
- •Вакциналардың негiзгi түрлерi Вакцина түрiндегi өлi микроорганизмдер
- •Тiрi аттенуацияланған вакциналар
- •Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар
- •Негiзгi иммунизациялаушы компонент ретiнде құрамында бактериялар мен вирустардың фрагменттерi (негiзiнен олардың қабықтары) бар вакциналар
- •Жасанды вакциналар
- •Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты вакциналар)
- •Генетикалық вакциналар (днқ-вакциналар)
- •Тағамдық вакциналар
- •Антиидиотиптiк вакциналар
- •Табиғатта аналогы жоқ жасанды иммунизациялаушы молекулалар
- •Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар
- •Классикалық және замануи вакцинды адъюванттар
- •Адъюванттардың негізгі топтары
- •Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар
- •Бактериалды табиғаттағы адъюванттар
- •Жаңа ұрпақтағы адъюванттар
- •Иммунды ынталандырушы кешендер
- •Адъюванттар ретіндегі цитокиндер
- •Адъюванттардың басқа топтары
Классикалық және замануи вакцинды адъюванттар
Құрамына тірі немесе өлтірілген микроорганизмдер кіретін вакциналар тиімді, бірақ көпшілігінің реактогендігі жоғары. Қауіпсіз және реактогендігі төмен суббірлікті вакциналарды дайындаған кезде, реактогендікпен қатар вакцинаның тиімділігі де төмендейтіні анықталды. Замануи суббірлікті, рекомбинантты және генетикалық вакциналардың иммуногендігі жоғары емес. Оны жоғарлату үшін вакцинаның құрамына иммунды жүйесінің белсенділігін жоғарлататын заттарды – адъюванттарды қосады.
Вакцинды адъюванттарға деген қызығушылық күннен күнге артуда. Себебі олардың көмегімен профилактикалық вакциналардың, сондай-ақ жұқпалы, онкологиялық, аутоиммунды және аллергиялық аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданатын вакциналардың тиімділігін жоғарлату үшін керек. Адекватты адъюванттардың жоқтығынан, жаңа вакциналарды (мысалы, иммунды тапшылығы бар науқастарға, созылмалы аурулары бар жас балаларға арналған вакциналар) құрастыру кезінде қиыншылықтар туындауда.
Адъюванттады енгізудің негізгі мақсаты – антигенге қарсы адаптивті иммунды жауапты қажетті деңгейге дейін күшейту, жылдамдату және ұзарту. Сонымен қатар, антигендердің иммуногендігін жоғарлату (мысалы, әлсіз ісікерекшелі антигендерге қарсы иммунды жауапты ынталандыру), иммунды жауаптың сипатын реттеу, сәтті вакцинацияға қажетті деңгейге дейін антиген санын төмендету, ревакцинация жиілігін төмендету және иммунды тапшылығы бар адамдарда иммунды жауапты күшейту адъюванттардың қосымша құндылығы болып табылады. Адъюванттар қажетті типтегі адаптивті иммунды жауапты сұраптау үшін, мысалы, иммуноглобулиндердің қажетті класының синтезін шақыру және/немесе Т-жасушалық иммунитет серпілістерін ынталандыру үшін қолдануы мүмкін. Кейбір адъюванттар шырышты қабаттарда антидене синтезін шақыру үшін де қолдануы мүмкін.
Вакциналардың құрамындағы адъюванттар бірқатар қызметтерді атқарады. Біріншіден, антигендерді енгізген жерлерде олардың депосын қалыптастырады, нәтижесінде иммунды жүйесінің ұзақ ынталануына себепші болатын антигендердің баяу, әрі ұзақ уақыт бөлінуі қамтамасыз етіледі. Депозитарлы адъюванттар (су-майлы эмульсиялар, минералды тұздар және т.б.) фагоцитоз жолы арқылы антигендерді деградациядан және жылдам элиминациясынан қорғайды. Әдетте, мұндай адъюванттарды қолданғанда, инъекция енгізілген жерде қабыну ошақтары қалыптасады, туабіткен иммунитеттің белсенуін шақыратын қабыну алды цитокиндердің түзілуі ынталанады. Осының бәрі адаптивті иммунды жауаптың алғашқы кезеңдері үшін өте маңызды.
