- •Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. Лимфоциттер генезi. Иммундық бақылау концепциясы. Адаптивті иммунды жауап.
- •Жасушалық деңгей
- •Лимфоциттер
- •Антигенді таныстырушы жасушалар
- •Құрылымдық жасушалар (микроайналым жасушалары).
- •Молекулалық деңгей Адаптивті иммунды жүйенің молекулалық негізін келесі макромолекулалық топтар құрайды:
- •6. Лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлары:
- •Лимфоциттер генезi. Иммундық бақылау концепциясы. Иммундық жауап
- •Адаптивті иммунды жауап
- •Жасушалық;
- •Гуморалдық;
- •Аралас немесе жасушалық-гуморалдық.
Құрылымдық жасушалар (микроайналым жасушалары).
Құрылымдық жасушаларға коллаген және эластин талшықтарын түзетiн фибробласттар, сондай-ақ эпителий тіндерінің құрамындағы қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады. Бұл жасушалар лимфоциттердің алғашқы екі тобы мен АТЖ-нің қалыпты қызметі үшін олардың миграция жолын белгілеп, микроқоршаулық ортасын түзеді.
Иммунологиялық үрдістерде құрылымдық жасушалардың маңыздысы, құрылымдық жасушаларының жасушааралық матрикспен өзара байланысын анықтайтын, сонымен қатар, жасушалар арасындағы жанасу мен белгiлер алмасуын қамтамасыз ететiн мембраналардың адгезия молекулалары болып табылады. Осы молекулалардың капиллярлар мен посткапиллярлық венулалардың эндотелий жасушаларының бетінде болуы өте маңызды, себебі, лейкоциттердің қан ағымынан тіндерге көшуін қамтамасыз етедi.
Молекулалық деңгей Адаптивті иммунды жүйенің молекулалық негізін келесі макромолекулалық топтар құрайды:
В-лимфоциттер түзетін иммуноглобулиндер (Ig)мен олардың түзілуін реттейтін гендер. Иммуноглобулиндер, немесе антиденелер – гуморалдық иммундық жауаптың өнімі, яғни өздерінің пайда болуын шақырған антигендерге арнайы әсер ететін глобулиндер. Бұл күрделі нәруыздық құрылымдар, мономерлер немесе полимерлер. Иммуноглобулиндердің молекуласы екі жұп тізбектерден тұрады: 2 ауыр – Н-тізбек (ағыл. heavy - ауыр) және 2 жеңіл (ағыл. light - жеңіл) L-тізбектен тұрады. Олардың құрылымдық бірлігі – домендер (тізбектерінің салыстырмалы түрде автономдық бөлігі). Иммуноглобулиндердің 5 класы бар: IgM, IgG, IgA, IgE, IgD.
Медиаторлар көмегімен иммундыхабарлы жасушалар иммундық жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және жүзеге асуына қатысады.
Бұл жасушааралық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін медиаторларды цитокиндер деп атайды. Цитокиндер дегеніміз антигендерге арнайлықтары жоқ, гемопоэз, қабыну, иммундық жауап және жүйеаралық үрдістерде жасушааралық коммуникацияларды мүмкін ететін төмен молекулалы нәруыздық өнiмдер. Цитокиндер рецепторлық механизм негiзiнде әсер етедi. Олар артықтықпен (бiр қызметтi әртүрлi цитокиндер атқарады) және компоненттерінің тығыз байланысуымен сипатталатын жүйенi (цитокиндiк торды) құрайды.
Т-лимфоциттер субпопуляциясымен түзiлетiн цитокиндердi лимфокиндер, ал моноцитарлы - макрофагалдық жүйелерiнiң жасушаларымен түзiлетiн цитокиндердi монокиндер деп те атайды.
3.Негiзгi гистосәйкестiк кешендерінің гендерi (Major Histocompatibility Complex – MHC-кешені, немесе адамдағы HLA кешенi - Human Leukocyte Antigens). Бұл гендердің өнімі ағзаның барлық ядросы бар жасушаларының бетiнде орналасқан. Олар антигендердi тануда және адаптивті иммунологиялық серпiлiстердiң қалыптасуында маңызды гистосәйкестiк антигендерi – гликопротеидтердiң түзiлiсiн бақылайды. HLA-комплексiнiң гендерi кейбiр цитокиндер мен комплемент жүйесiнiң және пропердин жүйесiнiң нәруыздарының түзiлiсiн де бақылайды.
МНС нәруыздары – иммуноглобулиндер мен Т-жасушалар рецепторларынан басқа ағзаның барлық нәруыздарының iшiндегi ең алуан түрлi нәруыздар. Антиденелер мен Т-лимфоциттердiң рецепторлары бiр ағза iшiндегi лимфоциттердiң әр клонына сәйкес болса, МНС нәруыздары әр адамға арнайы. МНС нәруыздарының негiзгi үш класы белгiлi. Олардың екеуi – I және II класы - антигендердi тану үрдiсiне қатысады. МНС нәруыздарының I-шi клас молекулары екi полипептидтi тiзбектен – үлкен - (ол мөлшерi бойынша IgG-дiң ауыр тiзбегiне сәйкес келедi) және кiшi - -тiзбегiнен тұрады. МНС нәруыздарының I-шi клас молекулары ағзадағы барлық жасушалардың бетiнде кездеседi, тек эритроциттердiң бетiнде болмайды.
МНС нәруыздарының II-шi клас молекулары да екi полипептидтi тiзбектен ( және ) тұрады, бiрақ екi тiзбектiң мөлшерi бiрдей (иммуноглобулиндердiң жеңiл тiзбектерiне мөлшерлес). Олар бiрнеше жасушалардың бетiнде ғана кездеседi, ең алдымен, В-лимфоциттердiң, моноцит-макрофагтардың, дендриттiк жасушалардың және мамандандырылған эпителий жасушаларының бетiнде болады.
4.Саралау кластерлерi (СD ағыл. сlaster designation) лимфоциттер субпопуляциясының беткейлiк маркерлi нәруыздарының белгiлеу үшiн қолданылады, олар жасушалардың әртүрлi даму кезеңдерiне және функционалдық субпопуляцияларына (CD2, CD3, CD4, CD8, CD5, CD16, CD19, CD72 және т.б.) тән. Берiлген молекулалар бiрқатар жағдайларда антигендердi тану үрдiсiн қамтамасыз ететiн корецепторлар қызметiн(CD3, CD4, CD8); кейбiр цитокиндерге арналған рецепторлар қызметiн (мысалы, ИЛ-2 үшiн рецептор болып табылатын CD25) және басқа да қызметтердi атқарады. Осы маркерлердi стандарттық моноклондық антиденелер көмегiмен анықтайды.
5. Адгезия молекулалары көптеген жасушалардың бетiнде орналасқан. Олардың көмегiмен антигенді таныстырушы жасушалардың, В- және Т-лимфоциттерiнiң арасында жасушааралық әрекеттесу деңгейi жоғарылайды. Адгезия молекулаларының бiрнеше тұқымдастығы бар: интегриндер, селектиндер, муциндер немесе васкулярлық адрессиндер, құрамдарына фибриллярлық нәруыздар және глюкозаминогликандардан кіретін экстрацеллюлярлық матрикс компоненттерi.
