Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

3 Блок. Ұлттық экономиканы реттеу заңдылықтары.

Дәріс 3: «Ұлттық экономика жүйе ретінде»

Дәріс жоспары:

1. Ұлттық экономика жүйе ретінде

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың сипаты. ЖҰӨ-ді есептеу әдістері

Дәріс тезистері:

Ұлттық экономика дегеніміз – бұл халық тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған мемлекет деңгейіндегі шаруашылық субъектілерінің экономикалық іс-әрекеті.

Ұлттық экономика деңгейінде зерттелетін незізгі мәселелер:

- ұлттық өнім және ұлттық табыс мөлшері мен құрлымы;

- ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторлар;

- инфляция деңгейі;

- экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

- экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюктуралық өзгерістредің себептері;

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың сипаты.

Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикасында әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олар: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жеке табыс (ЖТ), қолдағы табыс (ҚТ), ұлттық байлық (ҰБ) және т.б.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бұл белгілі бір мерзімде елдің ішкі ресурстарын пайдаланып ішкі өнеркәсіпте өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны;

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – тек ел ішінде сол елдің өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген қызметтер мен өнімдер жиынтығы;

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – бұл жалпы ұлттық өнімнен амортизация сомасын алып тастағаннан қалған құрал жабдықтың тозу бағасы;

Ұлттық табыс (ҰТ) – бұл экономикада өндірістің барлық факторларымен (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік) өндірілген өнім бағасы;

Қолдағы табыс (ҚТ) – бұл барлық салықтан тыс төлемдерді төлегеннен кейін шаруашылықтардың иелігінде қалатын табыс;

Ұлттық байлық (ҰБ) – бұл елдің даму тарихының қорытынды нәтижесін есептеу үшін қолданылатын көрсеткіш. Бұл елдің осы уақыт мерзіміне дейін жинақтаған материалдық игіліктерінің жиынтығы.

3. ЖҰӨ-ді есептеу әдістері

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бұл белгілі бір мерзімде елдің ішкі ресурстарын пайдаланып ішкі өнеркәсіпте өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. ЖҰӨ мен ЖІӨ – нің айырмашылығын білу керек. ЖІӨ – бұл ел ішінде өндірілген тауарлар құны. ЖҰӨ – нің бір бөлігі шетелде өндіріледі.

ЖҰӨ-ді есептеудің үш түрлі әдісі бар:

  • қоғамның осы жылы өндірген тауарлары мен қызметтерге жұмсаған барлық шығындарының жиынтығымен;

  • өндіріс нәтижесінде алынатын табыстардың қосындысымен, яғни осы жылғы өндірістің нәтижесінде алынған өнімнің ақшалай табыстарын қосу жолымен;

  • қосылған құндылықтар бойынша, яғни әрбір өндірушінің бір жылда өндіріс процесінде өндірген игіліктерінің жиынтығымен.

Бірінші әдіс бойынша барлық шығындарды қосу арқылы ЖҰӨ көлемін табамыз.

Бұл шығындарға мыналар жатады:

  • С – тауар мен қызмет түрлерін сатып алуға кеткен үйшаруашылығы шығындары (нан, киім, көлік және т.б.);

  • I – станоктар, ғимараттар мен құрылыстар, өндіріс құрал жабдықтары және т.б. сатып алуға қажетті инвестициялар;

  • G – мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді (мектептер, ауруханалар, электро қуаттар және т.б.) және трнасферттік төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және т.б.) төлеуге жұмсаған шығындары;

  • Х – таза экспорттық шығындар, яғни экспорт пен импорттың айырмасы.

Шығындар әдісі бойынша есептеу мына формуламен анықталады.

ЖҰӨ = С + I + G + Х

Экономикалық өсу деп – халықтың санының өсу шапшаңдығының нақты ұлттық табыстың өсу шапшаңдығынан артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы түсіндіріледі.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады, оның құрамы:

● ұлттық табыстың өсуі;

● бос уақыттың көбеюі;

● шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің тиімділігіне:

• тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы;

• жаңа тауарлар өндірісін игеру;

• өндірістің мамандануы мен кооперциялануын жетілдіру;

• еңбек өнімділігін ынталандыру;

• өндірістік ресурстардың сапасын жақсарту;

• жаңа технологияларды игеру.

Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтері.

Теория жағынан экономикалық өсу дің негізгі 2 типі болады: экстенсивті және интенсивті. Экстенсивтік типінде материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының басым көпшілігін қолдану арқылы жүреді.

Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады – өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары біліктілігі мен жоғары еңбек өнімділігі бар – жұмысшы күшін пайдалану арқылы.

Нақты өмірде экономикалық өсудің бұл типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді.

Экономикалық өсудің үлгілері.