Екіншіден, адъюванттар иммунды хабарлы жасушаларға антигендерді физикалық таныстырады, яғни тасымалдаушы қызметін атқарады. Бұл қызмет вакцина құрамындағы антигеннің физикалық жағдайына және антиген саны мен адъювант ара-қатысына байланысты. Ара-қатынасты есептеу үшін вакцина құрамындағы антиген мен адъюванттың үйлесімділігі, олардың бір-бірімен адекватты және тұрақты бірлесуі деген сияқты аспектлерді ескерілуі керек.
Үшіншіден, адъювант әсерінің ерекшелігі – белгілі бір түрдегі жасушалар (МФ, ДЖ, Лангерганс жасушалары және т.б.) бағытында әсер етуі маңызды.
Адъюванттардың төртінші маңызды қызметі – адаптивті иммунды жауапты ынталандыру және реттеу, мысалы, антигендерді жасушаішілік тасымалдау мен оларды І және ІІ класс МНС молекулаларымен кешен түрінде таныстыру арқылы цитокиндер профилі боынша әртүрлі Тх1 және/немесе Тх2-жасушаларының пролиферациясы мен дифференцировкасын шақырады.
Қорыта келе, адъюванттың әсері көптеген факторлардың бірігіп әсер етуінің нәтижесі, сондықтан оның бір антиген көмегімен ынталандырушы әсері басқа антигенмен де сондай әсер көрсетуі шарт емес. Антигендер бір-бірінен физикалық, биологиялық және иммуногендің қасиеттері бойынша ажыратылады, сондықтан қажетті иммунды жауаптың түріне байланысты адъюванттар таңдалады. Адъюванттар композициясы мен олардың антигендермен қосылысы жанама әсерлері төмен және оптималды иммунды жауапты шақыратындай болуы керек.
Химиялық табиғаты бойынша адъюванттар гетерогенді қосылыстар тобын құрайды. Олардың ортақ қасиеті – иммунды жауапты жоғарлату мен реттеу.
Вакцина құрамында бірнеші адъванттар болуы мүмкін, соның ішінде адъювантты иммунды ынталандырушы кешендер. Сонымен қатар, вакцина құрамына бірнеше антигендер де кіруі мүмкін. Әрбір адъювант вакцина құрамындағы белгілі бір антигенді немесе барлық антигендерге қатысты адъювантты болуы мүмкін. Олардың иммунды жүйеге әсері әртүрлі, организм үшін басты жанама әсері – оларды енгізген жағдайда дамитын гиперреактивтілік пен улылығы. Адъюванттарды таңдағанда, олардың адъюванттылығы мен жанама серпілістер шақыру мүмкіндігі арасындағы компромистік шешім. Бұрын құрастырылған көптеген адъюванттарды адамдар вакциналарында ешқашан қолданбады, себебі олардың улылығы өте жоғары және асқынулар шақырады. Бүгінде, вакциналарды құрастыру барысында қауіп пен пайда арасындағы ара-қатынасты бағалағанда, вакцинаның қауіпсіздігі басты орын алады. Бірақ, қауіп-қатер тобында, мысалы қатерлі ісік аурулары, ЖИТС кезінде улылығы жоғары вакциналарды қолдануға рұқсат берілген. Клиникаға дейінге сынамаларда жанама әсерлердің , адъюванттың қауіпсіздігіне кепілдеме бермейді. Иммунизация кезіндегі кенет серпілістер антигенді енгізу жолы, мөлшері және табиғаты деген сияөты факторларға байланысты. Сондықтан вакциналарға қорытында баға беру, барлық талаптарға сәйкес келетін клиникалық базаларда ғана жүргізілуі керек.