Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прак.2 курс14-15 КАЗ НОВ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
547.33 Кб
Скачать

3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:

Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау, «Жалпы физиология», камертон, аудиометр, естуді зерттеуге арналған н сөздік кестесі, «Есту және тепе-теңдік талдағышы физиологиясына» арналған стендтер, физиологиялық атлас.

4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:

- Талдағыштар

- Есту және оның маңызы

- Тепе-теңдік,организм үшін маңызы

- «Есту және тепе-теңдік талдағышы» атты тақырып бойынша РВL инновациялық оқыту әдістемесі. Сценарий мен аннотациясы бар.

Әдебиеттер

Негізгі

1. Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б.Адам физиологиясы. – Алматы, Білім, 1995 (341-362 б.).

2. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. – Алматы, Дәуір, 2005 (431-453 б.).

3. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент, 1993 (188-189 б. №102 жұмыс, 190-191 б. №104 жұмыс, 196-197 б. №112 жұмыс, 197-198 б. №113 жұмыс).

4. Қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2007 (193-194 б. №1 жұмыс, 195-196 б. №3 жұмыс, 201-202 б. №2, 3 жұмыс).

Қосымша:

1. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000.

2. Физиология человека: Учебник /Под ред.В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – М.:Медицина, 2003.

3. Агаджанян Н.А., Тель Л.З. Физиология человека. - М.:Медицинская книга,

Новгород, 2005.

4. Иванов К.П. Основы энергетики организма. Т.1. Общая энергетика, теплообмен, терморегуляция. – Л.:Наука, 1990.

5. Физиология человека. Пер. с англ./Под ред.Р.Шмидта и Г.Тевса. – М.:Мир. – 2005

6. Покровский А.А. Тағам туралы толғау. – Алматы.: Қайнар, 1990.

7. Шарманов Т.Ш. Национальная политика питания. – Алматы, 1998.

8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. Атлас по нормальной физиологии. –

М.: Высшая школа, 1986.

9. Руководство к практическим занятиям по нормальной

физиологии /Под ред. К.В.Судакова, А.В.Котова, Т.Н.Лосевой. – М.: Медицина. 2002.

10. Нормальная физиология; Учеб.пособие /Под ред.В.А.Полянцева. – М.:Медицина, 1989.

11. Дүйсембин Қ, Абеуова Г, Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және валеология:

Студент білімін бағалау:

БСЗБ және МБРҒН орталығының берген талаптарына сай: Бекітілген «ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін бағалау ережелері», берілген практикалық сабақ бағаланады:

1. Құзіреттілік «Білімі» - ауызша және жазбаша сұрау, тест (сұрақтар мен тест тізімі төменде көрсетілген)

2. Құзіреттілік «Практикалық дағдылар» - Дағдыны меңгергенін тексеру

1. Дыбыстың сүйек және ауалы кеңістік арқылы өтуін зерттеу

2. Барани тәжірибесі

Бақылау сұрақтары:

  1. Есту талдағышының және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

  2. Есту мүшелері, бөлімдері маңызы.

  3. Кортиев мүшесінің құрылымы, локализациясы, маңызы

  4. Есту мүшесінің дыбысты өткізуші және қабылдаушы жүйелері туралы түсінік.

  5. Түрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдау теориясы (резонанстық, телефондық, жарысқан толқындар).

  6. Тепе-теңдік талдағышының және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

Тесттер:

1. Тепе-теңдік рецепторлары үшін адекватты тітіркендіргіш болып табылады

  1. дененің орталықтан тепкіш үдеуі

  2. тік сызықты қозғалыс кезінде денеге әсер ететін оң немесе теріс үдеу

  3. кеңістіктегі дене қалпының өзгеруі

  4. басты айналдыра қозғалту

  5. дененің бұрыштық үдеуі

2. Тепе-теңдік талдағышының қыртысасты орталығын көрсетіңіз

  1. Бехтерев, Дейтерс, Швальбе ядролары

  2. латералды иінді дене

  3. дара шоғыр ядросы

  4. медиалды иінді дене

  5. төрт төмпешік бұдырлары

3. Тепе-теңдік талдағышының қыртыстағы орталығын көрсетіңіз

  1. шүйде бөлігі

  2. самай бөлігі

  3. Аммонов мүйізі

  4. артқы орталық иірім

  5. алдыңғы орталық иірім

Ситуациялық есептер:

    1. Адамды Барани орындығына отырғызып секундына 1 айналым жиілікпен айналдырады. Бұл қандай жағдайға әкеледі? Оның барлық көріністерін сипаттаңыз және олардың пайда болу себебін түсіндіріңіз.

    2. Адамды автобуста шайқалтқан болса, сол кезде қандай рефлекторлық реакциялар болады, олар қалай көрінеді және олардың себептері қандай?

Тақырып №13: Организмнің шартты-рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмі. Туа пайда болған және жүре пайда болған іс-әрекеттің түрлері. Уақытша байланыстардың түзілу механизмі.

Мақсаты: Организмнің шартты рефлекстік қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмі жайында білімін қалыптастыру.

Оқыту мақсаты мен міндеттері:

  1. Студенттерді шартты және шартсыз рефлекстердің салыстырмалы сипаттамасымен, инстинктпен, шартты рефлекстің түрлерімен таныстыру.

  2. Адамда шартты рефлекстерді қалыптастыруды үйрету.

  3. Уақытша байланыстар түзілуінің негізгі нейрофизиологиялық механизмдерін ашып көрсету (И.П. Павловтың теориясы, Э.А. Асратянның теориясы, П.К. Анохиннің теориясы және қазіргі кезегі жаңаша теория).

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. ЖЖІӘ зерттеу әдістері.

  2. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің салыстырмалы сипаттамасы, инстинкт.

  3. Инстинктті анықтау.

  4. Электроэнцефалография әдісі, ЭЭГ ырғағының жиілігі мен амплитудасы

  5. Шартты рефлекстердің классификациясы.

  6. Шартты рефлекстерді қалыптастыру ережесі.

  7. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің орталығы.

  8. Ми қыртысында уақытша байланыстардың нейрофизиологиялық түзілу механизмі.

Үйрету және оқыту әдістері: аралас әдістер:

1. Мүмкін нұсқаулар: топтық пікірталас, тест, аралас сұрау, ауызша және жазбаша сұрау.

2. Жүргізілетін жұмыстарды талқылау және орындау, жұмыс хаттамасының толтырылуы:

Жұмыстар:

№1 -Адамда шартты қарашық рефлексін қалыптастыру (лит. 6 стр. 39. раб.№)

№2- Адамда шартты тыныс рефлексін қалыптастыру (лит 6, стр 41, раб №2)

№3- Егеуқұйрықта қорғаныс шартты рефлексін қалыптастыру

(лит. 6 стр. 43 , раб.4)

№4 – Электроэнцефалография (лит. 6 стр. 43 , раб