
- •Вакциналардың негiзгi түрлерi Вакцина түрiндегi өлi микроорганизмдер
- •Тiрi аттенуацияланған вакциналар
- •Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар
- •Негiзгi иммунизациялаушы компонент ретiнде құрамында бактериялар мен вирустардың фрагменттерi (негiзiнен олардың қабықтары) бар вакциналар
- •Жасанды вакциналар
- •Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты вакциналар)
- •Генетикалық вакциналар (днқ-вакциналар)
- •Тағамдық вакциналар
- •Антиидиотиптiк вакциналар
- •Табиғатта аналогы жоқ жасанды иммунизациялаушы молекулалар
- •Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар
- •Классикалық және замануи вакцинды адъюванттар
- •Адъюванттардың негізгі топтары
- •Алюминий туындылары негізіндегі адъюванттар
- •Бактериалды табиғаттағы адъюванттар
- •Жаңа ұрпақтағы адъюванттар
- •Иммунды ынталандырушы кешендер
- •Адъюванттар ретіндегі цитокиндер
- •Адъюванттардың басқа топтары
Жасанды вакциналар
Синтетикалық пептидтердi вакцинация үшiн қолдану
Вакциналардың бұл түрін алу үшін көбiне иммунологиялық жағынан микробтық және вирустық антигендердің эпитоптарына сәйкес келетiн пептидтiк фрагменттердi синтездеу арқылы жасанды вакциналарды алуға болады. Мұндай синтез техникалық жағынан күрделi емес, әрi арзан. Иммуногендiктi жоғарылату үшiн пептидтердi Т-тәуелдi антигендердiң тасымалдаушысымен конъюгациялайды және адъювант қосады. Ол үшiн кейбiр жағдайларда пептидтi фрагменттердi мурамилдипептидпен байланыстырады.
Синтетикалық пептидтерде аминқышқылдары қажеттi тәртiпте орналасса да, оның спонтанды үшiншi құрылымы антигеннiң алғашқы конформациясын қайталай алмайды, сондықтан вакцинацияның тиімділігін төмендейтiнiн ескеру керек.
Қазiргi көзқарастар бойынша көптеген нәруызды детерминанттар үзiлiп орналасқан, яғни нәруыздың алғашқы қатарында амин қышқылдарының қалдықтары бiр-бiрiнен алшақ орналасқан, бiрақ полипептидтiк тiзбектiң иiлуi нәтижесiнде олар бiрiгедi. Мұндай жағдайда алғашқы құрылымның фрагментi болып табылатын пептидтер детерминантаның бiр бөлiгiн имитациялай алады. Мұндай детерминанттарды жасанды жасау мәселесінiң шешiмi рентгендi құрылымдық талдау мен бағытталған мутагенез әдiстерi көмегiмен үзiлген детерминанттарды анықтауға және олардың құрылымен зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары бұл мәселенi антиген молекулаларының құрылымын компьютерлiк талдау арқылы шешуде. Осы саладағы ең алғашқы зерттеу жұмыстарын профессор Лернердiң басқаруымен америка ғалымдары 80-шi жылдардың басында тұмау, аусыл және В гепатитiне қарсы жасанды вакциналарды дайындаған кездерi жүргiзген.
Вакциналарды молекулалы клондау әдiсiмен алу (рекомбинантты вакциналар)
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы антигеннің бүкiл нәруызды молекуласын немесе оның фрагментiн қадағалайтын гендердi алуға, оларды керектi векторға енгiзуге және сәйкес жасушаларда экспрессиялауға мүмкiндiк бередi.
Соңғы кездерi иммуногендiгi жоғары және патогендiгi жоқ бiрқатар тiрi вакциналар алынды, оларда бактериялар мен вирустардың рекомбинантты түрлерi қолданады. Бұл вакциналардың иммуногендігі жоғары, ал патогендігі мүлдем жоқ. Сондай-ақ олардың реактогендігі төмен және қорғаныс әсері жоғары.
Осындай түрдегi вакциналарды вектордың көмегiмен бiр микробтың немесе вирустың генiн вируленттiгi аз екiншi бiр микробқа немесе вирусқа (мысалы, сальмонелланың патогендігі төмен штаммына немесе осповакцинаның вирусына) енгiзу жолы арқылы алады.
Осповакцинасының вирусы және басқа құрамында ДНҚ бар iрi вирустар антигенді нәруызды қадағалайтын бөгде гендердi клондау кезiнде вектор қызметiн атқара алады. Бұл кезде рекомбинантты вирус жануарлар мен дақылдандырушы жасушалар үшiн жұқпалылығын сақтайды, ал вирус ДНҚ енгізілген гендер қадағалайтын антигенді нәруыздар жұқтырылған жасушаларда өндіріле бастайды және олардың плазмалық мембранасына орналасады (47-ші сурет).
Осповакцинасы вирусы негiзiндегi векторлар көптеген гендердi клондау үшiн қолданады, соның ішінде тұмау вирусының гемагглютинин гендерiн, везикулярлы стоматиттiң вирусының гликопротеидiн, адам иммундық тапшылық вирусының gp120 нәруызын, қарапайым герпес вирусының D гликопротеидiн және т.б. клондау үшiн қолданады.
47-ші сурет. Рекомбинантты вакцинаны дайындау принципі
Осындай технология көмегімен 1990 жылдардың басында В гепатитiнiң вирусына қарсы рекомбинантты вакцина дайындалды, ол жануарларға қойылған эксперименттерде жоғары тиімділікті көрсеттi. Осповакцинасының рекомбинантты вирусымен зақымдалған жасушалар сыртқы ортаға жаңа вирустарды түзеді және бөледі. Олардың құрамында В гепатитi вирусының беткей антигенi бар және олар вакцина ретінде қолданады.
Мұндай түрдегi рекомбинантты вакциналарды қолдану сирек жағдайларда күрделі асқынуды шақыру мүмкін және асқыну шешек вакцинациясына тән екендігін атап өткен жөн. Соңғы кезде рекомбинантты вакциналарды қолданғанда рекомбинантты вирустардан тимидинкиназа генiн алып астау жолы арқылы асқыну қауіпін төмендетуге болатыны көрсетiлдi.
Бүгінгі күнде рекомбинантты ашытқы жасушаларында енгізілген гендер бар вакциналар кеңінен қолдануда. Енгізілген гендер қоздырғыштың антигенді пептидін қадағалайды.
Вакцинация мақсатында В гепатитiне қарсы рекомбинантты вакцинасы кеңінен қолданылып жүр. Бұл вакцинаның түрiн ашытқы жасушаға В гепатитi вирусының беткей антигендерiнiң генiн енгiзу жолы арқылы алады. Тез көбейетiн ашытқы жасушаларында осы геннің экспрессиясы кезінде in vitro В гепатитi вирусының қабығының иммуногендi нәруызы өндіріледі, оны микробиологиялық реактордың дақылдық ортасынан бөлiп алады, арнайы әдiстердiң көмегiмен тазалайды, сәйкес адъюванттармен конъюгациялайды, сосын вакцинация үшiн қолданады.
Гендердi клондау әдiсi өте тиiмдi, әрi оның потенциалы да өте үлкен. Осы аймақта жұмыс атқарып жатқан көптеген мамандар, - болашақта бiрiншi орынды рекомбинантты вакциналар алады, - деп санайды.