
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Дипломалды тәжірибені ұйымдастыру
- •2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру
- •Экономика және басқару факультетінде тәжірибені ұйымдастыру
- •Қаржы кафедрасында тәжірибе ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру
- •2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтуді ұйымдастыру
- •1 Кезең. Дайындық
- •2 Кезең. Негізгі (жұмыс)
- •3Кезең. Ақырғы.
- •Өндірістік (дипломалды) тәжірибе бағдарламасы
- •«Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •3.3 «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •4. Дипломалды тәжірибе бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
- •4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •Дипломалды тәжірибеден өту есебі
- •Мінездеме
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнтізбелік жоспары
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) __________ қаржы бөлімінің бастығы қолы
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнделігі
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) ____________ қаржылық бөлім бастығы қолы
- •2010–13 Жылдардағы * «Айдана» жшс берілген несиелердің динамикасы мен құрылымы
2 Кезең. Негізгі (жұмыс)
Бұл кезеңде студенттер тәжірибені бекітілген мерзімде таңдалынған ұйымдарда, мекемелерде, банктерде өтіп, кафедрадан тәжірибе жетекшілеріне аяқталған және толық қорытынды есепті көрсетеді.
Ұйымда (мекемеде) тәжірибеден өту үрдісінде студент міндетті:
1. ұйымның ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы ережелеріне, еңбекті қорғау талаптарына, құрал-жабдықты пайдалану ережелеріне және басқа жұмыс жағдайларына бағынуы тиіс;
2. тәжірибе орны болып табылатын ұйымның (мекеме) жұмыс тәртібін немесе ұйымнан бекітілген тәжірибе жетекшісінің бекіткен графигін сақтауы қажет;
3. өту орны бойынша ұйымнан бекітілген тәжірибе жетекшісінің тапсырмаларын орындауы тиіс;
4. ұйыммен және оның құрылымдық бөлімшелерімен, қызмет түрлерімен, ұйымның немесе оның жекелеген құрылымдық бірліктерінің қызметін сипаттайтын экономикалық құжаттармен және қаржылық көрсеткіштермен танысуы қажет (тәжірибе кезеңдерінің мазмұнын 3 бөлімнен қараңыз);
5. тәжірибе бойынша жеке тапсырмаларды, тәжірибе бағдарламасында, тәжірибені ұйымдастыру және өту бойынша аталған әдістемелік нұсқауларда қарастырылған тапсырмаларды уақтылы, дәл және толық орындау;
6. кафедрадан тәжірибе жетекшілеріне бекітілген үлгілер бойынша модульдер ауқымында барлық аралық тапсырмаларды орындау жөніндегі аралық жазбаша есеп берулерді уақытында көрсету;
7. кафедрадан тәжірибе жетекшісінің тапсырмасы бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу;
8. тәжірибе бойынша есеп беруді жазу үшін қажет мәліметтерді жинақтау, тәжірибеден өту мерзімінің аяғында есеп беруді дайындау;
9. диплом жұмысының практикалық бөлігін жазу үшін қажетті аналитикалық мәліметтерді жинақтау.
Студенттердің тәжірибенің жұмыс кезеңдерінен өтуі барысында жекелеген кеңес беру мен бақылаудың келесідей түрлері қарастырылады:
- тәжірибе үрдісін ағымдағы бақылау – тәжірибеден өтудің жеке графиктеріне сәйкес студенттердің жұмыс материалдарын ұсынуы;
- жекелеген нәтижелерді аралық бақылау – тәжірибе бойынша нақты модуль аумағында тапсырмаларды орындау;
- қорытынды бақылау – студенттердің тәжірибе бойынша қорытынды есеп беруін кафедрадан тәжірибе жетекшілерінің алдын ала аттестациялауы.
Негізгі кезеңге келесідей модульдер (жеке тапсырмаларды орындау кезеңдері) және олардың нәтижелері кіргізіледі:
- жалпы модуль;
- арнайы модуль;
- мамандандырылған модуль.
Модульдердің толық мазмұны 3 бөлімде келтірілген.
Тәжірибеден өту қорытындысы бойынша студент тәжірибе бойынша есеп жазуы керек. Есеп беруге тәжірибе кезеңінде студенттің тәжірибе орнында жинаған материалдарын қолданып дайындаған, тәжірибе орны - ұйымның немесе жекелеген бөлімнің қызметін талдау үшін пайдаланылған және нақты немесе ұқсас көрсеткіштермен толтырылған құжаттардың, есептеулер мен кестелердің көшірмелері салынады.
Мазмұны бойынша есеп беру диплом жұмысының тақырыбына жақын болуы тиіс.
Есеп беру кафедрадан тәжірибе жетекшісіне ұйымнан берілген мінездемемен бірге тапсырылады.
3Кезең. Ақырғы.
Үшінші, ақырғы кезеңде студенттер кафедрадан тәжірибе жетекшілерінің алдында тәжірибе бойынша есеп беру үшін орындаған есептерін қорғайды.
Ақырғы кезең тәжірибені аяқтайды және тәжірибенің ресми түрде аяқталған мерзімінен кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.
Ақырғы кезең үшін негіз болып уақытында көрсетілген тәжірибе бойынша есеп беру (ресми түрде аяқталған мерзімінен кейін 3 күн ішінде) және тәжірибе орны мен кафедрадан тәжірибе жетекшісінің оң пікірлері табылады.
Ақырғы кезеңнің нәтижесі болып табылады:
- тағайындалған мерзімде кафедрадағы комиссия алдында есеп беруді қорғау, оның барысында студенттің өз бетінше дайындық деңгейі, теориялық білімдері мен таңдап алынған бітіру біліктілік жұмысының тақырыбына жақын мәселелер бойынша мәліметтерді меңгеруі бағаланады;
- қорғау нәтижелері бойынша жалпы баға қойылады, мұнда қорғалған есеп берудің сапасы, студенттің теориялық және практикалық дайындық деңгейі бейнеленеді. Қорғау үрдісі студенттің жұмыстың практикалық машықтарын меңгеру деңгейін және оқу барысында университетте алған білімдерін үс жүзінде қолдану дәрежесін анықтауды білдіреді;
- тәжірибенің аяқталуы болып ведомостіде, есеп беруді қорғау хаттамасында және студенттің сынақ кітапшасында қойылған оң нәтиже саналады.
Себепсіз есеп беруді көрсетпеу және тәжірибе жетекшілерінің қорытынды бағасының болмауы немесе тәжірибе үшін қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалар студентті тәжірибенің ақырғы кезеңіне жібермеу үшін негіз болып табылады.
Ведомостіде және студенттің сынақ кітапшасында қойылған тәжірибе бойынша есеп беру нәтижесі тәжірибенің жетістікпен аяқталғанын білдіреді.
Қорытынды
«Есеп және қаржы» кафедрасының студенттерінің дипломалды тәжірибесін ұйымдастыру және өткізуге қатысатындар:
- университет бөлімдері, Экономика және басқару факультетінің қызметкерлері, «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушылары;
- тәжірибе орнын ұсынған ұйымдар (мекемелер);
- студенттер.