
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Дипломалды тәжірибені ұйымдастыру
- •2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру
- •Экономика және басқару факультетінде тәжірибені ұйымдастыру
- •Қаржы кафедрасында тәжірибе ұйымдастыру
- •Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру
- •2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтуді ұйымдастыру
- •1 Кезең. Дайындық
- •2 Кезең. Негізгі (жұмыс)
- •3Кезең. Ақырғы.
- •Өндірістік (дипломалды) тәжірибе бағдарламасы
- •«Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •«Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •3.3 «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы
- •4. Дипломалды тәжірибе бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
- •4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •Дипломалды тәжірибеден өту есебі
- •Мінездеме
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнтізбелік жоспары
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) __________ қаржы бөлімінің бастығы қолы
- •09410 Топ студенті Ахонова Дина Жумаевнаның дипломалды тәжірибеден өту күнделігі
- •Тәжірибе жетекшісі: (ажт) ____________ қаржылық бөлім бастығы қолы
- •2010–13 Жылдардағы * «Айдана» жшс берілген несиелердің динамикасы мен құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және басқару факультеті
«ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
5В050900 «Қаржы»
мамандығының күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша оқитын студенттері үшін өндірістік (дипломалды) тәжірибе
БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал, 2013
УДК:
«Қаржы» мамандығының студенттері үшін өндірістік тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, Орал, 2013 ж.
Құрастырғандар: аға оқытушы Шамакова Н.Г.
оқытушы Скок Е.А.
оқытушы Другакова Л.А.
оқытушы Алтыбаева Ш.М.
Сын-пікір беруші: э.ғ.к., доцент Сулейменова Г.Н. - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Экономика және басқару факультеті «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Экономика және басқару факультетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді,
хаттама № ____ «___» _____ 201__ж.,
Әдістемелік нұсқаулар Экономика және басқару факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданып, баспаға ұсынылды, хаттама № ____ «___» _____ 201__ж.,
Өндірістік (дипломалды) тәжірибе 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімді – бакалавриат мамандарды дайындаудың ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған экономика бакалаврларын дайындау кезіндегі оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады.
БҚМУ РМК ШЖҚ – 201__ ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ |
4 |
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР |
4 |
2. ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ |
5 |
2.1. Университеттегі дипломалды тәжірибені жалпы ұйымдастыру |
5 |
2.2. Экономика және басқару факультетіндегі тәжірибе ұйымдастыру |
6 |
2.3. Кафедрадағы тәжірибе ұйымдастыру |
7 |
2.4. Ұйымдардағы (мекемелердегі) тәжірибе ұйымдастыру |
8 |
2.5. Өндірістік (дипломалды) тәжірибеден өтудіі ұйымдастыру |
9 |
3.ӨНДІРІСТІК (ДИПЛОМАЛДЫ) ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ |
13 |
3.1. «Қаржылық менеджмент» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы |
14 |
3.2. «Салық және салық салу» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы |
22 |
3.3. «Банк ісі» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибеден өту бағдарламасы |
27 |
4. ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР |
30 |
4.1 Тәжірибе бойынша есеп берудің құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар |
30 |
4.2 Студенттің мінездемесінің мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар |
31 |
ҚОСЫМША1 |
33 |
ҚОСЫМША 2 |
34 |
ҚОСЫМША 3 |
35 |
ҚОСЫМША 4 |
36 |
ҚОСЫМША 5 |
37 |
ҚОСЫМША 6 |
39 |
ҚОСЫМША 7 |
40 |
ҚОСЫМША 8 |
41 |
КІРІСПЕ
5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі және сырттай оқу түрлерінің барлық мамандануы бойынша бітіру курстарының студенттеріне дипломалды тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес құрастырылған (барлық мамандықтар мен бағыттар бойынша).
Осы әдістемелік нұсқаулар «Есеп және қаржы» кафедрасының бітіруші курстарының студенттерінің дипломалды тәжірибесінің мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымдастырылуы мен өткізілуінің нақты мазмұны мен ерекшеліктерін анықтайды.
Жалпы ережелер
Дипломалды тәжірибе (әрі қарай – тәжірибе) жоғары білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу үрдісіне интеграцияланған оқу жоспарларының модульдері ретінде тәжірибе оқытудың ақырғы кезеңі болып табылады және студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламаларын меңгергеннен кейін жүргізіледі.
Тәжірибе мақсаты болып студенттердің коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, банктердің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының, салық органдарының қызметіне практикалық қатысуы негізінде алған теориялық білімдерін бекіту; мемлекеттік қаржылар мен ұйымдардың қаржысы сферасында кәсіби машықтар мен өз бетінше жұмыс істеу тәжірибесін меңгеру; банк ісі, салық салу, қаржылық менеджмент облысында дипломдық жұмыс жазу үшін материалдар жинау, талдау және жалпылау.
Тәжірибе, оқыту және кәсіби біліктілікті қалыптастыру үрдісінің құрамдасы ретінде, мазмұндылық, нәтижелік, өз бетінше жұмыс істеу қағидаларына негізделеді.
Тәжірибенің мазмұнына қойылатын талаптар төмендегілерде көрсетіледі:
- жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттің білім беру стандарттарымен;
- оқу жоспарларымен және арнайы пәндер курстарының ПОӘК;
- әдістемелік нұсқаулармен және тәжірибе бағдарламасымен;
- шаруашылық субъектілерінің және түрлі сфералар мен облыстардың, салалардың экономикалық құрылымының өзекті қажеттіліктерімен;
Өз бетінше жұмыс істеу студенттердің жоғары белсенділігін ынталандыратын кәсіби білімдерге жеткізуге, қолдануға және жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастырушылық жағдайларымен, оқу кезінде де, сондай-ақ нақты шаруашылық жүргізуші субъектілер мен экономикалық құрылымдардың практикалық қызметі сферасында алған кәсіби машықтары мен тәжірибесімен шартталады.
Нәтижелілік студенттердің жоғары (талап етілетін) нәтижеге қол жеткізуін ынталандыратын ұйымдастырушылық жағдайлармен шартталады. Нәтижелілік тәжірибе нәтижелерін оң бағалаудан, студенттердің біліктілігінің кәсіби деңгейіне қол жеткізуінен көрінеді. Тәжірибе нәтижесі диплом жұмысының аналитикалық құрамдастарын (бөлімдерін) дайындау мен жазуға және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізделген ұсыныстар мен нұсқаулар енгізуге арналған.