- •«Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модуль дәріс комплекстері Дәріс оқитын оқытушы Иматаева а.Е.
- •«Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы»
- •2 Блок. Нарық және оны реттеу механизмдері
- •3. Дәріс тезистері:
- •3 Блок. Ұлттық экономиканы реттеу заңдылықтары.
- •2. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың сипаты.
- •5. Әдебиет
- •5. Әдебиет
- •5. Әдебиет
«Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы»
Өндіріс дегеніміз – адам өміріне қажетті игіліктерді өндіру кезіндегі адам мен табиғат арасындағы байланыс.
Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеттілігі.
Өндіріс құрал жабдықтары – еңбек құралдары мен еңбек затынан тұратын өндірістің заттық факторы.
Еңбек құралдары дегеніміз – адамға қажетті игіліктерді жасауға пайдаланылатын заттар жиынтығы.
Еңбек заттары – деп еңбек барысында адамдардың тікелей әсер етіп, болашақ өнімнің материалдық негізін құрайтын заттарды айтамыз.
Қоғамдық өндіріс түрлері және ұдайы өндіріс
Материалдық өндіріске – материалдық игіліктерді өндіру салалары сонымен қатар материалдық қызмет көрсету кіреді. Мысалы: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс саласы, транспорттық қызмет, коммуналдық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау және т.б.
Материалдық емес өндіріс саласына – өндірістен тыс игіліктерді (рухани игіліктер) өндіру және өндірістен тыс қызмет (рухани қызмет) көрсету жатады. Мысалы: ғылыми кеңестер беру, денсаулық сақтау, білім беру, өнер, кітап жазу, сурет салу және т.б.
Ұдайы өндіріс жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді:
Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда қайталануы, сондықтанда алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – бұл өндірістің ұлғаймалы ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш негізгі типі бар:
Интенсивті – бұл өндіріс факторларын сапалық жетілдіру, яғни еңбек құралдарын неғұрлым үнемді пайдалану, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және қордағы өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру көлемін сапалық жағынан ұлғайту.
Экстенсивті – өндіріс процесінің сан жағынан өсуі, яғни өнімді екі есе көбейту үшін қолда бар өндіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін екі есе ұлғайту.
Аралас – өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын және техникамен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.
«Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік»
Меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты туындайтын қатынастар. Меншік қатынастарын келесідей 11 элементке топтастырылады: - иелік ету құқығы; - пайдалану құқығы; - басқару құқығы; - табыс алу құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы; - егемендік құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы; - қауіпсіздік құқығы; - мұраға қалдыру құқығы; - мүліктерді шексіз пайдалану құқығы; - сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілдерді пайдалануға тыйым салу; - өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі; - бұзылған құрал-жабдықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.
Меншік субъектісі – меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісін иемденетін, оған билік ететін және пайдаланатын адамдар. Мысалы: жеке адам, отбасы мүшелері, әлеуметтік топтар, кәсіпорынның еңбек ұжымдары, территория халқы т.б. Меншік объектілері – меншік субъектісінің қарамағындағы заттар. Мысалы: жер, ғимараттар, табиғи байлықтар, ақша, асыл тастар, ақыл ой меншігі және т.б. «Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.»
Натуралды шаруашылық деп – өнімін сату, айырбастауүшін емес, тек өзінің тұтынуы үшін өндіретін тұйық шаруашылықты айтамыз.
Тауарлы шаруашылық дегеніміз – өндірілген өнімдер тұтыну үшін емес, сатылуы үшін басқаның қажеттілігін қанағаттандыру үшін шығарылатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Тауар және оның қасиеттері.
Тауар дегеніміз – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі.
Кез – келген тауардың екі қасиеті бар:
- тауардың тұтыну құны;
- тауардың айырбас құны;
Тауардың тұтыну құны деп – бұл тауарлардың адам сұранысын қанағаттандыра алу қасиеті.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
- құн өлшемі – ақшаның көмегімен барлық тауарлардың құны көрсетіліп, оның бағасы бекітіледі.
- айналыс құралы – бұл кезде ақшалар тауар алмасу процесінде аралық қызмет атқарады. Т-А-Т
- қор жинау құралы – ақша айналыс сферасынан шығып, өндірушілер, жеке адамдар ақшаларын банктерде, мемлекеттік қазынада жинақтайды.
- төлем құралы – тауарларды несиеге сатқан кезде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
- дүниежүзілік ақша – бұл қызметті ақша халықаралық экономикалық қатынас кезінде атқарады.
