Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 тарау. Транспл. иммунитет нег..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.18 Кб
Скачать

Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi

Салынған тiндердегi тұрақтамау серпілісінің сол трансплантатқа немесе иммунды жауап түрiне байланысты, әр-түрлi уақытты ағымы болады. Жеделдеген тұрақтамау серпілісі трансплантациялаудан кейiн 24 сағаттың арасында өтуi мүмкiн; тездетілген серпіліс трансплантациядан кейін бір күннен кейін дамиды; жедел тұрақтамау серпілісі әдетте трансплантациялаудан кейiн бiрiншi апталар iшiнде өтедi; созылмалы тұрақтамау серпілісі трансплантациялаудан кейiн айлар, жылдар өткенде дамуы мүмкiн. Трансплантат тұрақтамау жеделдігі эффекторлы механизмдер түріне де байланысты болауы мүмкін (10-шы кесте).

10-шы кесте. Тұрақтамау серпілісінің даму жылдамдығы мен оның себептері

Тұрақтамау түрі

Тұрақтамау мерзімі

Тұрақтамау себебі

Жеделдеген

Минуттар-сағаттар

Алғашқы антидонорлық антителер мен комплемент

Тездетілген

Бір тәулік

Сезімталданған Т-лимфоциттердің белсенуі

Жедел

Тәулік-апталар

Т-лимфоциттердің біріншілік белсенуі

Созылмалы

Айлар-жылдар

Белгісіз себептер: антиденелер, иммундық комплекстер, баяу жасушалық серпіліс, негізгі аурудың рецидиві

Жеделдеген тұрақтамау серпілісі. Жалпы, трансплантат сирек кезде бiрден iстен шығады; ал егер салынған тiннің қан тамырлары бiтiспесе, ол жылдам iстен шығуы мүмкiн. Жеделдеген тұрақтамау серпілісі, негiзi, донордың антигендерiне қарсы иесiнiң сарысу антиденелерi арқылы өтедi. Комплементтi активтейтiн, антиген-антидене комплекстерi, салынған тінде қарқынды нейтрофилдер шоғырлануына алып келедi. Капиллярлардағы қанның көлемдi қойыртылуы арқылы, трансплантаттың тамырлары бiтiсуі кедергi етiп, одан арғы қабыну серпілісі дамиды.

МНС-аллоантигендерiне арнайы алдыналалық антиденелердiң болуын бiрнеше механизмдер түсiндiредi. Кейбiр кезде қайталап қан трансфузиясын алған адамдарда, сол қанның лейкоциттерiндегi экспрессияланған МНС-антигендерiне қарсы, антидене дәрежесi айтарлықтай көбейетiндiгi көрсетiлген. Егер сол антигендердiң кейбiреуi трансплантаттың МНС-антигендерiмен сәйкес болса, онда антиденелер салынған тiнмен қатынасып, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісін шақырады. Қайта жүктi әйелдерде отағасының аллоантигендерiне сезiмталдану арқылы, сол антигендерге қарсы антидене түзiледi. Егер сол әйелге аллоантигендердiң қайсы болса да экспрессияланған тiнін ауыстырып салса, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. Ақырында, тiн ауыстырған адамдарда, кейбiр кезде сол тiндегi МНС-аллоантигендерiне қарсы жоғары дәрежеде антиденелерi болады; егер сол адамға қайтадан, осы аллоантигендердiң қайсы болса да экспрессияланған тiн алмастырса, антиденелер тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. Кейбiр кезде, жеделдеу тұрақтамау серпілісінде қатысатын алдын ала түзiлген антиденелерi, трансплантаттың қан тобының антигендерiне арнайлықты болады. Егер трансплантация жасау алдында тіндік және АВО-антигендерi бойынша iрiктеуiн өткiзсе, алдынала антиденелердi анықтап, жеделдеу тұрақтамау серпілісінен сақтануға болады.

Жедел тұрақтамау серпілісі. Салынған тiннiң жасушатәуелдi тұрақтамау серпілісін жедел серпілісі деп атайды; бұл серпіліс трансплантациядан 7-14 шақты күннiң iшiнде өтедi. Гистопатологиялық байқау бойынша, Т-хелперлердiң (Тх1) активтелiнуi және бөлiнуi арқылы өтетiн тiндегi деструкциялану ошағында макрофагтар және лимфоциттердiң көлемдi шоғырлануын көруге болады.

Созылмалы тұрақтамау серпілісі. Созылмалы тұрақтамау серпілісі жедел тұрақтамау серпілісі тартылғаннан кейiн, айлар-жылдар iшiнде өтедi. Созылмалы тұрақтамау серпілісі механизмдерiне гуморалды да, жасушалық та серпілістер кiредi. Созылмалы тұрақтамау серпілісін жиi иммуносупрессивтi препараттармен жеңiп шығуға қиын болады, сол себептен ол серпіліс қайта трансплантациялауды талап етедi.

