басқалай ілеспе құжаттар. 
Операциондық бөлім
Операциондық бөлім жұмысын ұйымдастыру бойынша банктің нұсқаулық материалдарын зерттеу;
- Есеп-шоттарды ашу және жүргізу тәртібін зерттеу; 
- Банктік есеп-шоттарды жабу тәртібін зерттеу; 
- Депозиттік операциялар менеджерлерінің жұмысын зерттеу. 
Қосымшаға қажет құжаттар:
- Мөр және өкілетті тұлғалардың қолдарының үлгілері қойылған құжат; 
- Банктік есеп-шот келісім-шарты; 
- Заңды және жеке тұлғалардың салымдарын тарту шарттары; 
- Банктік салым келісім-шарты;; 
- Төлем тапсырмалары. 
Ақша айналымы мен кассалық операциялар бөлімі
- Касса меңгерушісі мен кассирлердің міндеттемелерін зерттеу; 
- Кіріс кассасы операцияларын жүргізу тәртібін зерттеу; 
- Шығыс кассасы операцияларын жүргізу тәртібін зерттеу; 
- Кешкі касса операцияларын жүргізу тәртібін зерттеу; 
- Қайта есептеу кассасының жұмыс тәртібін зерттеу. 
Қосымшаға қажет құжаттар:
- Кіріс кассалық ордер; 
- Шығыс кассалық ордер; 
- Кіріс кассалық ордерлер реестрі; 
- Шығыс кассалық ордерлер реестрі; 
- Бас касса кітабы; 
- Касса бойынша журнал-ордер. 
Бухгалтерлік есеп бөлімі
- Банктердегі бухгалтерлік есеп пен есептілікті, оның ішінде шоттар жоспарын жүргізу тәртібін зерттеу; 
- Банктердегі ТМҚ-мен жүргізілетін операциялардың есебін зерттеу; 
- Банктердегі негізгі құралдар мен олардың амортизациясының есебін зерттеу; 
- Несиелер есебі мен олармен жүргізілетін операциялардың тәртібін зерттеу; 
- Депозиттер есебі мен олармен жүргізілетін операциялардың тәртібін зерттеу; 
- Үш жыл ішіндегі банктің шоғырландырылған бухгалтерлік баланстарын зерттеу; 
- Үш жыл ішіндегі банктің шоғырландырылған табыстары мен шығыстарының есебін зерттеу; 
- Үш жылдағы банктің ақша қаражаттарының қозғалысының есебін зерттеу. 
Қосымшаға қажет құжаттар:
- Үш жыл ішіндегі шоғырландырылған бухгалтерлік баланстар; 
- Шоғырландырылған табыстар мен шығыстардың есебі; 
Бұдан басқа қосымша зерттеуге ұсынылатындар:
- Банктің жоспарлы-экономикалық қызметі. 
- Банктердің бағалы қағаздармен қызметі. 
- Халықаралық есеп айырысулар мен валюталық операциялар. 
- Несиелік портфельдің құрылымы мен сапасы. 
- Қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру, өнімдер маркетингі. 
- Банк дамуының стратегиялық жоспары. 
- Банктің техникалық жағдайының сипаттамасы. 
- Нарықтық жағдайдағы банктің даму перспективалары. 