1. Өсудің жабайы неоклассикалық үлгісі:

Бұл үлгі дамудың стационарлық жағдайында трендтік траекторияларды зерттеу үшін қолданылады (тренд траекториялары – тепе-теңдік өсудің үлгісін жасау процесінде тепе-теңдік қамтамасыз ету). Дамудың стационарлық тәртібі жетілген бәсеке жағдайында және өсу процесінде макроэкономикалық статикалық тепе-теңдік өзін-өзі ұдайы өндіреді деп тұжырымдайды.

2. Динамикалық тепе-теңдіктің неокейнсиандық үлгілері: Дж. Кейнс концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, макроэкономикалық тепе-теңдікке жетуі үшін, егер ЖҰӨ-ң барлық көлемін өткізу үшін тиімді сұраныс болмаса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.

3. Өсудің жабайы посткейнсиандық үлгісіне Е.Домар мен Р. Харродтың үлгілері жатады.

Е.Домардың үлгісі: өсу теориясына қосқан үлесі: ол инвестициялардың екі тиімділігін де есепке алудың қажеттігіне назар аударды – мултипликатормен қатар акселераторға. Е.Домардың үлгісі бойынша, өндірістік қуаттардың толық пайдаланылуымен қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тұрақты түрде өсіріп отыру қажет.

Р.Харродтың үлгісі: ол үйлесімді өсу механизмін анықтау үшін экономикадағы функционалдық байланыстарды көрсететін теңдеулерге ғана сүйенбей, сонымен қатар томдауға кәсіпкерлер әрекеттерінің психологиялық мотивтерін енгізген. Р.Харродтың үлесінде кәсіпкерлердіңитәртібі былай сипатталады: сұраныс артық болса, өндіріс көлемінің өсу қарқыны өсу

Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең. Ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады, және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бастапқы циклы – өндірістің құлдырауы. Құлдырау құбылысының болуы тауардың артық өндірілуімен түсіндіріледі. Құлдырау кезеңінің негізгі белгілері:

● тауардың артық өндірілуі;

● бағаның құлдырауы;

● өндіріс мөлшерінің қысқаруы, кәсіпорындардың, банктердің жаппай банкротқа ұшырауы;

● жұмыссыздықтың өсуі, жалақының төмендеуі;

● акция бағасының құлдырауы және т.б.

Құлдырау толқыны тоқыраумен ұштасады. Яғни экономикалық циклдың екінші фазасы тоқырау. Бұл фаза өндірістің құлдырауы тоқтайды. Жаппай жұмыссыздық пайда болады, төмен жалақы төленеді және процент нормасы барынша төмендейді. Бірте-бірте жандану фазасы басталады. Жандану кезеңінде тауар өндіруші кәсіпорындар пайда бола бастайды, жұмыссыздық аздап азаяды, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және бұл кезде өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауар сұранысы, бағалар және процент нормасы өседі және несиеге сұраныс артады. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан аса бастайды, нарық тауарлар мен қызметтермен толтырылады және жаңа өнеркәсіптік цикл басталады.

Экономикалық тепе-теңдікте дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы, өзгерістердің бағыты мен дәрежесі экономикалық конъюктураны құрайды. Экономикалық конъюктураны сипаттау үшін бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. (ЖҰӨ, жұмыссыздық дәрежесі, жеке табыстар, өнеркәсіп өнімі және т.б.). циклдың қозғалысында экономикалық параметр белгісінің өзгеруіне байланысты, олар проциклдік, контрциклдік және ациклдік болып бөлінеді.

проциклдік параметрлер жандану фазасында өседі, ал құлдырау фазасында төмендейді (ақша массасы, бағаның жалпы дәрежесі, корпорация пайдасы)

• контрциклдік параметрлер деп – құлдырау кезінде жоғарылап, ал жандану кезінде төмендейтін көрсеткіштер аталады (жұмыссыздық дәрежесі, дайын өнім запасы).

• ациклдік динамикасы экономикалық циклдің фазаларымен сай келмейтін параметрлер жатады (экспорт көлемі).

Циклдық дамудың өзіндік ерекшілігі болады. Құрылымы жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Құрылымдық дағдарыстар салыстырмалы жағынан өндіру, кем немесе артық болу түрінде көрінеді. Олар жалпы өнеркәсіптік дағдарыспен қатар жүреді немесе онымен сәйкес келмейді.

Аграрлық дағдарыстар әдетте табиғи факторлардың әсерімен пайда болуы мүмкін. Олардың болуына еңбекті ұйымдастырудың кемшіліктері, техникалық артта қалу, жерді пайдалану мен оны иемдену жүйелерінің кемшіліктері жатады.

Әдетте циклдарды олардың ұзақтығы мен мерзімділігіне қарай бірнеше түрде жіктейді.

