
- •8 Тарау. Трансплантациялық иммунитеттің негiздерi
- •Сұрақтың тарихы. Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының эксперименталды дәлелдерi
- •Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдерi туралы қазiргi көзқарастар
- •Трансплантациялық антигендер
- •Тұрақтамау серпiлiсiнiң арнайылығы мен есте сақталуы
- •Тұрақталған трансплантаттын %
- •Қайта трансплантациялау
- •Адаптивті иммунитеттiң тұрақтамаудағы қызметi
- •Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi
- •Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу
- •Дәстүрлі жалпы иммунды супрессиялаушы терапия
- •Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi
- •«Трансплантат иесiне қарсы» реакция
- •Клиникада ағзалар мен тiндердi трансплантациялау
- •Сүйек кемігiнiң трансплантациясы
- •Ағзаның айрықша орындарындағы трансплантациясы
- •Ағзалар трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi
8 Тарау. Трансплантациялық иммунитеттің негiздерi
Сұрақтың тарихы. Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының тәжірибелік дәлелдерi. Трансплантат тұрақтамауының механизмдерi туралы қазiргi көзқарастар. Трансплантациялық антигендер. Тұрақтамау серпiлiсiнiң арнайылығы мен есте сақталуы. Адаптивті иммунитеттiң тұрақтамаудағы қызметi. Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi. Тiндiк iрiктеу. Серологиялық HLA-iрiктеу және АЛД. Анти-HLA-антиденелердi анықтау. Иммунды супрессиялаушы емдеу. Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу. Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi. Трансплантат иесiне қарсы серпiлiс (ТИҚС). Клиникада ағзалар мен тiндердi трансплантациялау. Сүйек кемігiнiң трансплантациясы. Ағзалар трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi. Ағзаның айрықша орындардағы трансплантациясы.
Сұрақтың тарихы. Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының эксперименталды дәлелдерi
Иммунологияда қолданатын трансплантация термині, бiр организмнен екiншi организмге жасушаларды, тіндердi және ағзаларды алмастыруды білдіреді. Көптеген түрлi трансплантациялардың хирургиялық әдiстерi бiздiң дәуiрде жетiлдiрiлген. Ғалымдар ағзалар мен тiндердi бiр индивидуумнан екiншi индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.
1902 жылы Венециялық хирург Ullman көрсетуi бойынша, бiр жануардан алып сол түрге жататын ғана жануарға бүйрек алмастырып салғанда, бүйректiң қызметi қалпына келген. Ал әр түрге жататын жануарлар арасында бүйректi салған кезде, оның қызметi ұзақ уақытқа жетпей (5-14 күн) тоқтатылып, ағзаның тұрақтамауы белгiленген.
Жануарлар арасындағы тәжірибелiк трансплантациялау 1920-1930 жылдарында жалғастырылған, бiрақ әр-бiр талаптану әрекетi сәтсiз болып өткен. Ауыстырып салған ағзалар мен тiндерде ауқымды лейкоциттер шоғырлануы анықталған.
1940 жылдың басында чех ғалымы П.Медавар, бiрнеше байқауы бойынша, ауыстырып салған тiндердiң тұрақтамауы иммундық жауап себебiнен өтетiндiгiн байқаған.
II дүние жүзілiк соғыс кезiнде, П.Медавар күйген адамның денесiндегi терiсiн бiр жерден екiншi жерге салғанда, терiнiң бiтiскенiн байқаған, ал сол адамға туыстарынан салынған терi тұрақтамау үрдісіне ұшыраған. Реципиенттегi (тiн қабылдаушы пациент) аға-бауырынан салынған терiсi iстен шыққан және сол донордың (тiн берушi пациент) терiсiн екiншi рет салғанда, терi жамауы тез арада және жоғары жылдамдықпен iстен шығуы дәлелденген. Осы бақылаулар П.Медаварды жануарлармен тәжірибелерде және сол тәжірибелер арқылы, келесi дәлелге алып келдi: реципиенттің донор жасушаларына сезiмталдануы, екiншi рет салған тіндердiң айқын жылдам тұрақтамау серпілісін туғызады.
1945 жылы П.Медавар ғылыми баяндамасында трансплантат тұрақтамауы донорлық ағзаларға қарсы иммунологиялық жауап арқылы жүредi және бұл үрдіс организмның генетикалық ерекшелiгiне байланысты деп, жариялады.
Медавардың ұсынысы өзiнiң дұрыстығын дәлелдедi. Трансплантацияның маңызы – ол хирургтың тәжірибелiгi емес, иммунологиялық шабуылға кедергi келтiретiн трансплантациялаудың хирургиялық табыстары екен. Өзгерген өз жасушаларын анықтап жоятын жүйе тiкелей салынған тiндердегi бөгде жасушаларын айырып тану және жою қызметiн де атқарады. Ол жүйенi бiз иммундық жүйе деп бiлемiз.
Трансплантациялық иммунология негiздерi салынған тiндер тұрақтамауының иммунологиялық негiздерiн түсiнуге арналған. Белсендi тәжірибелер арқылы иммундық жүйенiң активтігін басуға арналған жолдар және сол эксперименттер нәтижесiнде салынған тiндердiң табысты бiтiсуiне қолайлы әдiстерi iздестiрiлген. Көп кешiкпей иммунологиялық шабуылды басатын әртүрлi иммунды супрессиялы препараттар дайындалған.
Эксперименталды трансплантацияның іргесін қалаушысы А. Каррель жануарларға бүйрегін салуға бірнеше керемет операциялар өткізген және орнатқан ағзада тамырларын біттестіріп, қан айналымының толық қалыптасатындығын дәлелдеген; ол 1912 жылы Нобель сыйлығына ие болды. Дүние жүзілік трансплантология негіздеріне сонымен қатар эксперименттеуші хирург, ғалым, биолог, физиолог В.П.Демихов үлес қосқан. 1937 жылы ол дүние жүзінде итке жасанды жүрек салды, 1946 жылы жүрек пен өкпені бірге қондырды. Сосын 1947 жылы ол өкпені, ал бір жылдан кейін бауырды бір иттен екінші итке салды. Ксенотрансплантация ең алғашында Миссисипи штатында 1964 жылы Д.Хардимен жасалды, ол шимпанзе жүрегін 68 жастағы пациентке салды.
Медавардың 1945 жылдағы баяндамасынан дәл 10 жылдан кейiн, бiрiншi рет табысты түрiнде адамға бүйрек трансплантациясы жасалған. Muchin 1955 жылы Hamburg клиникасында бүйректi реципиентке анасынан табысты ретiнде салған. Совет Одағында бiрiншi рет табысты бүйрек трансплантациясын 1965 жылы Петровский Б.В. өткiзген. Адамның жүрегін алғашында Австралияда Хрооте-Схюр клиникасында 1967 жылы Кристиан Барнард салды. К.Барнардтың операциясынан соң 5 жылдан кейін ақ салынған мүшелердің тұрақтау мерзімі 50%-дан асты. Ол – тұрақтамаудың иммунологиялық негізіне және донор-реципиент жұбының іріктеу әдістері үзбей жетілдіруіне, тұрақтамаудың алдын алуына арналған 1972 жылы Ж.Ф. Боррель ашқан алғашқы иммунды супрессиялаушы препаратты – циклоспоринді қолдануға байланысты болды.
Қазiргi кезде трансплантация дүние жүзiне кең тараған деуге болады. Бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, сүйек кемегi және көздiң мөлдiр қабығын салуы қазiргi кезде өте зор жылдамдықпен және үлкен табыстармен өтуде.