
- •Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. Лимфоциттер генезi. Иммундық бақылау концепциясы. Адаптивті иммунды жауап.
- •Жасушалық деңгей
- •Лимфоциттер
- •Антигенді таныстырушы жасушалар
- •Құрылымдық жасушалар (микроайналым жасушалары).
- •Молекулалық деңгей Адаптивті иммунды жүйенің молекулалық негізін келесі макромолекулалық топтар құрайды:
- •6. Лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлары:
- •Лимфоциттер генезi. Иммундық бақылау концепциясы. Иммундық жауап
- •Адаптивті иммунды жауап
- •Жасушалық;
- •Гуморалдық;
- •Аралас немесе жасушалық-гуморалдық.
6. Лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлары:
В-лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлар қызметiн олардың плазмалық мембранасына екі арнайы домен арқылы орналасқан иммуноглобулин молекулалары атқарады;
Т-лимфоциттерде – Т-жасушалық рецепторлар - (ТЖР). ТЖР молекулаларының құрылымы иммуноглобулиндер супертектесiне тән. Олар бiр-бiрiмен цистеиндiк көпiрмен коваленттi байланысқан, екi полипептидтiк тiзбектен тұратын гетеродимер. Қалыпты жағдайда, пiсiп-жетiлген Т-жасушаларының бетiнде 30 000-40 000 ТЖР молекулары болады.
7. Тимус гормондары – тимус құрылымының эпителий жасушаларымен түзiлетiн (негiзiнен субкапсулалық және медуллярлық аймақтарда) төменгi молекулалық пептидтер. Бұл гормондар нейропептидтерге ұқсас және басқа гормондармен, әсiресе гипоталамус, гипофиз, бүйрекүстi және жыныс бездерiнiң гормондарымен тығыз функционалдық байланыста болады
Тимус гормондарының ең негiзгi қызметi - Т-жасушаларының тимуста пiсiп-жетiлуi және тимустан эмиграцияланғаннан кейiн Т-лимфоциттердiң функционалдық дамуы, әсiресе, цитокиндер өндiру қабiлетiн жоғарылатуында.
8. Сүйек кемiгiнiң миелопептидтерi – сүйек кемiгiнiң жасушаларымен түзiлетiн, гормон тәрiздес әсерi бар және В-лимфоциттердiң дифференциялануына қатысатын төменгi молекулалық нәруыздар.
Лимфоциттер генезi. Иммундық бақылау концепциясы. Иммундық жауап
Жұқпалы емес иммунологиядағы жетiстiктер ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңында – 50-шы жылдарының басында Ф.Бернетке иммунологиялық бақылау концепциясын ашуға мүмкiндiк бердi.
Иммунологиялық бақылау концепциясының мәнiсi -адаптивті иммундық жүйенің негізгі қызметі ағзаның iшкi гомеостазының генетикалық тұрақтылығын қадағалау болып келеді.
Қанда В-лимфоциттер сүйек кемiгiнен шеткi ағзаларға «барар жолында» анықталады. В-лимфоциттердiң iзашарлары сүйек кемiгiнен шығып, қан арқылы иммунитеттiң шеткерi органдарының В-аймақтарына келедi. Бұл аймақта антигендермен әрекеттесу нәтижесiнде толық пiсiп-жетiліп антиденелерді өндіретін плазмоциттерге айналады. Жетiлген В-лимфоциттер қозғалысы аз жасушалар болғандықтан, олар шеткi қанға аз мөлшерде шығады. Шеткi қанда В-лимфоциттердiң жалпы мөлшерi барлық лимфоциттердiң тек 20-30%-ын құрайды.
Т-лимфоциттердiң iзашарлары сүйек кемiгiнен шығып, қан арқылы алдымен тимуста антигенге тәуелсiз дифференциялануының белгiлi кезеңдерiнен өтедi. Тимустан шыққан Т-лимфоциттер иммунитеттiң шеткi органдарының Т-аймақтарына келiп антигенмен жанасқан жағдайда антигенге тәуелдi дифференцияланудан өтедi. Бiрақ, В-лимфоциттерге қарағанда, жетiлген Т-лимфоциттер өте қозғалмалы жасушалар - олар шеткi қанға, интерстиналдық кеңiстiкке, лимфа түйiндерiне, лимфа ағымына, шеткi қанға шығып, қайта шеткi ағзаларға қайтып келедi де, қайтадан қанға шығады және т.с.с. яғни, Т-лимфоциттер ағзада тәулiгiне 5-20 толық айналым жасайды. Лимфоциттер генезі және де лимфоциттердің миграциясы мен рециркуляция үлгісі 17-ші суретте көрсетілген.
Т-лимфоциттердiң мұндай қайталама жылжуын Т-лимфоциттер рециркуляциясыдеп атайды.
Қалыпты жағдайда, шеткi қандағы Т-лимфоциттердiң мөлшерi барлық шеткi лимфоциттердiң 60-80% құрайды.
Т-лимфоциттер рециркуляцияға шыққан уақытта ағзаның iшкi ортасының генетикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылау жүргiзедi. Егер де (гипотеза ретінде) ағза антигендердiң ағзаға мүлдем түспейтін жағдайда болса да, адаптивті иммунды жүйе қажет. Себебi, ағзада үнемi жасушалардың бөлiнуi жүредi. Жасушалар бөлінісі,көптеген эксперименттермен дәләлденгендей, толық тиiмдi емес.Бөлініс нәтижесінде мутантты жасушалар түзiледi, ал олардың көбiсi жойылмай, ақаулы ұрпақ бередi. Спонтанды мутацияның жиiлiгi 10-6, яғни әрбiр миллион жасушалардың бөлiнуiнде 1 мутанттық жасуша түзiледi. Адамдар мен сүтқоректiлерде тәулiгiне, орта есеппен, бөлiнетiн жасушалардың саны 1012-1013, яғни ағзада тәулiгiне орта шамамен 1-ден 10 млн. дейін мутантты жасушалар түзiледi. Эволюция үрдiсi барысында күрделi көп жасушалық ағзалардын,сонын ішінде сүтқоректiлер мен адамдар ағзаларының, даму шарты ретінде жасушалардың бөлiнуiн қадағалайтын жүйе қажет болған. Осы қызметті Т-лимфоциттер - адаптивті иммунитеттің ең маңызды жасушалары атқарды.
Рециркуляция барысында Т-лимфоциттер өздерінің антигентанушы рецепторлары көмегімен әр түрлі жасушалармен жанасып арасынан тегі бойынша бөгделерді іріктейді де жояды. Бұндай айырып тану ағзаға бөгде жасушалардың (мутантты, ісіктік, вирустармен жұқпаланған және т.б.) антигендік құрамы ерекшеленетін болғандықтан мүмкін болады. Сонымен, Т-лимфоциттер рециркуляция арқылы тек қана өзіндік соматикалық жасушалардың тектік тұрақтылығын ғана емес, толығымен ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын да қадағалайды.
Экзогендiк антигендерге (жұқпалы және жұқпалы емес) қарсы адаптивті жауап осы негiзгi қызметтiң нәтижесi болып табылады.
17-ші сурет. Лимфоциттердің миграциясы мен рециркуляциясы