
- •Әдебиеттер:
- •Қосымша:
- •2. Жұмыс хаттамаларын рәсімдеу және жүргізілген жұмыстарды орындау және талқылау.
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •Әдебиеттер:
- •Қосымша:
- •Тесттер:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Қалыпты физиология кафедрасында жасалған оқу фильмдерін көрсету.
- •5. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •Әдебиеттер:
- •Қосымша:
- •Тесттер
- •1. Жүйке талшығы бойымен қозуды өткізу заңына жатпайды:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •Әдебиеттер:
- •Қосымша:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •Әдебиеттер:
- •Негізгі бақылау сұрақтары:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •Тесттер
- •Тақырып №8: Заттар және энергия алмасуы. Тамақтану. Қоректік заттардың физиологиялық нормалары.
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •Тақырып №9: Жылу реттелуі. Тер шығару.
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •Тесттер
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- •3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
- •4. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР |
Тақырып №1: Қозғыш тіндердің физиологиясы. Қозғыштық көрсеткіштері. Биоэлектрлік құбылыстар.
Мақсаты:
Қозғыш тіндердің физиологиясы, қозғыштық көрсеткіштері. биоэлектрлік құбылыстар жайында білімдерін қалыптастыру.
Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру – лабораториялық жануарлармен және физиологиялық құралдармен, химиялық препараттармен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Оқыту міндеттері:
Студенттерді қозғыш тіндердер физиологиясының негізімен, қозғыштық көрсеткіштері, ондағы биоэлектрлік құбылыстармен таныстыру.
Биопотенциалдарды зерттеу әдістерінің негізгі мәнін ашу.
Электростимулятор, кимограф, миографты пайдалану кезінде техникалық жұмыстарды көрсету.
4. Студеттерді жүйке-бұлшықет препаратын дайындау тәсілін үйрету.
5. Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтауды студенттерге үйрету
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар.
1. Қозғыш ұлпалар, қозу, қозғыштық түсініктерінің анықтамасы.
2. Қозғыштықтың өлшемдерін атап шығу.
3. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектірлік құбылыстар.
4. Мембраналық және әрекет потенциалына түсініктеме беру.
5. Қозу кезіндегі қозғыштықтың өзгеруі.
Оқыту және сабақ беру әдісі:
1. Мүмкін нұсқаулар: топтық пікір талас, тест, аралас сұрау, ауызша және жазбаша сұрау.
2. Жұмыс хаттамаларын рәсімдеу және жүргізілген жұмыстарды орындау және талқылау.
- Галванидің І, (әдиб. 2; 33,34 бет; № 4.1, 4.2 жұмыс; әдиб. 3; 5 бет; № 4,5 жұмыс)
- Жүйке-ет препаратын дайындау, тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау (әдиб. 2; 31 бет; №3 жұмыс; әдиб. 3; 3 бет; № 3 жұмыс)
3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынадай заттар қолданылады:
Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау, «Жалпы физиология», бақа, штатив, электростимулятор, «балкончик», «Қозғыш ұлпалар физиологиясы» арналған стендтер, физиологиялық атлас.
4. Қалыпты физиология кафедрасында жасалған оқу фильмдерін көрсету.
- «Тірі реоскоп» дайынлау.
- Жүйке-ет препаратын дайындау.
- Гальванидің 1 тәжірибесі
- Маттеучи тәжірибесі
- Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау
5. Анимациялық роликтер мен видеофильмдер көрсету:
- мембраналық потенциал
- әрекет потенциалы
6. «Қозғыш тіндер физиологиясы. Қозғыштық көрсеткіштері. Тірі тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар» атты тақырыптағы топтық ойын-викторина инновациялық әдістің жүргізілуі. Өткізілу сценарий мен аннотациясы бар.
