Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод указ практика Каржы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.8 Кб
Скачать
    1. Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру

Дипломалды тәжірибеден өту жүзеге асырылатын ұйымдардың (мекемелердің) негізгі міндеті студенттерге университеттегі оқу барысында алған теориялық білімдері мен машықтарын тәжірибеде бекіту үшін жағдай жасау.

Осы мақсатпен студенттерге ұйымнан жетекшілер тағайындалады, олар:

1. студенттермен танысып, олардың жұмыс орындарын, міндеттемелері мен тәжірибе кезінде орындайтын жұмыс ауқымын анықтайды;

2. қажетінше кафедрадан тағайындалған тәжірибе жетекшілерімен жұмыс жасайды;

3. студенттерге бітіру біліктілік жұмысын жазу кезінде қолданылатын ұйымның ішкі құрылымымен, оның қызмет сферасымен, сондай-ақ экономикалық құжаттармен және мәліметтермен (ұйымның жарғысымен, соңғы 3-5 жылдағы қаржылық есеп берумен, түсіндірме жазбалармен, қызметі туралы есеп берулермен, дамудың стратегиялық бағдарламаларымен) танысуға мүмкіндік береді;

4. студенттерді экономикалық және қаржылық құжаттармен жұмыс бойынша мәселелерге кеңес береді, тәжірибеде қолданылатын оны талдауды, жалпылауды және басқарушылық шешімдерді жасауды түсіндіреді;

5. тәжірибеден өту кезеңінде алған жұмыс машықтарын бекітуге көмектеседі;

6. тәжірибенің (модульдердің) негізгі кезеңдерінен өтуді және студенттің жұмысын бақылауды жүзеге асырады;

7. тәжірибенің соңында тәжірибеден өту қорытындыланып, оның жұмысын, іскери және жеке бас сапаларын бағалаудан тұратын мінездеме беріледі. Мінездемеге кәсіпорынның бірінші басшысы қол қойып, кәсіпорынның (ұйымның) мөрімен куәландырылады.

2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтуді ұйымдастыру

Студенттердің дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы үш кезеңмен көрсетіледі:

I. дайындық;

II. негізгі (жұмыс);

III. қорытынды.

1 Кезең. Дайындық

Бірінші, дайындық кезеңінде, студенттер тәжірибе орны – ұйым (мекеме) іздеумен айналысады; алдағы диплом жұмысының тақырыбын анықтайды. Таңдап алынған диплом жұмысының тақырыбы тәжірибе орны ретінде таңдалынған ұйымның (мекеме) қызмет профиліне жақын болуы керек.

Әдетте, тәжірибе орнын іздеумен студенттің өзі айналысады. Студенттер тәжірибе орны ретінде жартылай еңбекпен қамтылған ұйымдағы жұмысына орналасуына да болады. Бұл жағдайда олар осы ұйымның жетекшісі немесе бас бухгалтері қол қойған және мөрмен куәландырылған, тәжірибеден өту үшін орын бере алатын мүмкіндікті қамтамасыз етуге келіскендігі жөніндегі қатынас қағазын кафедрадағы тәжірибе өткізуге жауаптыға бекітілген мерзімде табыс етулері қажет. (қатынас қағаздың нұсқасы 1 қосымшада келтірілген).

Егер тәжірибе орнын өз бетінше іздеу нәтиже бермесе, студенттер кафедраға, деканатқа немесе Мансап орталығына жолыға алады. (университеттің №8 корпусы).

Бұл жағдайда тәжірибе орындары бойынша студенттерді бөлу студенттердің кәсіби дайындығының деңгейіне нақты ұйымдардың, мекемелердің талаптары мен мүмкіндіктерін және мамандануын ескере отырып жүргізіледі. (мысалы, шет тілдерін білуі, компьютерді меңгеруі, қалыптасқан жағдайды сәйкесінше бағалай білуі және т.б.). Тәжірибе орнын ұсынуға келіскен ұйым тапқан соң студентке ұйымға жолдау беріледі. Тәжірибенің дайындық кезеңі 8-ші семестр бойы жүріп, келесідей нәтижелермен аяқталады:

- студенттердің диплом жұмысының тақырыбын таңдауы және шығарушы кафедраның тақырыптарды бекітуі;

- студенттердің нақты тәжірибе орындарын анықтауы және кафедраның бекітуі;

- студенттердің оқытушыларға-кафедрадан тәжірибе жетекшілеріне бөлінуі;

- кафедраның (жетекші-оқытушылардың) дипломдық жұмыс дайындау мен жазу бойынша және тәжірибенің жұмыс кезеңінен өту бойынша кешенді жеке тапсырмаларын жасауы.

Жеке тапсырманы кафедрадан тәжірибе жетекшілері жасайды. Тәжірибеден өту барысында зерттелуге тиісті сұрақтар тізімі диплом жұмысының тақырыбымен, тәжірибе бойынша ұйым немесе бөлімшенің мамандануымен анықталады. Мазмұны бойынша есеп беру диплом жұмысының тақырыбына жақын болуы тиіс. Сондықтан тәжірибе орны болып табылатын ұйымның құрылымдық бөлімшесін сипаттаудан басқа (оның ұйымдағы орны, қызмет ету сферасы, қаржылық жұмысының нәтижелері), студент таңдап алынған диплом жұмысының тақырыбымен байланысты негізгі теориялық ережелерді, әдістемелік және практикалық мәліметтерді жете зерттеуі тиіс.