1. Н.Кондратьевтің ұзын толқынды циклдары. Ол 40-60 жылға созылады. Басты ерекшеліктері техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер.

2. белгілі американ экономисі С.Кузнецтің циклдары оның ұзақтығы 20 жылмен сипатталады. Табыс, имиграция, тұрмыс-үй құрылысы, жиынтық сұраныс.

3. Ерекше шаруашылық циклдары. Бұл 1-12 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты болады. Бұл Жуглардың циклы деп аталады.

Экономикадағы циклдық ауытқуларға ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторлар – халық санының өзгеруі, технологиялық өзгерістер, соғыстар және оқиғалар.

Ішкі факторлар – тұтыну, инвестициялау, үкімет саясаты (фискальды саясат, монетарлық саясат, қаржы айналымын реттеу).

Экономиканың циклдік дамуының бірнеше ерекшелігі бар:

1. Цикл мерзімінің қысқаруы (орташа 3-5 жыл);

2. Дағдарыстың әлсіреуі (ЖҰӨ-ң төмендеуінің азаюы);

3. Цикл құрылымының өзгеруі (кейбір фазалардың түсуі).

Осы өзгерістерге себепші негізгі фактор экономиканы мемлекеттік реттеу болып табылады.

Дағдарысқа қарсы саясат – бұл мемлекеттің экономикалық белсенділіктің дағдарыс алдындағы құлдырауын реттеу және экономикалық дағдарыстардың дамуына жол бермеу жөніндегі шараларының жиынтығы.

Әсіресе тоқырау және өрлеу кезеңі – мемлекеттің ерекше бақылауында болатын кезеңдер.

Жұмыссыздық және оның түрлері

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның өзекті мәселелерінің бірі. Жұмыссыздық дегеніміз – бұл еңдекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Жұмыссыздықтың мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- Жасырын жұмыссыздық – бұл өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы;

- фрикциондық жұмыссыздық – бұл халықтың бір аймақтан екінші аймаққа, бір кәсіптен екінші кәсіпкеауысуына байланысты болатын уақытша жұмыссыздық;

- құрылымдық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкес келмеген кезде және өндірістік қуаттың жетіспеушілігіненболатын жұмыссыздық;

- циклдық жұмыссыздық – бұл экономикадағы құлдырау, дағдарыс кезінде көрінетін жұмыссыздық түрі;

- технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, яғни бұл біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді;

- маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы (ауыл шарушылығы, құрылыс саласы және т.б.).

Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегі формуламен анықталады:

ЖД = ЖС * 100

ЖК

Мұндағы: ЖД – жұмыссыздық деңгейі;

ЖС – жұмыссыздар саны;

ЖК – жұмыс күшінің саны.

Жұмыссыздық деңгейі инфляцияның өсуіне ықпал етеді. Кез-келген жұмыссыздық деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға артса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды.

Жұмыс күшін сату мен сатып алу еңбек нарығында жүзеге асырылады. Еңбек нарығы – нарықтың ең бір жетілмеген түріне жатады, өйткені мұнда бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар жатады:

● бос жұмыс орны мен мөлшері туралы жұмысшының хабарсыз болуы немесе осы хабардың жеткіліксіз болуы;

● жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің шектеулілігі;

● жалақы саласындағы фирма саясаты.

Еңбек нарығыимемлекет тарапынан реттеліп отырады. Маңызды реттеуші маңызды факторларға:

● жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс;

● бос уақыттың ұзақтығы;

● еңбекке жалдау және жұмыстан босату тәртібі;

● бағаның өзгеруі мен жалақыны индексациялау және т.б. жатады.

Сонымен қатар қауіпті жағдайлардан қамсыздандыру, денсаулығының кемуінен қамсыздандыру, қартаюмен байланысты қамсыздандыру сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Кәсіпорындарда әлеуметтік қорлар жасалып оның есебінен жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру мүдделері жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру – зейнетақымен қамту, асыраушысынан айырылғандарды қамсыздандыру, жұмыссыздық жағдайында төленетін жәрдем ақы, еңбекке жарамсыз мүгедек адамдарға көмек ақы беруді қамтиды.

Әлеуметтік қамсыздандырудың тағы бір көзі кәсіпкер табысына салынатын салық. Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік бағдарламасы халықтың табысы жалақы мен пайдадан түсетін салық арқылы қайта бөлу есебінен белгіленеді. Ол қаржы мемлекеттің бюджетінде жинақталады, кейін халықтың тұрмыс тіршілігі ауыр халдегі топтарына жұмсалады.

Инфляцияның мәні, себебі және салдары.

Айналымдағы ақша бірлігі саны мен тауар мөлшері арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете алмайтын ақша бірлігінің пайда болуы инфляцияны тудырады.