Сабақ хронометражы
Сағат |
150 мин |
1. Ұйымдастыру бөлімі |
5 мин |
2. Студенттің бастапқы білімін бағалау(топтық пікір талас,ауызша және жазбаша сұрау және т.б.). |
45 мин |
3. Студенттердің өзіндік жұмысы ( видеоматериалдарды көру және тәжірибелік сабақтарды орындау) |
70 мин |
4. Тәжірибелік сабақтар нәтижесін талқылау |
10 мин |
5. Студенттер білімін қорыдындылау (тест, ауызша немесе жазбаша сұрау) |
15 мин |
6. Студенттер білімін бағалау арқылы сабақ қорытындылау |
5 мин |
Әдебиеттер:
Негізгі:
1) Адам физиологиясы // Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. – Алматы, 2005 ж. 54-93 бет.
2) Қозғыш ұлпалар физиологиясы //Қанқожа М.Қ. – Алматы, 2004 ж. Бет 78.
3) Қалыпты физиология: лабораториялық жұмыстары (студенттер үшін)//Сатпаева Х.Қ., Нельдибаева Ж.Б. Шымкент, 1993. Бет 254.
4) Қалыпты физиология (студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар)//Алматы, 2007 ж.
Қосымша:
1) Физиология человека под. ред. Покровского В.М., Коротько Г.Ф.- М.-2003, стр.39-57
2)Физиология человека под. ред. Агаджаняна Н.А., Циркина В.И. – М.-2001, стр. 5-17
3)Основы физиологии человека под. ред. Ткаченко Б.И. (2 тома)- СПб-1994г, стр.6-53
4)Физиология человека под. ред. Т.И. Косицкого-М.- 1985г, стр. 19-44.
5)Практикум по нормальной физиологии под. ред. Н.А. Агаджаняна, 1983г. стр. 150 раб.№1, стр. 149 раб. №2, стр. 156 раб. №7
6) Нормальная физиология. Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д.-М.-2005
7) Шмидт Р.Ф. Физиология человека. М.,Мир,1985, т. 1-4
8). Методические указания для студентов по «Физиологии возбудимых тканей», КазНМУ, 2002 г.-56 с.
9) Общая физиология (методическая указания для студентов) //под ред. Соколова А.Д. Алматы, 2006 г. 101 стр.
Студент білімін бағалау
БСЗБ және МБРҒН орталығының берген талаптарына сай «ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін бағалау ережелеріне сәйкес», практикалық сабақ бағаланады:
1. Құзіреттілік «Білімі» - ауызша және жазбаша сұрау, тест (сұрақтар мен тест тізімі төменде көрсетілген)
2. Құзіреттілік «Құқықтық құзіреттілік» - Дағдыны меңгергенін тексеру «лабораториялық жануарлармен және физиологиялық құралдармен, химиялық препараттармен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау»
Бақылау (сұрақтар, тестер, тапсырмалар және т.б.):
Тестер
1. Тіннің кез-келген тітіркендіргіш әсеріне метаболизм өзгерісімен жауап беруін, ... деп аталады:
1) Өткізгіштік 2) Лабильдік 3) Қозғыштық 4) Тітіркендіргіштік 5) Жергілікті жауап
2. Жасушаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы жауап реакциясы, уақытша мембрана деполяризациясымен және метаболизм озгерісімен сипатталуын, ... деп атайды:
1) Тітіркендіргіштік 2) Қозғыштық 3) Лабильдік 4) Өткізгіштік 5) Жергілікті жауап
3. Жауап реакциясы тудыратын тітіркендіргіштің минимальды күшін, ... деп атайды:
1) Табалдырық 2) Табалдырықтан шектен тыс жоғары 3) Субмаксимальды 4) Табалдырықтан төмен 5) Табалдырықтан жоғары
4. Дара бұлшықет талшығының жиырылу амплитудасы табалдырықтан жоғары тітіркендіргіш күшімен әсер еткенде:
1) Төмендейді 2) Алғашқыда жоғарлайды, кейін төмендщейді. 3) Жоғары дәрежесіне жеткенше жоғарлайды. 4) Өзгеріссіз қалады. 5) Жоғарлайды.
