
- •8 Тарау. Трансплантациялық иммунитеттің негiздерi
- •Сұрақтың тарихы. Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының эксперименталды дәлелдерi
- •Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдерi туралы қазiргi көзқарастар
- •Трансплантациялық антигендер
- •Тұрақтамау серпiлiсiнiң арнайылығы мен есте сақталуы
- •Тұрақталған трансплантаттын %
- •Қайта трансплантациялау
- •Адаптивті иммунитеттiң тұрақтамаудағы қызметi
- •Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi
- •Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу
- •Дәстүрлі жалпы иммунды супрессиялаушы терапия
- •Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi
- •«Трансплантат иесiне қарсы» реакция
- •Клиникада ағзалар мен тiндердi трансплантациялау
- •Сүйек кемігiнiң трансплантациясы
- •Ағзаның айрықша орындарындағы трансплантациясы
- •Ағзалар трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi
«Трансплантат иесiне қарсы» реакция
Реципиентке аллогендi сүйек кемегiн салған кезде, айрықша жағдай болуы мұмкiн; сәулеленген реципиенттiң организмы трансплантатты iстен шығара алмайды, өйткенi бұл жағдайда донордың иммунды хабарлы Т-жасушалары реципиенттiң аллоантигендерiмен байланысып, «трансплантат иесiне қарсы» реакциясын (ТИҚР) шақырады. Оны “ТИҚР” ауыруы деп атайды. Реципиенттiң жасушалары, донордан трансплантациялаған Т-лимфоциттерiне қарсы тұрақтамау серпілісін шақырмауы, донор мен реципиенттiң генетикалық ерекшелiктерiне және сәулеленген реципиенттiң жасушалары иммунологиялық хабарсыз болғандығына, яғни иммунды супрессия жағдайға байланысты болады. Бұл кезде донордың сүйек кемегiндегi иммунды хабарлы Т-жасушалары реципиенттiң иммунды супрессияланған тiндерiн шабуылдайды. «ТИҚР», негiзi, реципиенттiң DR-антигендерiне қарсы жүредi және оны трансплантаттың жетiлген ТБАС-эффекторлары, Т-өлтiргiштер мен макрофагтар жүргiзедi.
Осы айтылған бойынша, «ТИҚР» алдын алудың шарттары:
донор мен реципиенттi HLA-антигендерi бойынша толық iрiктеу (күштi трансплантациялық антигендермен бiрге, DR-антигендерi бойынша)
трансплантаттан жетiлген Т-лимфоциттердi алыстату
иммунды супрессиялы препараттарды қолдану
Клиникада ағзалар мен тiндердi трансплантациялау
Трансплантация қазіргі кезде әр түрлі дерттердің терминалды сатысындағы емнің нағыз альтернативті әдісі болып табылады. Ағзалық трансплантация – осы жүз жылдықта медицинаның бір ғажайыбы болып отыр. Трансплантация аурудың бүйректік, бауырлық, жүректік және өкпелік жетіспеушіліктердің ауыр формаларында өмірді ұзартатын ең маңызды әдістің сипатына ие.
Әр-түрлi жасушалар трансплантациясының клиникалық нәтижесi соңғы 10-15 жылда адам ағзасы мен тiндерi – жаңа иммунды супрессивтi препараттарды қабылдаудың арқасында және НLА-ДНҚ-іріктеу қолдануға көшуден және иммунологиялық мониторинг жаңа әдістері қолданудан бері жоғарылады. Циклоспорин А, сонымен қатар, HLA-антигендер іріктеуі жақсаруымен және иммунологиялық мониторинг әдiсiн iске асырылуымен байланысты.
Қазiргi уақытта бүйрек пен мүйiздi қабықты қондыру сәттi iске асуда. Ал жүрек, өкпе, бауырдың трансплантациясы сирек (алайда кең уәделi сәттiлiкпен) орындалады. Керiсiнше, сүйек миы мен ұйқы безiнiң трансплантациясының нәтижесi төмен және басқа барлық емдi қолданып болған сирек жағдайда жасалады.
Еуропалық трансплантациялық тiркеудiң мәлiметi бойынша, трансплантация көлемi Еуропа елдерiнде соңғы 10 жылда жыл сайын 15%-ға өсiп отыр. Мысалы, 2009 жылы Европада 28 мыңнан аса трансплантация жасалған, оның ішінде 16,5 мыңнан аса аутологиялық және 11,4 мың – аллогенді. АҚШ әр жылы 20000 дейін трансплантациялау жасалуда.
Осы емдеу әдiсiн қолданатын негiзгi ауруларға лейкоз, лимфома, басқа қатерлi iсiктер жатады. Олар барлық трансплантацияның 96% құрайды. Донор ретiнде 62% – қандас туысқандар, 7% – басқа туысқандары, 1% - егiздер және 30% туысқан емес ерiктiлер мен өлi мүшелер болған. Бағаналы жасуша көзiне аллотрансплантация жағдайында 55% сүйек миы, 45% – перифериялық бағаналы жасушалар жатады. Соңғы жылдары кiндiк қанынан алынған бағаналы жасушаларды қондыру басталды. Қазіргі кезде дүние жүзінде 150 аса кіндік қан банкі бар. 2009 жылы алғаш рет кіндік қанның бағаналы жасушаларының трансплантациясының саны АҚШ-та донорлық сүйек кемігінің трансплантация санынан асты.