
- •«Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модуль дәріс комплекстері Дәріс оқитын оқытушы Иматаева а.Е.
- •«Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы»
- •2 Блок. Нарық және оны реттеу механизмдері
- •3. Дәріс тезистері:
- •3 Блок. Ұлттық экономиканы реттеу заңдылықтары.
- •2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың сипаты.
- •5. Әдебиет
- •5. Әдебиет
- •5. Әдебиет
5. Әдебиет
1. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. / Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ.Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004-455 бет.
2. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 194 бет.
3. Ә.Ж.Сапарбаева, А.Т.Мақұлова, Б.Д. Шәріпова. Экономика негіздері сызбаларда және кестелерде: Оқу құралы. / - Алматы: «Бастау» баспасы, 2008.-343 бет.
4. Б. Жатқанбаев Экономикалық теортя бойынша оқу құралы. Алматы 2005ж
5. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы Қазақ университеті 2006ж
Дәріс 4: «Экономикалық цикл. Инфляция және жұмыссыздық.»
Дәріс жоспары:
Жұмыссыздық және оның түрлері
. Инфляцияның мәні, себебі және салдары
Дәріс тезистері:
Инфляция дегеніміз – баға деңгейінің тұрақты көтерілуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.
Инфляция мынадай себептерден туындайды:
● мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшаларды шығару;
● мемлекеттің өндірістік емес шығындарының артуы;
● тауар тапшылығының негізінде бағаның өсуі;
● кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы;
● жалақының еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы жіне т.б. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының пайда болуына алып келеді.
Инфляцияның бірнеше түрі бар. Бағаның жылдық өсу қарқынына қарай оны төмендегідей үш түрге бөлуге болады:
● баяу инфляция – ақшаның жылына 10%-ға құнсыздануы;
● қарқынды инфляция – кезінде баға жылына 20% - 200% -ға дейін өседі.
● ұшқыр инфляция – кезінде айналымдағы ақша саны мен баға жылына 500% - 1000% - ға өседі.
Сонымен қатар нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп бөлеміз. Ашық инфляция – бағаның өсуі және ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. Басылыңқы инфляция – өнім сапасының төмендеуінен, ақшаның жиналуымен, экономикалық тапшылықтың өсуінен көрінеді. Оны кейде жасырын инфляция деп те атайды.
Сұраныс пен ұсынысқа байланысты инфляция екі типке бөлінеді:
Сұраныс инфляциясы – монетарлық (ақшалық) факторлармен сипатталады (ақша эмиссиясы, мемлекеттік бюджет тапшылығы, халықтың болжамы). Ұсыныс инфляциясын шығындар инфляциясы деп атайды. Бұл өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағаның өсуі. Мұның салдары жалақының өсуіне әкеледі және шикізатқа бағаны көтереді.
Инфляция баға көмегімен өлшенеді.
Баға индексі = ағымдағы баға – базистік кезеңдегі баға * 100%
базистік баға
Инфляцияның салдары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соғады:
● ол ұлттық табыс пен байлықты әр түрлі топтар мен институттар арасында болжамсыз қайта бөлуге мәжбүр етеді;
● инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылығын жоспарлауды қиындата түседі;
● қоғамның саяси тұрақтылығы төмендеп, әлеуметтік шиеленіс өседі;
● тұрақтылығы жоғары шет ел валютасына сұраныс өседі;
● мемлекеттік бюджет құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді;
● инфляцияның жоғары дәрежесі жұмыссыздықпен ұштасады.
Инфляция салдарын бейтараптандыру мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы экономиканы сауықтыру және тұрақтандыру, ақша эмиссиясын жою, ақша реформасын жүргізу сияқты саясаттар жүргізеді.
Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, рентабельділігі төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін ақша айналымын тұрақтандыру мақсатында мынадай тәсілдер қолданылады. Олар: нолдендіру, девалвациялау, ревалвациялау және деноминациялау.
Нолдендіру – мемлекет құнсызданған қағаз ақшаны жарамсық деп жариялап ескі ақша белгілерін жаңасына белгілі бағамен айырбастайды. Яғни құнсызданған ақша бірлігін айналымнан шығару.
Девалвация – бұл ұлттық валюта курсының шет ел валютасымен салыстырғанда төмендеуі.
Ревалвация – бұл ұлттық валюта курсының шет ел валютасы қатынасына қарай көтерілуі.
Дефляция – айналыстан артық ақшаны алып тастау арқылы оның көлемін азайту.
Деноминация – ескі ақша белгілерін жаңаға айырбастау және баға масштабын өзгертіп, ұлттық валютаны нығайту шарасы.
Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы кері байланысты зерттеген ғалым ағылшын экономисі А.Филлипс болып табылады. Филлипс теориясы бойынша жұмыссыздық көрсеткіштері номиналды жалақының өсуі төмендеген жағдайда жоғарлайды да, жалақының өсуіне қарай төмендейді. Бұл ара қатынасты Филлипс қисық сызығы арқылы көрсетуге болады.