5. Ұзақ әсер еткенде қозу тудыратын тұрақты тоқтың максимальды күші:
1) Хронаксия 2) пайдалы уақыт 3) Реобаза 4) Электротон 5) лабильдік
6. Тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты, ... деп аталады:
1) Реобаза 2) Реакция уақыты 3) Хронаксия 4) Пайдалы уақыт 5) Лабильдік
7. Барлық тірі жасушалардың белгілі бір сыртқы және ішкі орта факторларының әсерінен физиологиялық тыныштық күйінен белсенділік күйіне өте алу қабілеті
Тітіркендіргіштік
Өткізгіштік
Жиырылғыштық
Қозғыштық
Лабильділік
8. Тірі құрылымдардың физиологиялық тыныштық күйінен белсенділік күйге көшіретін ағзаның сыртқы және орта факторларын, деп атайды?
Қоздырғыштар
Тітіркендіргіштер
Зақымдайтындар
Активаторлар
Зақымдайтын қоздырғыштар
9. Тітіркендіргішке жауап ретінде қозу жағдайына көше алатын тіндерді, деп атайды:
Тітіркенетін
Қозатын
Өткізетін
Жиырылатын
Тітіркенетін
Және жырылатын
10. Қозғыш тіндерге жатады
Эпителиальды, бұлшықет
Жүйке, бұлшықет
Жүйке, бұлшықет, безді
Қаңқа, дәнекер
Эпителиальды, сүйек, дәнекер
11. Эволюция процессінде берілген жасушаның мамандауына алып келетін тітіркендіргіш:
Адекватты емес
Табалдырық
Субтабалдырықтың
Aдекватты
Табалдырықтан жоғары
13. Қозғыш тіннің күші бойынша біртіндеп өсіп жатқан тітіркендіргішке бейімделуі:
Лабильділік
Функциональді мобильдік
Сенсибилизация
Стабилизация
Аккомадация
14. Гальванидің бірінші тәжірибесі негізделген:
Жүйкеге биметалл пинцетін тигізу
Бұлшықеттің зақымдалған және зақымданбаған бөліктерін жүйке – ет препаратының жүйкесімен түйістіруге
Бір жүйке – ет препаратының жүйкесін келесі бір жиырылып тұрған жүйке – ет препаратына қоюға
Жүйке – ет препаратының жүйкесін қоздыруға
Жүйке – ет препаратының бұлшықетін қоздыруға
15. Гальванидің екіншісі тәжірибесі негізделген:
Жүйкеге биметалл пинцетін тигізу
Бұлшық еттің зақымдалған және зақымданбаған бөліктерін жүйке – ет препаратының жүйкесімен түйістіруге
Бір жүйке – ет препаратының жүйкесін келесі бір жиырылып тұрған жүйке – ет препаратына қоюға
Жүйке – ет препаратының жүйкесін қоздыруға
Жүйке – ет препаратының бұлшықетін қоздыруға
Тақырып № 2: Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері. Еттің жиырылу түрлері.
Мақсаты:
Бұлшықеттің негізгі физиологиялық қасиеттерімен танысу
ЕДЖ, тетанус, оптимум және пессимумды тіркеу әдісінің негізгі мінін ашу.
Динамометрмен бұлшықеттің күшін анықтауды үйрену.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар.
1. Еттің физиологиялық қасиеті.
2. ЕДЖ, кезеңдері.
3. Еттің жиырылу түрлері.
4. Жинақталу (толық, шала).
5. Тетанус. Тісті және тегіс тетанусты тәжірибе жүзінде алу..
6. Еттің жиырылуының оптимумы мен пессимумы.
Оқыту және сабақ беру әдісі: Жұмыс хаттамаларын рәсімдеу және жүргізілген жұмыстарды орындау және талқылау.
Жұмыстар:
1. ЕДЖ жазу (әдиб. 3; 8 бет; № 9 жұмыс)
2. Тегіс және тісті тетанусты жазу (әдиб. 2; 42 бет; № 2 жұмыс)
3. ЕДЖ, жинақталу және тетанус схемасын салу.
Оқыту әдісі:аралас әдіс:
1. Мүмкін нұсқаулар: топтық пікірталас, тест, аралас сұрау, ауызша және жазбаша сұрау.