Тiндiк iрiктеу

Тұрақтамау серпілісі МНС-комплекс пен кiшi гистосәйкестiк комплексiне жататын қан тобының антигендерiне қарсы жүредi. Тұрақтамау серпілісінің өнiмделуiне жауапты МНС-комплекстың және қан тобы антигендерiнiң айырмашылықтары болғандықтан, донор мен реципиенттiң тiндiк гистосәйкестiгiн анықтау үшiн әр-түрлi тiндердi iрiктеу әдiстерi зерттелген. Қазiргi кезде гистосәйкестiк антигендердi серологиялық және молекулалық ДНК-зондылау арқылы полимеразды тiзбектi серпіліс (PCR) көмегiмен анықтауға болады (молекулярлы-генетикалық iрiктеу).

Серологиялық HLA-iрiктеу. Донор мен реципиенттi HLA-антигендерiн серологиялық iрiктеу үшiн микролимфоциттiтоксикалық тест (МЛЦТ) қолданады. Бұл тест бойынша SD-антигендердi (serological defined-серологиялық анықталатын) анықтайды. Оларға HLA-А, В, С, DR локустарының антигендерi жатады.

МЛЦТ өткiзу үшiн:

- донор мен реципиенттiң лимфоциттерiн шеткері қаннан бөлiп алу керек;

- содан кейiн МНС I және II класс антигендер аллельдерiне ерекшелiктi моноклонды антиденелер құйылған микротитрлеу планшеттың ойықтарына лимфоциттердi қосу керек;

- осы планшеттарды инкубациялағаннан кейiн комплемент қосады;

- содан кейiн серпілісті жасушалар жойылуынан, яғни тек ғана өлген жасушаларға әртүрлi бояғыштар (көк трипан немесе эозин) қосылуы арқылы бағалайды.

Егер лимфоциттер бiр моноклонды антиденелерге ерекшелi МНС аллелiн экспрессияласа, комплемент қосқаннан кейiн, ол жасушалар жойылады да, зақымданған жасушалар көк трипанмен боялады. HLA-iрiктеу комплементтәуелдi жасушалық цитотоксикалық әсерi арқылы өтедi және ол әр-түрлi МНС аллельдерiнiң болуын немесе жоқтығын көрсетедi.

Аралас лимфоциттер дақылы (АЛД). DР және DQ локустарының антигендерiн LD-антигендерi (ағылшыннан limphocyte defined-лимфоциттермен анықталатын) деп атайды. LD-антигендерiн АЛД серпіліс арқылы стандарттық лимфоциттер көмегiмен анықтауға болады. АЛД серпілісті бласттық трансформациялану серпіліс арқылы екi адамның (гистосәйкестiк D локус антигендерiмен ажырылатын) лимфоциттерiн өсiрiп анықтауға да болады. Донор мен реципиенттiң аралас лимфоциттер дақылында серпіліс әлсiз болған кезде, трансплантат тұрақтауы өте жақсы болады.

АЛД лимфоциттердің бласттық трансформациялану арқылы қарым-қатынасының негізгі принципі келесі жағдайларға байланысты:

  • НLА-антигендер сәйкесті екі ұқсасты лимфоидты популяциялар in vitro дақылдағанда, бір біріне қарсы бласттық трансформацияға ұшырамайды.

  • НLА-антигендер сәйкессіз екі лимфоидты популяциялар in vitro дақылдағанда, бір біріне қарсы бласттық трансформацияға ұшырайды.

Егер донорлық мұшесі өліктен болса, онда 4-6 күн iшiнде АЛД серпілісін қоятын мұмкiншiлiк болмайды, сондықтан донор мен реципиенттi HLA-антигендерi бойынша iрiктеу үшiн МЛЦТ әдiсi тиiмдi болады.

Кейінгі кезде донор мен реципиенттің гендерін тез және сапалы жаңа, сезімталды ПТР көмегімен анықтайтын іріктеу әдісі ашылған. ПТР сәйкесті гендердің ДНҚ молекулаларын талдауға мүмкіндік береді, сондықтан бұл әдіс молекулярлы-генетикалық іріктеу әдісі деп аталған. ПТР әдісін Кэрри Б. Мюллис ғалымы жасап шығарған; сол үшін Нобель сыйлығына ие болған. ПТР көмегімен іріктеу сезімталдығын арттырып, НLА жаңа аллельдік гендерін ашуға мүмкіндік табылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]