Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКА» МОДУЛЬ

ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ

«Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модуль дәріс комплекстері Дәріс оқитын оқытушы Иматаева а.Е.

1-БЛОК. Қоғамның экономикалық дамуының жалпы негіздері

Дәріс 1: «Экономикалық теория пәні мен әдістері»

Дәріс жоспары:

1. Экономикалық теория ғылымының қалыптасуы және даму кезеңдері

Экономикалық теорияның пәні, әдістері мен қызметтері

2.Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы

3. Экономикалық институттар:меншік және кәсіпкерлік

4. Қоғамдық шаруашылық нысандары,тауарлы шаруашылық.Ақша

1. Дәріс тезистері:

Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия сияқты елдерде Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.

Экономикалық теория алғашқы антикалық қоғамда «Экономия» яғни, үй шаруашылығын ұйымдастыру туралы ғылым ретінде қалыптасты. «Экономия» ұғымын XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында жаңа мәнге ие болып «Саяси экономия» деген атпен дамыды. Ол грек тілінде «полис» - мемлекет, «ойкос» - үй шаруашылығы, «номос» -заң деген мағынаны білдіреді.

«Саяси экономия» ұғымын алғаш ғылымға енгізген Француз ғалымы А.Монкретьен. Ғылым ретінде қалыптасқан саяси экономия бірнеше бағытта дамыды.

Олардың ең алғашқысы меркантилистер мектебі.

Бұл мектептің негізгі өкілдері А.Монкретьен (1576-1621) және Т.Мен (1571-1644).

Меркантилистердің пікірі бойынша қоғамның басты байлығы ақша (алтын, күміс). Ол байлықтың басты көзі айналыс сферасы, сондықтан да шет елдерге тауарды көп шығарып, елдің ақша қорын көбейту керек деген көзқараста болды.

Екіншісі физиократтар мектебі – бұл мектептің негізін қалаушы Ф.Кенэ (1694-1774ж.ж.). Физиократтардың пікірінше байлықтың көзі – ауылшаруашылығы өндірісінде.

Үшіншісі классикалық саяси экономия мектебі – негізгі өкілдері Д.Рикардо (1772-1823), А.Смит (1723-1790) және У.Петти (1623-1687). Олар физиократтардың көзқарастарын жоққа шығарушылар. Классикалық саяси экономистердің пікірі бойынша қоғамдық байлық ауылшаруашылығы өндірісінде ғана емес, сонымен қатар барлық өндіріс саласында, яғни материалдық игіліктер өнеркәсіп, құрылыс, транспорт сияқты салаларда да өндіріледі.

Келесі марксизмнің экономикалық теориясы – оның негізін қалаушылар К.Маркс және Ф.Энгельс. Марксизмнің экономикалық теориясы – классикалық мектептердің идеяларын жұмысшы табының мүддесімен ұштастырып қоғамды революциялық жолмен қайта көздеді. Бұл кезеңде капиталистік ұдайы өндірістің микро – макро деңгейіндегі барысы мен қайшылығы, қосымша құн жасау барысы және жалдамалы еңбекті қанау механизмі толық ашылды.

Олар: неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және институтционализм мектебі. Бұл бағыттар экономиканың динамикалық процестеріне яғни экономикалық циклдерге, инфляцияға, жұмыспен қамтуға, ақша арқылы жүретін өлшемдерге талдау жасап, зерттеу жүргізеді.

Экономикалық теорияның пәні, әдістері мен қызметтері

Экономикалық теория пәні – бұл адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек шектелген ресурстарын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым

Экономика ұғымы үш түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылады:

  • экономика – шаруашылық әрекет, адамдар өмірінің ерекше саласы ретінде қарастырылады;

  • шаруашылық жүргізу туралы ғылым деп қарастырылады;

  • экономика – шаруашылық жүргізу процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қарым-қатынас деп қарастырылады.

Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әр түрлі тәсілдері мен әдістерін қолданады

- ғылыми абстракция әдісі – зерттеу пәнін кездейсоқ, қысқа мерзімді жеке құбылыстардан оқшаулап, тұрақты, үнемі қайталанып отыратын негізгі қасиеттерін, мәнін бөліп қарап, танып білуге мүмкіндік береді;

- анализ – экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін бөліп, әр элементті тұтас құбылыстардың құрамдас бөлігі ретінде зерттейді;

- синтез – құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрлым деп, кейін осы элементтердің біртұтас қосындысы деп зерттеп, жалпы қортынды шығарады;

- индукция – жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығару;

- дедукция – жалпы қағидалар негізінде экономикалық құбылыстардың кейбір жеке ерекшеліктері сипатталады;