
- •Аcтана – 2013
- •2. Пәннің бастапқы реквизиттері:
- •3. Пәннің жалғастырушы реквизиттері:
- •4. Пәннің сипаттамасы
- •5. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •6. Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •7. Соөж тапсырмаларын орындау мен өткізу кестесі
- •8. Емтихан сұрақтарының үлгісі
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.2 Қосымша әдебиеттер
- •10 Глоссарий
- •11.Студенттердің үлгерімін бағалау жүйесі
- •Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» Жоғары мектебі
«Қаржы және есеп» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» Жоғары мектебінің директоры
__________________Д. Кром
«_____»_________________2013 ж
«ХҚЕС сәйкес Қаржылық есеп»
ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Пәні: |
«ХҚЕС сәйкес Қаржылық есеп» |
Пәннің коды: |
FuMSFO 3213 |
Мамандығы: |
5В050900 «Қаржы» |
Оқыту формасы: |
күндізгі |
Барлығы: |
3 кредит |
Курс: |
3 |
Cеместр: |
5 |
Дәріс: |
30 сағат |
Тәжірибе, семинарлық сабақтар: |
15 сағат |
Аралық бақылау саны: |
2 |
СОӨЖ: |
23 сағат |
СӨЖ: |
67 сағат |
Еңбек сыйымдылығы: |
135 сағат |
Емтихан: |
5 семестр |
Аcтана – 2013
1.Оқытушы туралы мәлімет: аға оқытушы – Маханова Несибели Рахманкуловна
Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және салық саясатын жетілдіру жолдары.
Келесі негізгі пәндер бойынша дәріс оқылады: Бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп 1, Қаржылық есеп 2, Салық есебі, Қаржылық есептілік, Кәсіпкерлік қызмет негізі және Туризмдегі бухгалтерлік есеп және т.б.
Тілді меңгеру: қазақша - еркін, орысша - еркін, ағылшынша – сөздікпен.
Кафедра мәліметтері: «Қаржы және есеп» кафедрасы, Т: 70 – 30 -45, 418а-каб.
2. Пәннің бастапқы реквизиттері:
Экономика, Микроэкономика, Статистика, Қаржы, Эконометрика, Бухгалтерлік есеп
3. Пәннің жалғастырушы реквизиттері:
Басқару есебі, Басқарудағы талдау, Салық есебі және есептілік, Қаржылық бақылау және аудит.
4. Пәннің сипаттамасы
“ХҚЕС сәйкес Қаржылық есеп” пәні профильдік пәндердің міндетті қатарына жатқызылады және қаржылық есептің теориясы мен практикасының негізгі бөлімі мен тақырыптарын терең, ғылыми оқып білуді көздейді.
ХҚЕС сәйкес Қаржылық есептің міңдеттері мен мақсаты сыртқы пайдаланушыларға олардың потенциалды инвесторларының, акционерлерінің, кредиторларының қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында дұрыс та оптималды шешімдерді қабылдаулары үшін, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салық қызметтерінің және басқа сыртқы пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін анық, сенімді ақпараттарды ұсыну болып табылады.
Пәннің мақсаты:
“ХҚЕС сәйкес Қаржылық есеп” пәнін оқудың мақсаты мен міндеті, кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын жене басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті құрастырып, ұсына алатын бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Пәнді оқып үйрену мақсаты, студенттерді кәсіпорындарда қаржылық есепті жүргізу тәртібіне, оны халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сай ұйымдастыра білуге үйрету.
Курстың тапсырмалары:
нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептің рөлін түсіні, ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудың заңдылығы мен орындылығын бақылаудағы оның орнын білу;
кәсіпорынның есеп процессін ұйымдастыру тәртібін меңгеру;
кәсіпорынның есеп экономикалық қызметімен байланысты сұрақтарын өз бетінше шешуге дағдылану.
Квалификациялық мінездеме мен силлабустың талаптарына сәйкесті студент келесілерді білуі қажет: қысқа мерзімді активтер есебін: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштарды, қорлар есебін (ХҚЕС 2), негізгі кұралдардың есебін (ХҚЕС 16), материалдық емес активтердің есебін (ХҚЕС 38), активтердің кұнсыздануын (ХҚЕС 36), ұйымның міндеттемелерінің есебі, кірістер мен шығыстар есебін (ХҚЕС 18), капитал және резервтер есебін, қаржылық есептілікті ұсынуды (ХҚЕС 1), шоғырландырылған және бөлек каржылық есептілікті (ХҚЕС 27), валюталық бағамдар өзгерісінің әсерін, шетелдік қызметті (ХҚЕС 21), табысқа салынатын салықты (ХҚЕС 12).